Шәкібаев Серік
(1926-1999)
Павлодар қаласы

1926 жылы 27 қыркүйекте Павлодар қаласында туған. Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін «Шілікті» совхозына жұмысқа кіріп, комсомол комитетінің хатшысы болып сайланады. Ұлы Отан соғысының алғашқы жылдарынан бастап, отыз екі жыл бойы мемлекеттік қауіпсіздік органдарында қызмет істеген. Абай атындағы Қазақ педагогика институтының тіл, әдебиет факультетінде сырттай оқыған. Көп жылдар (1960-1975) Қостанай қалалық партия комитетінің мүшесі, халық депутаттары қалалық кеңесінің депутаты болып сайланды. 1983 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағының Қостанай облысындағы әдеби кеңесшісі болды.
Көптеген медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталған.
Әдебиеттер:
Шәкібаев Серік. Үлкен Түркістанның күйреуі. - Алматы: Жазушы, 1968. - 263 б.