Теміржанов Аллажар
(1902-1962)
Баянауыл ауданы

Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Аудандық газеттің хатшысы, облыстық «Советтік Қарағанды» газеті редакторының орынбасары, республикалық «Социалистік Қазақстан» газетінің Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі, Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық бөлімшесінде әдеби кеңесші болып істеді.
Өлеңді техникумда оқып жүрген кезінен-ақ жаза бастайды. Алғашқы туындылары 1935 жылы жеке кітап болып шыққан. «Дарын» атты поэмасы әнші әрі композитор Доскей Әлімбаевтың өмірі мен шығармашылығына құрылған.
«Семіздікті қой көтереді», «Шөлмек мың күн сынбайды», «Кеме келсе, қайық судан таяды» атты пьесалары Қарағанды облыстық драма театры сахнасында қойылған.
Әдебиеттер:
Теміржанов Аллажар. Ақын мұрасы: өлеңдер мен поэмалар. - Алматы: Жазушы, 1966. - 252 б.
***
Айналып қайта келдім араңызға Т33 / Теміржанов Аллажар - Павлодар: Типография Сытина - 1 т.: Драмалық шығармалар. - 2013.- 288 б.; 2 т. : Өлеңдері менд астандары, шығармалары - 2013. - 182 б.