Дюсенов Бағдат

Бағдат Баянды (Дүйсенов) 1975 жылы, Баянауыл ауданының Мәшһүр Жүсіп ауылында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы факультетін бітірген. 2001-2007 жылдары ҚМҚПИ Екібастұз филиалында директордың орынбасары болды. ҚР ҰҒА Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты түркітану бөлімі аспирантурасында оқыған, оннан аса ғылыми мақаласы халықаралық конференциялар жинақтарында және ғылыми басылымдарда жарық көрген.
2007-2009 жылдары Астана қаласындағы «Жан» республикалық журналының шеф-редакторы қызметтерін атқарды. 2009-2010 жылдары «Қазақ энциклопедиясы» баспасында редактор болды. 2008 жылы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің 150 жылдығына арнап «Ғұлама ғұмыры» кітабын шығарды. 2009 жылы Павлодар облыстық Мәшһүр Жүсіп мешітінің жанындағы «Рухани мұра» серіктестігінің қайырымдылық қаражатымен «Ар мен ай» өлеңдер жинағы жарық көрді. Өлеңдері және ғылыми мақалалары республикалық, облыстық мерзімді баспасөз беттерінде жарық көріп тұрады.
Республикалық, облыстық ақындар айтысының жүлдегері, Павлодар облысы қаламгерлерінің 2008 жылғы І байқауының Қазақстан Жазушылар одағы және облыс Мәдениет департаменті тағайындаған Мәшһүр Жүсіп атындағы сыйлығының иегері.
Әдебиеттер:
Дюсенов Бағдат. Өлеңдер // Ертіс толқыны. - Павлодар: Типография Сытина, 2011. – 64 - 69 б.