Шафер Наум Григорьевич

Шафер Наум Григорьевич (шын аты Нахман Гершевич )1931жылы 13 қаңтар күні Бессарабия Кишинев қаласында туған. Әдебиетші, композитор, музыкатанушы, филология ғылымдарының кандиданты (1965), профессор (1996). Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері. Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетін бітірген (1955). 1963 жылы осы университеттің аспирантурасына түсіп, сонымен қатар Қазақ мемлекеттік консерваториясы класы бойынша оқыған. Әнді өзінің қосалқы Нами Гитин атымен шығарды (1950-1960). М. Булгаков шығармаларына аса көңіл бөліп отырып, оның бұрын жарияланбаған туындылары – «Петер Великий» және «Рашель» драмаларын жарыққа шығарды.(«Советская музыка» журналы 1988 №2). Төрт рет Халықаралық Булгаков оқуларына қатысты. Бард қозғалысының тарихымен айналысты. В.Высоцкийдің бірқатар өлеңдерінің мәтіндерін тұңғыш рет жариялады («Музыкальная жизнь» журналы, 1989). Көп жылдар бойы Исаак Дунаевский шығармаларын оқып, насихаттап жүр. Мұрағаттағы деректерін пайдалана отырып «Дуневский в гостях у Булгакова» және «Кирпички» деген таспасын құрастырып шығарды. Шафердің мақалаларын шет елдер мен республика баспасөзіне шығарып тұрды. Нам Гитин атымен 2 лазерлік ән дискісі шықты: «Вечерний вальс» және «романс Печорина».
Әдебиеттер
Айтуған А. Наум Шафер - 75 жаста: [Филология ғылымдарының кандидаты, профессор Наум Шафердің мерейтойына арналған салтанатты кеш өтті] // Сарыарқа самалы. - 2006. - 17 қаңтар. - 3б.
Өнердің шырақшысы: [Филология ғылымдарының кандидаты, профессор, музыкатанушы, сазгер Наум Шафермен сұхбат] / әңг. Фарида Бықай // Егемен Қазақстан.- 2012. - 26 желтоқсан. - 8 б.
Тәуелсіздік шежіресі: [Павлодар облысы бойынша] // Сарыарқа самалы.- 2011.- 1 қараша. - 3 б.
Түгелбай Г. Ғалымның өмірі мен шығармашылығына арналды: [Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында профессор Н. Шафердің өмірі мен шығармашылығына арналған билиографиялық көрсеткішпен DVD дискісінің тұсаукесері өтті] // Сарыарқа самалы.- 2008.- 19 қаңтар – 8 б.