Куприн Владимир Генрихович
Павлодар қаласы

Владимир Генрихович Куприн Павлодар қаласында дүниеге келді, Павлодар педагогикалық институтында, ГИТИС – да білім алды. Журналистикада және әдебиеттегі алғашқы қадамдарын 1968 жылы жасады. Сол кезден бастап «Звезда Прииртышья» Павлодар облыстық газетінде, «Ленинская смена», «Учитель Казахстана», «Фройндшафт» республикалық газеттерінде мақалалары жарық көрді. «Русская речь» журналында (Мәскеу қ.), «Нива» (Астана қ.), «Простор» (Алматы қ.) қазақстандық әдеби журналдарында басылып шықты.
Кәсіби журналистикадағы жолын Самарадағы авиациялық зауыт және Павлодар трактор зауытындағы көп тиражды зауыт газеттерінен бастады.
1999 жылдан бастап келесі кітаптары жарыққа шықты: күнделікті тұрмыс миниатюралары туралы «Незваный гость», «Миги эпох» тарихи – деректі новеллалар, «60 сезонов театра имени А. П. Чехова» нарративі, «Город родной» өлеңдері. Авторлас ретінде келесі деректі кітаптарды шығарды: «Қосағаш», «Земля родная», екі бөлімнен тұратын «Люди, время, стройка», ауыл шаруашылығы кәсіпкерлері туралы очерктер жинағы, Павлодар облысының құрметті азаматтары туралы деректі миниатюралар жинағы; актер, режиссер және РФ еңбек сіңірген ақыны Олег Афанасьев және павлодарлық тыңшы Кондратий Шаканов туралы библиографиялық кітаптар.
2010 жылғы қазан айында «Простор» қазақстандық журналында, 2011 жылы - «Жемчужная поэзия Казахстана» үш томдық альманахында өлеңдері жарық көрді. 2011 жылғы «Нива» журналының желтоқсан айының шығарылымында «Встреча» поэмасы және өлеңдері шықты. 2012 жылы «Будни села» (Павлодар ауданының фермерлері туралы), «Опоры уходят за горизонт» (ЭБЖ – электр беріліс жолы құрылысшылары туралы) кітаптарын жазды.
Әдебиеттер:
Куприн В. "Миги эпох": Историко-публицистические новеллы. - Павлодар: ДГП ВЦ по статистике, 2001.- 84 с.
Куприн В. Город родной (стихи о Павлодаре). - Павлодар, 2005.- 12 с.
Жемчужная поэзия Казахстана: в 3 кн. Кн. 3. Стихотворения / сост. М. А. Кохнович.- Павлодар: Типография Сытина, 2013.- 517 с.
***
Куприн В. Дом детства: (К 95-летию со дня рождения Павла Васильева) // Нива. – 2004. -№12. – С. 103-133
Куприн В. «Жажда вольного бытия…»: (Стихи)// Нива. – 2011. - №12. – С.49-54
Куприн В. Звезды над озером Маралды: (Федор Достоевский в Павлодарском уезде) // Нива. – 2007. - №6. – С.190-191
Куприн В. Крыша течёт // Молодая гвардия. – 2017. - №3. – С.30-36
Куприн В. От сезона к сезону: [о Павлодарском казахском музыкально-драматическом театре им. Ж. Аймаутова] // Нива. – 2002. - №4. – С.84-89
Куприн В. Постоянство перемен: [стихи] // Найзатас. – 2014. - №5. – С.14-21
Куприн В. Птица в поднебесье: [стихи] // Простор. – 2010. - №10. – С.33-34
Куприн В. «Слышу зов однотонный, высокий...»: Стихи // Нива. – 2003. - №1. – С.54-58