Лунин Константин Васильевич
Павлодар қаласы

Константин Васильевич Лунин 1944 жылы 15 мамырда Павлодар қаласында туды. Оның атасы Дмитрий Петрович Рудаков әйелі және қызымен кеңес үкіметіне қарсы көтеріліске қатысқаны үшін 1923 жылы Қазақстанға жер аударылды. Әкесі - Василий Иванович Лунин – Мәскеу облысынан кеңес үкіметіне қарсы насихаттағаны үшін Павлодарға қуғындалды.
Мамандығы бойынша К. Лунин инженер, «Минтракторсельхозмаш» жобалау институтында бас конструктор болып 20 жылдан аса жұмыс істеді. Өлең жазумен бала шағынан айналасады. 14 жасар жасөспірімнің өлеңдеріне Сергей Музалевский жағымды пікір айтты, ол сол кезде Павел Васильев атындағы әдебиет бірлестігінің төрағасы болатын. Алғашқы өлеңдері «Строитель» газетінде, сонда тілші қызметін атқарған Жаңаталап Нүркеновтің қолдауымен басылды.
Шығармашылық достық К.Лунинді павлодарлық ақын Игорь Минаковпен, Юрий Мостовоймен байланыстырды. Поэзиядан басқа К.Лунинді бейнелеу өнері қызықтырады. Ол облыстық тарихи-өлкетану музейінде Лагутин және Сәрсенбаев ұйымдастырған бейнелеу өнерінің үйірмесіне қатысады. Кейін Н. К. Крупская атындағы Мәскеу халық өнер институтының Мартирос Сарьян сыныбын тәмамдайды. М. К. Гапонның көмегімен музейде оның алғашқы бейнелеу шығармаларының көрмесі ұйымдастырылды.
1991 жылы К. Луниннің «Ступеньки» атты алғашқы кітабы басылып шықты, 1997 жылы «Исповедь» атты екінші кітабы, 2000 жылы - «Перемены», 2002 – «Исповедь», 2004 – «Радиостанция души», 2005 – «Солдаты Родины», 2007 – «Сказание о Козы Корпеше и Баян Сулу», 2008 – «Цветы на асфальте», ал 2010 – «Исповедь перед Временем» жарық көрді. Өлеңдері павлодарлық газеттерде жиі басылады.
Әдебиеттер
Лунин К. Радиостанция души: стихотворения (2002-2003). - Павлодар, ЭКО, 2003. – 68 с.
Лунин К. Солдаты Родины: стихотворения. – Павлодар, ЭКО, 2005. - 104 с.
Лунин К. Исповедь: стихотворения. -Павлодар, Имидж Мастер, 2002. - 58 с.
Лунин К. Исповедь перед временем: сборник стихотворений 1990-2009 гг. - Павлодар, ЭКО, 2010. - 376 с.
Лунин К. Память сердца: сборник лирики. - Павлодар, Имидж Мастер, 1997. - 47 с.
Лунин К. Перемены: стихотворения, поэма. - Павлодар, ТОО «Имидж Мастер», 2000. - 96 с.
Лунин К. Сказание о Козы Корпеше и Баян Сулу: стихи для детей. - Павлодар, ЭКО, 2007. - 95 с.
Лунин К. Цветы на асфальте: стихотворения 2007-2008 гг. - Павлодар, ЭКО, 2008. - 72 с.