Уахатов Бекмұрат
(1932 - 1984)
Лебяжі ауданы

Уахатов Бекмұрат 1932 жылы 29 қараша күні Павлодар облысы, Лебяжье ауданы, Қорт ауылында дүниеге келген. 1949 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік Университетінің филология факультетіне қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша оқуға түседі, университетті бітірген соң аспирантурада оқуын жалғастырады.Әдебиетші, қазақтың халық әндерін, халық ауыз әдебиетін зерттеуші, ірі фольклоршысы.Филология ғылымдарының докторы (1975 ж.) Қазақ Мемлекеттік Университетін 1954 жылы тәмәмдап, осы университеттің аспирантурасын 1957 жылы бітірген. 1957-1958 жылдары «Қазақ әдебиеті»газетінде, 1958-1984 жылдарында ғылыми академиясында ғылым қызметкері, 1982-1984 жылдарында Қазақ әдебиет және өнер институтының текстология және қолжазба бөлімінің қызметкерін атқарған. Уахатовтың ғылыми мақалаларында қазіргі қазақ прозасының озық туындыларын теориялық тұрғыдан талдаушылық бар. Ол қазақ прозасын зерделей жүріп, 1967-1969 жылдары М.Әуезов шығармаларының 12 томдығын, 1976 жылы 20 томдығын 1,2,3 - томдықтарынқұрастырып, шығарды. 1961-1964 жылы «Батырлар жыры», 1963 жылы «Қазақ эпосы»3-томын, 1964 жылы «Қазақ ертегілері», 1965жылы«Пернедегі термелер», 1978 жылы «Жар-жар» жинақтарын құрастырып шығарды. Уахатов Бекмұрат 1984 жылы 19 желтоқсанда Алматы қаласында қайтыс болды. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерең еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Павлодар облысында бір мектепке Б.Уахатов есімі берілген.
Әдебиеттер:
Уахатов Бекмұрат Көркемдік ізденістер: әдеби сың мақалалар жинағы [Е-кітап көшірмесі]. / Б. Уахатов. – Алматы: Жазушы, 1991. – 1 электрон. опт. диск (CD-ROM)
Уахатов Бекмұрат Қазақтың тұрмыс - салт жырларының типологиясы: әдеби сың мақалалар жинағы[Е-кітап көшірмесі]. / Б. Уахатов. – Алматы : Ғылым, 1983. – 1 электрон. опт. диск (CD-ROM)
Уахатов Бекмұрат Қазақтың халық өлендері: [Е-кітап көшірмесі]. / Б. Уахатов. – Алматы: Ғылым, 1974. – 1 электрон. опт. диск (CD-ROM)
Уахатов Бекмұрат Таланттар, туындылар: [Е-кітап көшірмесі]. / Б. Уахатов. – Алматы: Жазушы, 1969. – 1 электрон. опт. диск (CD-ROM)
Уахатов Бекмұрат Қазақтың халық өлеңдері: монография. / Б. Уахатов; С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесмен баспаға ұсынылды. – Павлодар: С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2018. – 368 б.
Уахатов Бекмұрат Қазақтың тұрмыс-салт жырларының типологиясы: монография. / Б. Уахатов; С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесмен баспаға ұсынылды. – Павлодар : С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2018. – 215 б.
Уахатов Бекмұрат Көркемдік ізденістер: ғылыми-зерттеу жинағы. / Б. Уахатов; С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесмен баспаға ұсынылды. – Павлодар : С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2018. – 288 б.
Уахатов Бекмұрат Асыл азамат: ғылыми-зерттеу жинағы. / Б. Уахатов; С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесмен баспаға ұсынылды. – Павлодар : С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2018. – 277 б.
Уахатов Бекмұрат Шеберлік туралы ойлар: кітап. / Б. Уахатов; С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесмен баспаға ұсынылды. – Павлодар : С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2018. – 292 б.
Уахатов Бекмұрат Өрнекті ойлар: Пьесалар. / Б. Уахатов; С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесмен баспаға ұсынылды. – Павлодар : С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2018. – 307 б.
***
Уахатов Б. Жамбыл және Мұхтар // Лениншіл жас. – 1972. - 12 мамыр.
