Сәтбаева Шәмшиябану
(1930 – 2002)
Баянауыл ауданы
Сәтбаева Шәмшиябану Қанышқызы 1930 жылдың 25-шілде айында қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қаныш Сәтбаев атындағы ауылда дүниеге келіп, 2002 жылыдың 1-қаңтарында Алматыда облысында дүниеден өткен. Әдебиет зерттеуші, филология ғылымдарының докторы (1971), профессор (1988), Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылыми Академиясының академигі (1979), Қазақстан Республикасының Халық ағарту ісінің озаты (1980). Қазақ педагогика институтында, 1965 жылдан Қазақстан Ғылым Академиясының Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі қызметерін атқарды. Ғылыми зерттеу еңбектері әдебиет тарихына, салыстырмалы әдебиеттану (компаративистика) мен әдебиеттер байланысын зерттеуге арналған. Ш.Сәтбаеваның еңбектерінде әлемдік сюжеттер, интермәтіндер, көркем аударма, әдеби сапарнама секілді компаративизм мәселелері қамтылған. Ол «Орта Азия және Қазақстан әдебиетінің тарихы» (1961) басылымында қазақ әдебиеті бөлімін әзірлеуге қатысты, «Қазақ әдебиетінің ұлтаралық байланысы» (1970), «Әдебиттер достығы» (1986) жинақтары мен «Қазақ әдебиеті тарихының» 3 – томын шығаруға белсене қатысты. «ХІХ-ХХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ- еуропа әдеби байланыстары» (1972), «Әдеби байланыстар» (1974), «Қазақ әдебиеті мен Шығыс» (1982) т.б. монографиялары жарық көрді. Зерттеушінің ғылыми мұрасынан қазақ елі жайлы жазылған шетел қаламгерлерінің деректерін кездестіруге болады, оған К. Клермонт (Байронның сүйіктісі) атынан жарық көрген неміс ақыны Г. Гамбстың «Владимир және Зара атты романтик поэмасы»(1836) жатады. Ш. Сәтбаеваның монография еңбектерінде қазақ даласында болған П. Карпани, В. Рубрик, М. Поло, т.б. саяхатшылардың қазақ халқының тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрі жайлы жазбаларынан деректер келтірілген. «Қазақ әдебиеті» методикалық оқу құралының, орыс бөлімі студенттеріне арналған «Қазақ әдебиеті» (1979) оқулығының авторларының бірі. Ш.Уәлиханов шығармалары жайлы зерттеулер үшін Қазақстан Ғылым Академиясының Ш. Уәлиханов атындағы сыйлығын алды.
Әдебиеттер:
Сәтбаева Ш. Әдеби байланыстар - Алматы: Жазушы, 1974. - 315 б.
Сәтбаева Ш. Өрнекті өріс (әдеби зерттеу)- Алматы: Жазушы,1977. - 144 б.
Сәтбаева Ш. Әдебиет мерейі - Алматы: Қазақстан, 1981. - 83 б.
Сәтбаева Ш. Шоқан Уалиханов - филолог - Алматы: Ғылым, 1987. - 224 б.
Сәтбаева Ш. Шәкәрім Құдайбердиев - Алматы: Рауан, 1991. - 47 б.
Сәтбаева Ш. Сәулелі әулет - Алматы: Қазақстан, 1996. - 175 б.
Сәтбаева Ш. Уақыт шуағы / Сәтбаева - Алматы: Ғылым, 2000. - 656 б.
Сәтбаева Ш. Бес томдық шығармалар жинағы: Т. 1: Әдеби байланыстар. Өрнекті өріс . - Астана: Елорда, 2007. - 332 б.
Сәтбаева Ш. Бес томдық шығармалар жинағы: Т. 2: Казахстанско-европейские литературные связи ХІХ и первой половины ХХ века. Казахская литература и Восток. - Астана: Елорда, 2007. - 357 с.
Сәтбаева Ш. Бес томдық шығармалар жинағы: Т. 3: Шоқан Уәлиханов. Шәкәрім Құдайбердиев. – Астана: Елорда, 2011. - 320 б.
Сәтбаева Ш. Бес томдық шығармалар жинағы: Т. 4: Веяние времени: статьи. - Астана: Елорда, 2012. – 408 с.
Сәтбаева Ш. Бес томдық шығармалар жинағы: Т. 5: Уақыт шуағы; Шакарим Кудайбердиев. - Астана: Елорда, 2012. - 408 с.
***
Тілепов Ж. Өнегелі өмір кешкен: [Филолог-ғалым Ш.Сәтбаева жайлы материалдар] Түркістан.- 2002. - 25 шілде. -7 б.
Әбіш Асыл. Тұлғадан тарту..: [Қазақ халқының аяулы перзенті, ғұлама ғалым Қ.И.Сәтбаевтың қызы Шәмшиябану Сәтбаеваның қазыналы шарапаты туралы] //Сарыарқа самалы. - 2003. - 20 ақпан. – 3 б.
Тілепов Ж. Ұлының ұрпағы - ғылымның тұлғасы: [Ғалым, филология ғылымдарының докторы Ш.Қ.Сәтбаева туралы] // Сарыарқа самалы. - 2005. - 8 қырқүйек. – 6 б.
Нухұлы А. Асыл мұрасын асқақтатқан бабалар: [Кереку жерінен шыққан ұлы адамдар жайлы] // Сарыарқа самалы. - 2005. - 14 шілде. - 4 – 5 б.
Кәкішұлы Т. Ұлтын сүйген ұлықтап: [Қазақ ғалымы, филология ғылымдарының докторы Ш.Сәтбаева туралы бірер сөз] // Қазақ әдебиеті. - 2005. - 28 қаңтар.- 14 б.
Баянаула дуаны: тұлғалары, тарихы, мәдениеті: Баянауыл сыртқы округінің ашылуына 180 жыл толуына орай өткізілген халықаралық ғылыми - тәжірибелік конференцияның материалдары 4-5 тамыз.- Қарағанды: ҚарМу баспасы, 2006.- 390 б.
Ментебаева А. Е. Ш.Қ.Сәтбаеваның ғылыми мұрасы: автореф. дис. ... филолог.ғыл. канд.: 10.01.02; М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты.- Алматы,2007.- 22 б.
Ергөбек Қ. Қазақтың білімдер қызы: (Шәмшиябану Сәтбаева) // Айқын. - 2009. - 10 қыркүйек. – 10 б.
Өрен жүйріктің өнегелі өмірі:[Ш.Қ.Сәтбаеваның туғанына 80 жыл] // Қазақ әдебиеті. - 2010.- 30 шілде. - 11б.
Менкебаева А. Өмірі жас ұрпаққа тәлім болған:[Ш.Қ.Сәтбаева туралы] //Егемен Қазақстан. - 2010 . - 19 шілде. – 8 б.
Шәмшиябану Сәтбаева, Қаныш Сәтбаевтың қызы ф.ғ.д., профессор: "Әкем "Бірінші бақытым - балаларым, екінші бақытым – академия "деген еді": [Қ.Сәтбаев туралы] // Аңыз адам.- 2012. - № 13 (шілде). - 25 - 27 б.
Шамұратова Ж. Жақсыдан жақсы туар жарқылдаған... [қазақ зиялыларының ұрпақтары туралы] // Тұмар.- 2014. - №5. - 66 - 73 б.