Серік Төлеубайұлы Елікбаев

Ақын, жазушы, әдебиеттанушы, ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Toraighyrov University қазақ тілі және журналистика кафедрасының профессоры. 2023 жылы 12 сәуірде Қазақстан Жазушылар одағы Павлодар облыстық филиалының төрағасы болып тағайындалды.
1969 жылғы 10 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Көкжыра ауылында дүниеге келді. 1994 жылы Семей педагогикалық институтын, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аспирантурасын бітірді.
1994 жылдан 1996 жылға дейін Семей педагогикалық колледжінің оқытушысы, 1996-1997 жылдары Екібастұз педагогикалық колледжінің оқытушысы, 1997-2004 жылдары Павлодар мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, доценті. 2004 жылдан бастап Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты жанындағы аймақтық әдебиеттану орталығы директорының орынбасары, институт проректоры болып қызмет атқарды.
Қазіргі уақытта ғылыми-педагогикалық жұмыстармен айналысады. 1999 жылы «Назым» өлеңдер жинағын, 2002 жылы «Қазақ өлең өрнектері» атты ғылыми-әдістемелік құрал шығарды. 2001 жылы оның өлеңдері «Жас ақындар антологиясы» жинағына енді. Бірнеше ғылыми еңбектердің, оқу құралдарының, орта мектепке арналған оқулықтардың, сонымен қатар 2018 жылы басылып шыққан «Қанжығалы Бөгенбай» тарихи романы мен 2021 жылы жарық көрген «Мәшһүрдің мұңы» атты романының авторы. 2000 жылы «Шабыт» халықтық фестивалінің бас жүлдесін иеленді.
ӘДЕБИЕТТЕР:
Елiкбаев С. 60-80 жылдардағы өлең құрылымы (ұйқас, тармақ, шумақ ерекшелiктерi): филология ғылымдарының канд.диссерт / ғыл. жет-шi Қ. П. Жүсiп.- Астана, 2000. - 111 б.
Елiкбаев С. Қазақ әдебиетi.Жалпы бiлiм беретiн мектептiң жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / С. Елікбаев. – Астана: Арман - ПВ, 2006. - 208 б.
Елiкбаев С. Қазақ әдебиетi. Жалпы бiлiм беретiн мектептiң қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / С. Елікбаев. - Астана: Арман-ПВ, 2006. - 352 б.
Елiкбаев С. Қазақ әдебиетi: жалпы бiлiм беретiн мектептiң қоғам.-гуманит. бағытындағы 11-сыныбына арн. оқулық / С. Елікбаев - Астана: Арман - ПВ, 2007. - 336 б.
Елiкбаев С. Қазақ әдебиетi: жалпы бiлiм беретiн мектептiң жарат.-матем. бағытындағы 11-сыныбына арн. оқулық / С. Елікбаев – Астана: Арман - ПВ, 2007. - 160 б.
Елiкбаев С. Қазақ әдебиетi: оқушы анықтамасы: 5-11 сыныптар / С. Елікбаев. – Астана: Арман-ПВ, 2012. - 320 б.
Елікбай С. Қанжығалы Бөгенбай: тарихи роман / С. Елікбай; ред. Б. Қ. Қапасова. – Павлодар: ЭКО, 2018. – 300 б.
Елікбай С. Мәшһүрдің мұңы: роман. / С. Елікбай. – Павлодар: Сытин А. А., 2021. – 336 б.
***
Шығыс Қазақстан Облысы: энциклопедия. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Елікбаев Серік Төлеубайұлы. - 325 б.
***
Елiкбаев С. Өлеңдегi құрылым / С. Елікбаев // Павлодар унив. хабаршысы. - 2000. - № 2. – 84 - 87 б.
Елiкбаев С. Қазақ әдебиетi: өткенi, бүгiнi, келешегi / С. Елікбаев // Қазақ әдебиетi. - 2004. - 5 қараша. – 8 б.
Елiкбаев С. Мұхтар Шаханов өлеңдерiнiң құрылысы / С. Елікбаев // Павлодар МУ хабаршысы. Филологиялық серия = Вестник Павлодарского ГУ. Серия филологическая. - 2004. - № 2. – 109 - 112 б.
Елiкбаев С. Қазақ әдебиетiндегi жат жұрт бейнесi / С. Елікбаев // Қазақ әдебиетi. - 2005. - 14 қаңтар. - 8 б.
Елiкбаев С. Қазақтың бодан әдебиетi: (Жетпiс жыл бойы бодандық қамытын киген бодан әдебиет қандай бағыт ұстанды, оның үлгiсi мен өнегесi туралы) / С. Елікбаев // Қазақ әдебиетi. - 2006. - 24 ақпан. - 8 б.
Елiкбаев С. Қазақ әдебиетiндегi "қонақ" пен "бөтен" концептiлерi / С. Елікбаев // Шәкәрiм. - 2015. - № 4.- 50 - 53 б.
Елiкбаев С. Қазақ әдебиетiндегi "қонақ" пен "бөтен" концептiлерi / С. Елікбаев // Абай. - 2017. - № 6. – 71 - 74 б.
Елікбай С. Арда сөздің ақтангері: [жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рахымжан Отарбаев туралы]. / С. Елікбай // Аңыз адам. – 2019. - № 21. - 29 б.
Елікбай С. Ұстаз, ғалым, жазушы: (Әдебиеттану ғылымында, педагогика саласында өшпес із қалдырған ғалым, ұстаз, жазушы Қуандық Жүсіповтың 80 жылдық мерейтойына орай). / С. Елікбай // Naizatas. – 2021. - № 5. - 23 - 26 б.