Қадырова Жанаргүл

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Екібастұз қалалық «Отарқа» газеті редакторының орынбасары.
2003 жылы Алматы қаласында өткен тұңғыш республикалық ақын қыздар мүшәйрасының жүлдегері. 2007 жылы жас қаламгерлердің республикалық «Баянауыл-2007» форумында Қазақстан Жазушылар Одағының Мәшһүр Жүсіп Көпеев атындағы сыйлығын, 2008 жылы Павлодар қаласында өткен облыс қаламгерлерінің байқауында облыстық мәдениет басқармасы мен Қазақстан Жазушылар Одағы тағайындаған Бұқар жырау атындағы сыйлықты иеленген. 2014ж. Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағының мүшесі болды.
Өлеңдері «Екібастұз өлең өрінде» (Павлодар), «Жырдесте» (Алматы), «Сәкен туған Жаңаарқа» (Алматы) жинақтарына енген. «Жетінші қабат», «Әкенің көзі» атты жыр жинақтарының авторы.
Әдебиеттер:
Қадырова Жанаргүл. Баянда тосам: өлеңдер. - Алматы, 2011. - 136 б.
Қадырова Жанаргүл. Әкенің көзі: өлеңдер және хикаялар. - Павлодар: ЭКО, 2010. - 125 б.
Қадырова Жанаргүл. Жетінші қабат. - Павлодар: ЭКО, 2009. - 85 б.