С. Торайғыров атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы. 1896 жылы уездік, 1938 жылдан облыстық кітапхана болып, 1959 жылы жазушы Н. А. Островскийдің аты берілді. 1996 жылы қазақтың демократ ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың (1893-1920) есімі берілді. Директоры - «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қызметкер» М. Ә. Жиенбаева.
Павел Васильев атындағы қалалық орталық кітапхана. 1949 жылы құрылған. 1979 жылдан бері орыс ақыны Павел Николаевич Васильевтің (1909-1937) есімі берілген.
Бұқар Жырау атындағы әдебиет жөне өнер музейі. 1990 жылы өлкетану музейінің әдебиет бөлімі базасында негізі қаланған. 1992 жылы ашылып, қазақ ақын жырауы Бұқар Қалқаманұлының (1693-1787) есімі берілген. XIX ғ. аяғындағы ағаштан салынған сәулет және тарихи ескерткіш болып саналатын ғимаратта орналасқан.
Вс. В. Иванов атындағы Павлодар облыстық баспаханасы. 1910 жылдан жұмыс істейді. 1917 жылдан қалалық, 1938 жылдан облыстық баспахана. 1965 жылы орыс жазушысы, Лебяжьенің тумасы (қазір Аққу) Всеволод Вячеславович Ивановтың (1895-1963) есімі берілген.
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті. 1960 жылдан бастап индустриалды институт болса, 1992 жылдан техникалық университет, 1996 жылдан қазіргі атауына ие. 1993 жылы қазақтың демократ ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың (1893-1920) есімі берілген. Бірнеше факультеті бар. Мұнда көптеген докторлар мен ғылым кандидаттары жұмыс істейді. Біздің жерлестеріміздің арасында бірінші ғылым докторы және бірінші профессор атанған Ф. К. Бойко. Университеттің қасбеті алдында Павлодар облысынан шыққан ғалымдар мен ағартушылардың бюстері орнатылған.
Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы. 1944 жылдан бастап Жамбыл атындағы Қазақ филармониясының филиалы ретінде құрылып, 1990 жылы қазақ ақыны әрі сазгері Иса Байзақовтың (1900-1946) есімі берілген. Филармония қабырғасынан Қазақ КСР-не еңбегі сіңген мәдениет қызметкері В. Н. Линчевский мен Қазақ КСР-нің еңбегі сіңген әртісі В. Н. Кехтер шыққан.
Қ. Бекқожин атындағы №12 мектеп. Екінші Павлодарда орналасқан, 1959 жылдан сегіз жылдық, 1961 жылдан жаңа ғимаратта орта мектеп болып жұмыс істейді және 1995 жылы қазақ ақыны және Павлодар қаласының құрметті азаматы Қалижан Бекқожиннің (1913-1990) есімі берілген.
Мәшһүр Жүсіп атындағы орталық мешіт. 2001 жылдың қазанында ашылған. Қазақтың ойшыл ақыны, фольклоршы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің (1858-1931) есімі берілген.
Майра атындағы ән шығармашылығы мұражай-үйі.Мұражай-үй - Г. Н. Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы. 2001 жылы ашылған. Қазақстанның белгілі әншісі әрі композиторы Майра Уәлиқызы Шамсутдинованың (18Ш) 1927) есімі берілген.
© С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2011ж. www.pavlodarlibrary.kz