Тілеукен Ахметұлы Еңсебаев - инженер-электрші, техникалық ғылымдардың кандидаты, доцент, ҚР білім беруінің құрметті қызметкері (2002), С. Торайғыров атындағы ПМУ профессоры (2003), өлкетанушы. Тілеукен Ахметұлы 1947 жылы 13 тамызда Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1963 жылы Карағанды қаласының Киров ауданында №20 орта мектебін бітіріп, кейін «Карагандауголь» тресінің ағаш өңдеу комбинатында столяр болып жұмыс істеді. 1970 жылы Қарағанды политехникалық институтының тау-кен электротехникалық факультетін, 1979 жылы аспирантураны бітірді. 1980 жылдың 24 желтоқсанында Ленинград қаласында Жалпыодақтық электрмашиналарын жасау ғылыми зерттеу институтының Кеңесінде «Алты фазалы турбогенератордағы бір мезгілдегі және бір ізді қысқа тұйықталуларды зерттеу» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғап, техника ғылымдарының кандидаты атанды. 1970 – 1985 жылдары Қарағанды политехникалық институты «Өндірістік кәсіпорындарды электрлендіру» кафедрасында ассистент, кафедраның аға оқытушысы болды. 1985 жылы Павлодар индустриалдық институты энергетика факультетінің «Электр техникасы» кафедрасына доцент болып ауысты. ПИИ «Электр техникасы» кафедрасы таратылған соң, Қаз МТУ, С.Торайғыров атындағы ПМУ кафедраларында жұмыс істей бастады. Т.А.Еңсебаев энергетика факультетінде бірінші болып «Электр техникасы» және «Электр техникасының теориялық негіздері» пәндерінен дәрістерді мемлекеттік тілде оқи бастады. Энергетика бойынша орыс-қазақ түсіндірме сөздігінің авторы. Т.А.Еңсебаевтың ғылыми қызметі Павлодар Ертіс өңірінің тарихын зерттеумен, генеологистика, ономистика, қыпшақтанумен байланысты. Ол Павлодар облысының ру – тайпаларының шежірелерін жасаумен айналысты. С.Торайғыров атындағы ПМУ және Г.Н. Потанин атындағы облыстық тарихи - өлкетану мұражайы ұйымдастырған тарихи-этнографиялық экспедицияларға қатысты. Т.А. Еңсебаев алты кітап, тарих, этнография, өлкетану тақырыптарына арналған 200-ден аса мақалалар, журналдар мен газеттер, ғылыми жинақтарға арналған 50 – ге жуық мақаланың авторы. Ол 20 оқу құралын, 20 ғылыми есеп жазған. Оның редакциялауымен 7 кітап пен мақалалар жинақтары жарық көрген. Ол әртүрлі жылдары «Дауа», «Ертіс дидары», «Руханият» газеттерінің, «Ученые записки ПГУ», «Өлкетану - Краеведение» журналарының редколлегияларының мүшесі болған. Жалпыодақтық қоғамның «Білім», «Еңбек Ері» медальдарымен марапатталған.
Инсебаев Т.А. Очерки истории Прииртышья. Часть 1. С древнейших времен до конца XX века / Т.А. Инсебаев; Общественный фонд «Историко-географическое общество им. К.И. Сатпаева». - Павлодар ЭКО, 2000. - 240с.
Инсебаев Т.А. Историческое прошлое кыпчаков Евразии (очерки истории средневековых кыпчаков) (В рамках программы «Этнокультур ные исследования Павлодарского Прииртышья 2001-2003гг.») / Т.А. Инсебаев. - Павлодар, 2002. - 160с.
Арын Е. История Павлодарского Прииртышья в схемах и таблицах / Е.Арын, А.Нухулы, Т.Инсебаев. - Павлодар, 2003. - 156с.
Арын Е. Павлодарская область: календарь исторических событий и дат (В рамках программы «Этнокультурные исследования Павлодарского Прииртышья 2001-2003гг.»). - Е.Арын, А.Нухулы, Т.Инсебаен, ПГУ им. С.Торайгырова. - Павлодар, 2003. - 126с.
Инсебаев Т.А. Военное искусство кыпчаков в эпоху средневековья (В рамках программы «Этнокультурные исследования Павлодарского Прииртышья 2001-2003гг.») / Т.А. Инсебаев; ПГУ им. С.Торайгырова. Павлодар, 2003. - 153с.
Инсебаев Т.А. Электротехника: Методические указания и контрольные задания для студентов неэлектрических специальностей / Т.А. Инсебаев, Н.И. Глухова; рец. В.Г. Сальников; ПГУ им. С.Торайгырова. - Павлодар, 2003. - 51с.
Историческая топонимика Павлодарской области (в рамках программы «Прометей») / Т.А. Инсебаев, Б.А. Ахметова, А.Т. Акшорина. - Павлодар, 2004. - 100с.
Инсебаев Т.А. Кыпчакские полководцы // Краеведение. - 2002. -№ 2. - С. 53 - 64
Инсебаев Т.А. Проблема исследования этногенеза киргизов /Т.А. Инсебаев, М.Б. Келдыбеков // Краеведение. - 2005. - № 1. - С. 127 - 136
Енсебаев Тлеукен Ахметулы: Библиогр.указатель / ПГУ им. С.Торайгырова; Научная библиотека им. С.Бейсенбаева. - Павлодар, 2003. - 28с.
Галыулы Сансызбай. Шежире: причудливое сплетение истории и псгенды / Галыулы Сансызбай // Новое время. - 2000. - 5 июня.
Прочесть половецкое слово // Билик. - 2002. - № 6 - С. 9.
Жуликенова А. В поисках своих корней // Билик. - 2002. - № 7.
© С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2011ж. www.pavlodarlibrary.kz