Уахатов Б. Қалам мен қару шындығы: (Жазушы Әди Шәріпов 60 жаста) // Лениншіл жас. – 1972. - 19 желтоқсан.
Уахатов Б. Тәрбие төркіні - тіл: (Балаларға арналған өлеңдер) // Қазақстан мұғалімі. – 1973. - 19 қазан.
Уахатов Б. Ізденіс жемісі // Лениншіл жас. - 1977. - 12 сәуір.
Уахатов Б. Көрнекті сыншы, ұлағатты ғалым: (Академик М. Қаратаев 70 жаста) // Қызыл ту. – 1981. - 10 қаңтар.
Уахатов Б. Ұлы достық жаршылары: (Тюркологтарының ең көрнекті өкілі В.В.Радлов жайлы) // Мәдениет және тұрмыс. – 1982. - №4. - 6 б.
Уахатов Б. Бейбіт күндердің бедерлі бейнесі: (Төртінші мақала) // Лениншіл жас. - 1997. - 2 желтоқсан.
Уахатов Б. Күнге сапар: (Әңгіме) // Сарыарқа самалы. – 2017. - 15 маусым. - 17 б.
***
Әбділұлы А. Әуезовтің шәкірті. // SARYARQA SAMALY. – 2022. - 16 сәуір. - 9 б.
Бастимиев Ш. О моем брате: [об ученом, литературоведе Б. Уахатове]. / Ғажайып ғұмыр. – С. 41 - 45 Алматы: Толғанай Т, 2013
Бәстемиев Ш. Бауырым Бекмұратым" деуші едім...: [Павлодар облысының әдебиеттанушы-ғалымы Бекмұрат Уахатов туралы].// Ғажайып ғұмыр. – 33 - 41 б. Алматы: Толғанай Т, 2013
Бекмурат Уахатов: [некролог]. // Огни Алатау. – 1984. - 21 декабря
Боранбаев С. Бекмұрат салған бедерлі із // Сарыарқа самалы. – 2017. - 21 қазан. - 9 б.
Боранбаев С. Ұлы Мұхтар мектебінің мақтанышы // Сарыарқа самалы. – 2012. - 5 шілде. - 15 б.
Жерлесіміз Бекмұрат Уахатов - филология ғылымдарының докторы // Қызыл ту. – 1975. - 6 қараша.
Исакаева М. Есімі ел есінде // Сарыарқа самалы. – 2007. – 22 қараша. – 12 б.
Кузембаева Ш. Бекмұрат Уахатовтың шығармашылық шеберлігі // Naizatas. – 2019. - № 2(45). - 97 - 103 б.
Қаржау Д. Әуезовтің шәкірті // Сарыарқа самалы. – 2003. - 9 қаңтар. - 6 б.
Майтанов Б. Құнарлы ойдан бас құрап... // Лениншіл жас. – 1983. - 3 қазан.
Нұртазин Т. Сөз - өлең жайында // Соцалистік Қазақстан. – 1975. - 25 мамыр.
Рахымжанов Ә. Кеңесіп көрсек дейміз / Ә. Рахымжанов, Б. Уахатов 2-ші кітап ; құраст.: Д.Н. Қазбекова, Б.Б. Уахатов, Ж.Т. Дүйсембаева // Аманат. – 73 - 76 б. Алматы, 2010
Садырбаев С. Көкірек кеңістігінде // Қазақ әдебиеті. – 1975. - 6 маусым.
Сарғожин Р. Жерлесіміз Б. Уахатов - ғылым докторы // Ленин жолы. – 1975. - 20 желтоқсан.
Сүтжанов С.Н. Мұхтар мектебінің мақтанышы // Сарыарқа самалы. – 2002. - 1 қараша. - 17 б.
Төреқұлов Н. Асыл қазынамызды аралатқан. // Лениншіл жас. – 1974. - 24 желтоқсан.
Шамкенов А. Көрнекті ғалым // Қазақ әдебиеті. – 1992. - 27 қараша. - 7 б.
Шаханов Д. Два фронта Бастимиева // Казахстанская правда. – 2013. - 1 ноября. - С. 11
Ысқақов Б. Жерлес ғалым // Ленин жолы. – 1983. - 15 қаңтар. - 4 б.