Дүйсембай Серікболсын

Серікболсын Дүйсембай 1993 жылы, 12 мамырда Баянауыл ауданы, Жаяу Мұса ауылында дүниеге келген. Б.Хайдаров атындағы орта мектепте, содаң соң Павлодар қаласының Ы.Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернатында білімін жалғастырды. Оқуды «Алтын белгімен» бітірген. Павлодар қаласындағы облыстық қазақ гимназия-интернатын бітірген.
2010 жылдан Назарбаев Университетінің студенті.
Жас ақынның өлеңдері облыстық «Сарыарқа самалы», «Ертіс дидары» газетінде, «Айдын» журналында, республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған.
Жидебайда өткен республикалық «Абай-Шәкәрім оқуларының» «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша І орын иегері (2007 ж.) Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің поэзия номинациясы бойынша «Үздік әдеби шығарма» жүлдесіне және Ғылым және білім министрлігінің арнайы сыйлығына ие болған (Астана, 2008 ж.)
С. Торайғыров атындағы ПМУ-де өткен жас ақындардың облыстық «Алаш туы астында...» мүшайрасының жеңімпазы. Жас ақындардың облыстық айтыстарының бірнеше мәрте жеңімпазы, жүлдегері.
Әдебиеттер:
Дүйсембай С. Өлеңдер // Ертіс толқыны. - Павлодар, 2011. - 58-63 б.
Дүйсембай С. Туған жер, бесік дүние. - Павлодар: ЭКО, 2010. - 100 б.
Дүйсембай С. Өлеңдер // Тәуелсіздік тұғыры (Жас қаламгерлер жинағы). - Астана, 2012. - 83-86 б. - (Ертіс-Баян кітапханасы)