Қоғабай Жұмағали
1949 жылы 1 қарашада Ақтоғай ауданы Шұға ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Ақкөл орта мектебін бітірді. 1969-1971 жылдары әскер қатарында болды. 1976 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің тіл және әдебиет факультетін бітіргеннен кейін, жаңадан ашылған Екібастұз педагогикалық училищесіне мұғалім, одан кейін облыстық «Қызыл ту» газетінің тілшісі, 1989-1998 жж. қалалық радио хабарларын тарату комитетінде бас редактор болып қызмет істеді.
1989 жылы Екібастұз қаласында қалалық «Қазақ тілі» қоғамын құруға қатысып, 1993 жылдан осы қоғамның төрағасы қызметін атқарды.
2000 жылдан «Богатырь Аксес Көмір» ЖШС-де аудармашы, 2001-2004 жылдары облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің меншікті тілшісі қызметін атқарды. 2014ж. Қазақстан Республикасы Жазушылар Одағының мүшесі болды.
Екібастұз өңірі мен Павлодар облысына танымал ақын, журналист. 1994 жылы «Екібастұздан ескен леп» өлеңдер жинағы, 2001 жылы «Дүмпуі көп дүние» атты орысша-қазақша өлеңдер жинағы, 2004 жылы «Жаңбырлы күн» атты жыр жинақтары, «Ел азаматы» атты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Д.К.Ахметова туралы деректі кітап жазып шығарды.
Әдебиеттер:
Қоғабай Жұмағали. Өлеңдер // Екібастұз өлеңі (өлеңдер жинағы) / ред. Д.Б.Қарашашева. - Алматы, 2005. - 65 - 74 б.