Кандыбаев Иван Иванович
Шарбақты ауданы

Иван Иванович Кандыбаев 1957 жылғы 8 сәуірде Павлодар облысы Шарбақты ауданының Алексеевка ауылында дүниеге келген. Н.К. Крупская атындағы Семей институтының дене тәрбиесі факультетін тәмамдады. Әскер қатарында болғанда өлең жаза бастады – алғашқылары Мәскеу әскери округінің «Красный воин» газетінде басылып шықты. Кейін Кандыбай лақап атын қолдана отырып, «Звезда Прииртышья» газетінде басылып шықты. Оны В.Г. Семерьянов және О.Н. Григорьева қолдады.
Оның алғашқы жинағы - «В гостях у памяти», онда 50 өлең және «Деревня» поэмасы шықты. Өлеңдерінің көп бөлігі Алексеевка ауылына арналды. Ауыл тақырыбы – ақын шығармашылығының басым тақырыптарының бірі. «После дождя» атты екінші жинағы, «Выбираю любовь» үшінші кітабы 2007 жылы шықты. Ақынның өлеңдеріне композиторлар Ольга Колозина, Лариса Лобченко бірнеше әндер жазды. Ресей Композиторлар одағы Красноярск ұйымының төрағасы Олег Проститов И. Кандыбаевтың «Ангел - хранитель», «Крещение» және «Христос воскрес» өлеңдеріне «Православный триптих» музыкалық туындысын жазды. Павлодар ақынының сөздеріне жазылған «Православный триптих» циклі Ресейдің әртүрлі қалаларында тыңдалуда... Ақынға С. Есенин мен П. Васильевтің шығармашылықтары жақын. Ол Есенин ақындық кештеріне және Васильев оқуларына қатысты. Кейбір өлеңдерін оларға арнап жазған. Көптеген өлеңдерді жатқа біледі – тақпақшы, И. Кандыбаев бірнеше мәрте П.Васильев өлеңдерін орындаудың байқауларында үздік атанды, Астанада өткен Есенин кештерінің, Павлодардағы әртүрлі ақындық кездесулердің, В.М. Шукшиннің 75 жылдығына орай өткізілген оқулардың қатысушысы, П. Васильев музейіндегі, кітапханалық және қалалық іс – шаралардың жүргізушісі. И. Кандыбаев П. Васильев атындағы әдеби бірлестіктің мүшесі болып табылады.
2007 ж. Шымкентте өткен халықаралық әдеби байқауға қатысып, бірінші орынды иеленді, лауреаты атанды. Байқауға алты мемлекеттің: Қазақстан, Ресей, Израиль, Грекия, Германия және АҚШ ақындары қатысты.
Әдебиеттер
Кандыбаев И. В гостях у памяти: стихотворения и поэма. - Павлодар: ЭКО, 1998.- 68 с.
Кандыбаев И. Времена года: Стихи // Нива.- 2005. - N8. - С. 17 – 21
Кандыбаев И. Звучит мелодия души: [стихи] // Найзатас.- 2013.- №4. - С. 87 – 102
Кандыбаев И. «Отсупают боли и тревоги...»: (стихи) // Нива.- 2012.- №5. - С. 54 -56
Кандыбаев И. Отчий дом: (стихи) // Простор.- 2017. - №4. - С. 133
Кандыбаев И. Павел Васильев: (Стихи) // Простор.- 2009.- №12. - С. 67
Кандыбаев И. По кругу: [стихи] // Простор.- 2013.- №2. - С. 30 - 32
Кандыбаев И. Родные лица: Стихи // Простор.- 2008.- №10. - С. 74 - 79
Кандыбаев И. Стихи // Простор.-2010.- №4. - С. 86
***
Бехтольд В. «Звучит мелодия души»: (Литературная гостиная по творчеству Ивана Кандыбаева) / Бехтольд В // Внеклассная работа в школе. - 2009.- №2. - С. 31 – 34
Вервекин А. «После дождя - стихи...»: [презентация второго сборника павлодарского поэта Ивана Кандыбаева «После дождя» состоялась в библиотеке национальной книги] / Вервекин Александр; Александр Вервекин // Звезда Прииртышья. - 2008.- 26 янв. - С. 8
Окольничья Т. «Зазвучит мелодия души...»: [павлодарскому поэту И. Кандыбаеву исполнилось 50 лет] // Звезда Прииртышья.- 2007.- 21 апр. - С. 5