Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейі 1942 жылы облыстық «Қазақстанды зертеу қоғамы» базасы негізінде құрылды. 1958 жылы оған Орта Азияны зерттеуші, саяхатшы Г. Н. Потаниннің аты берілді.Музейдің негізін фотосуретші, өлкетанушы Дмитрий Поликарпович Багаев қалады. Өлкенің тарихы мен мәдениетін ашатын экзпозициялар 8 залда орналасқан. Ғылыми кітапхана және екі филиал бар, олар Д. П. Багаев музей- үйі және Майра Шамсутдинова атындағы өлең шығармашылық музей- үйі.
Музей ашық аспан астында жұмыс істейді. Музейдің негізгі экспозициясы Ленин көшесінде орналасқан архитектура ескерткіші ғимаратында орналасқан. 1890 жылы салынған. Онда бірінші гильдия көпесі А.Деровтың сауда үйі болған. Әкімшілік, ішкі бөлімдер ғимараттың екінші қабатында - бұрынғы пошта-телеграф конторасында орналасқан. Негізгі қор Ленин көшесі 129 үйдегі архитектура ескерткіші болып саналатын ғимаратта.
Экспонаттар саны - 72435
Қызметкерлер саны – 68
Музей орналасқан алаңның жалпы аумағы – 1883,2 м 2
Залдардың экспозиция алаңының пайдалы аумағы – 1300,0 м2
Музей қорының коллекциясы жыл сайын толықтырылуда, олардың ғылыми өңдеуі дамуда. Музейдің негізгі қорында жетпіс мың экспонаттар саналады.
© С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2011ж. www.pavlodarlibrary.kz