Ұстаз, радиожурналист, ақын, өлкетанушы, КСРО Журналисттер одағының мүшесі. Алтай өлкесіндегі РКФСР Андреевка кентінде дүниеге келген (қазіргі Алей ауданы). 1979-1987 жж. КСРО Журналистер одағының мүшесі. Барнаул педагогикалық училищесін бітірген (1954 ж.). 1954 ж. - аға пионер жетекші, Малообщелак орта мектебінің мұғалімі, 1954-1956 жж. - Усть-Чагыр жетіжылдық мектепте мұғалім, 1956-1958 жж. - Бащелак жетіжылдық мектебінде мұғалім қызметтерін атқарған. 1958 ж. бері Павлодар қаласында. Теміржолда таразышы болып жұмыс істеді. Осы жылдан бастап П. Васильев атындағы Павлодар әдеби бірлестігінің мүшесі. Әдеби бірлестіктің жұмысына қатысты, облыстық газеттер беттерінде басылды. Оны байқап Кузьма Семеновичті облыстық радио ұжымына шақырды. Алдымен дыбыс операторы, репортер, тілші, кейін редактор, режиссер, Павлодар облыстық радиокомитетінің бас редакторы, Павлодар облыстық комитетінің телевизия және радиохабар тарату бойынша редакциясының бас редакторы. К.С. Тюрин өлкетануға ерекше қызықты және тарихи құжаттар мен кітаптарды жинақтады. Павлодар Ертіс өңірінің тарихына қатысты құжаттарды Мәскеу, Алматы, Ташкент, Томск, Барнауыл, Омбы қалаларындағы архивтерден, мұражайлардан, кітапханалардан тауып жүрді. К.С. Тюрин қайтыс болғаннан кейін бүкіл жеке мұрағатын туыстары облыстық мемлекеттік мұрағатқа тапсырды. К.С Тюриннің қорында жазылым бойынша 1903 сақтау бірлігі бар. Осы сақтау бірліктерінің бірінде 1877 кітапхана карточкасы бар, бұл «Павлодар Ертіс өңірінің тарихындағы негізгі оқиғалардың ежелден бүгінге дейінгі картотекасы».
«50 пламенных лет» радиоповесі және «Годы, события, люди» радиокомпозициясы үшін екі мәрте П. З. Ермаков атындағы сыйлықтың лауреаты атағын иеленді (1969 ж., 1978 ж.). Медальдармен және белгілермен марапатталған.
Тюрин Кузьма Семенович // Павлодарское Прииртышье: Энциклопедия. - Алматы, 2003. - С. 589.
Тюрина В. Кузьма Семенович Тюрин // Балтабай Ғ. Павлодар Облыстық радиосына 70 жыл / 70 лет Областному радио. - Павлодар, 2008. - С. 158-161.
Шевченко С. След одной жизни: [о павлодарском журналисте К. С. Тюрине] // Звезда Прииртышья. - 2000. - 15 июня. - С. 8.
Карандашова Т. Феномен Кузьмы Тюрина: [о К. С. Тюрине — краеведе, журналисте] // Новое время. - 2001. - 22 ноября. - С. 7.
Болтина В. Кузьма Тюрин: след на земле: [14 ноября исполнилось бы 75 лет К. С. Тюрину, члену Союза журналистов СССР, краеведу, главному редактору Павлодарского областного радио в 1975-1987 годах] // Звезда Прииртышья. - 2005. - 12 ноября. - С. 5.
Карандашова Т. Поэт и «репортер истории»: [к 80-летию Кузьмы Семеновича Тюрина] // Новое время. - 2010. - 11 ноября. - С. 5.
Болтина В. Радиожурналист Кузьма Тюрин // Звезда Прииртышья. - 2010. - 18 ноября. - С. 8.
© С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2011ж. www.pavlodarlibrary.kz