Михаил Кондратьевич Гапон - өлкетанушы, Г.Н. Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайының директоры (1968 - 1986 жж.), Ұлы Отан соғысының қатысушысы. Украинада дүниеге келді. 1943 жылға дейін теміршіде балташы болып жұмыс жасады, ауылшаруашылық техникумда оқыды. 1943 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылды, Қиыр шығыста әскери іс – қимылдарға қатысты. Сахалин бригадасының 113 ату бөлімінің десантниктер взводының командиры болды. 1950 жылға дейін армияда қызмет етті. Армия қатарынан шыққан соң туған еліне аттанды. Чернигов облысы Нежин қаласында мәдени-ағартушылық техникумды сырттай бітірді. Чернигов облысы Сребнянс ауданының комсомолдық және партиялық органдарында қызмет етті. 1957 – 1962 жж. ауыл клубының директоры болды. 1962 жылы Павлодарға қоныс аударды. 1962 - 1968 жж. ЖЛКЖБ (ВЛКСМ) 25 жылдығы атындағы мәдениет және демалыс қалалық саябағының директоры қызметін атқарды. Оның басшылығымен саябақ тек Қазақстанда ғана емес, Кеңес Одағында да ең үздіктердің біріне айналды. Саябақта аттракциондар, шолу дөңгелегі, планетарий, бильярд, би алаңы, балалар алаңы ашылып, көпшілік іс – шаралар жиі өткізілді. 1968 ж. М.К.Гапон Г.Н.Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайын басқарды.
М. К. Гапон жастарды патриоттық тәрбиелеу бойынша облыстық ардагерлер кеңесі комиссиясының мүшесі, Бейбітшілік қоры бюросының мүшесі болған. 1986 жылы зейнеткерлікке шыққаннан кейін 20 жылға жақын уақыт тарих мен мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамында, өлкетану мұражайы директорының орынбасары болып, «Наш край» ардагерлер газетінің редакциясында қызмет етті. Облыс ардагерлер кеңесінің мүшесі, ардагерлер қозғалысының ұйымдастырушыларының бірі.
М.К. Гапон мәдениет қызметкерлеріне «В помощь клубному работнику» (1970 ж.) құралын шығарды. «Путеводитель по музею» (1972 ж.), «Путеводитель по памятным местам» (1969 ж.), «Наши знатные земляки» (1971 ж.), «Их именем названы улицы города» (1975, 1985 жж.), «Кавалеры ордена Славы» (1985 ж.) өлкетану басылымдарын редакциялады. «Их имена увековечены» (2001 ж.) кітабын шығарды. Павлодар Ертіс өңірінің әйгілі адамдары туралы жиналған деректі мәліметтерді автор «Тебе, товарищ потомок» атты кітабында жазды. М.К.Гапон — көптеген өлкетану мақалаларының авторы.
Қызмет етіп жүрген кезінде Павлодар қаласының бес көшесі атақты жерлестеріміздің аттарымен аталуына қол жеткізді (Айманов (1984 ж.), Баймульдин (1975 ж.), Дерибас (1983 ж.), Жаяу Мұса (1984 ж.), Семенченко (1975 ж. көшелері). 1967 – 1969 жж. Павлодар қалалық кеңесінің депутат сайлуына қатысты.
Ұлы Отан соғысының екінші дәрежелі орденімен және 25 медаль, грамота, жеке белгілермен марапатталды. ЖЛКЖБ (ВЛКСМ) ОК қола, күміс және алтын белгілерінің кавалері, Халықаралық Бейбітшілік қорының күміс және екі алтын медальдарының иегері, П.3.Ермаков атындағы облыстық журналисттер сыйлығының лауреаты. «КСРО Қарулы Күштері мәдениет қамқорлығының үздігі» атағы берілді.
Гапон М. К. В помощь клубному работнику: викторины, ребусы, кроссворды / Павлодарское областное управление культуры; Дом народного творчества. - Павлодар, 1970. -28 с.
Гапон М. К. Тебе, товарищ потомок. - Павлодар: Дом печати, 2009. - 180с.
Гапон М. Кавалеры Ордена Славы всех степеней: [Кавалеры ордена Славы -павлодарцы] // Версия. - 2005. - 2 марта. - С. 4; 9 марта. - С.4; 16 марта. - С. 4
Гапон М. Горобец Алексей Федорович: [Герой Советского Союза Пав-иодарской области] // Наш край. - 2005. — 8 декабря. - С. 2
Гапон М. Кравченко Григорий Пантелеевич: [Герой Советского Союза Павлодарской области] // Наш край. - 2005. - 8 декабря. - С. 2
Гапон М. Степаненко Василий Васильевич: [Герои земли Павлодарской] // Наш край. - 2005. - 15 декабря. - С. 1
Гапон М. Хайдаров Бакит Хайдарович: [Герои земли Павлодарской] // Наш край.- 2005. - 22 декабря. - С. 2
Гапон М. На подступах к Берлину: [подвиг К. Сураганова] // Наш край. - 2006. - 25 мая. - С. 2
Гапон М. В начале войны: [о Герое Советского Союза И. А. Склярове] // Наш край. - 2007. - 12 июля. - С. 2
Из истории ветеранского движения Павлодарского Прииртышья: [воспоминания историка и краеведа М. Гапона] // Новое время. - 2012. - 3 мая. — С. 4
Гапон М. Странная служба: (к 65-летию денежной реформы 1947 г.) // Звезда Прииртышья. -2012. - 11 декабря. - С. 7
Гапон Михаил Кондратьевич // Кто есть кто в Павлодарской области. Книга первая. - Павлодар, 2006. - С. 132
Соколкин Э. Тебе, потомок!: [вышла в свет новая книга М. Гапона «Тебе, товарищ потомок!»] // Звезда Прииртышья. - 2010. - 28 января. - С. 3
Горбунов С. О друзьях-товарищах...: [вышла в свет книга М. Гапона «Тебе, товарищ потомок»] // Казахстанская правда. - 2010. - 5 февраля. - С. 14
Абсалямова К. Человек славен трудом: [о краеведе Павлодарской области Михаиле Гапоне] // Звезда Прииртышья. - 2011. - 27 января. - С. 7
Памяти Михаила Кондратьевича Гапона // Звезда Прииртышья. - 2013. - 11 апреля. - С. 19
Кожимов М. Разгром Квантунской армии Японии на Дальнем Востоке: [об участии М. К. Гапона в войне с Японией в 1945 г.] // Регион.kz. -2015. - 21 августа. - С. 6 - 7
© С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2011ж. www.pavlodarlibrary.kz