Абай
1945 жылға дейін 10 Март көшесі болған. Белгілі қазақ ақын-ағартушысы Абай Құнанбаевтың (1845-1904) туғанына 100 жыл толуына орай аталған.
Аймауытов
90 - жылдарға дейін қаланың солтүстік бөлігіндегі Лесозавод кентіндегі 36-кең өтпе жер. Баянауыл ауданының тумасы, саяси қуғын-сүргін құрбаны, қазақ жазушы-драматургі Жүсіпбек Аймауытовтың (1889-1931) құрметіне аталған.
Арғынбаев
1991 жылға дейін Лесозавод кентіндегі 1-сызық көшесі. Қазақтың халық ақыны Темірболат Арғынбаевтың (1889-1940) құрметіне аталған.
Әлсейітов
1991 жылға дейін Горзеленстрой кентіндегі 1-сызық көшесі. Қазақтың халық ақыны әрі сазгері Құдайберген Әлсейітовтың (1884-1933) құрметіне аталған.
Әуезов
XX ғасырдың 90-жылдарына дейін Лесозавод кентіндегі 32-кең өтпе жер. Белгілі қазақ ғалымы, академик және жазушы Мұхтар Әуезовтың (1897-1961) құрметіне аталған.
Байжанов
1991 жылға дейін Лесозавод кентіндегі 25-кең өтпе жер. Қазақтың белгілі халық ақыны, Қазақ КСР-нің Халық әртісі, Баянауыл ауданының тумасы Қали Байжановтың (1877-1966) құрметіне аталған.
Баймұратов
1991 жылға дейін Лесозавод кентіндегі 23-меридиандық өтпе жер. Қазақтың халық ақыны, Қазақ КСР-і өнеріне еңбегі сіңген қайраткер, Май ауданының тумасы Нұрлыбек Баймұратовтың (1887-1969) құрметіне аталған.
Бекхожин
Усолка ықшам ауданы. 1991 жылы қазақтың халық ақыны, Павлодар қаласының тумасы әрі Құрметті азаматы Қалижан Бекхожиннің (1913-1990) құрметіне аталды.
Всеволод Иванов
1975 жылға дейін Балқаш көшесі. Жазушы, Павлодар облысының тумасы Всеволод Вячеславович Ивановтың (1895-1963) туғанына 80 жыл толуына орай аталды.
Гоголь (тұйық көше)
Орыстың классик жазушысы Николай Васильевич Гогольдің (1809-1852) есімі берілген.
Достоевский (тұйық көше)
1919 жылға дейін 2-казактар тұйық көшесі. Қаланың ескі бөлігінде орналасқан. XIX ғасырдың аяғында казактар тұйық атауымен пайда болған. 1919 жылы орыстың демократ жазушысы Федор Михайлович Достоевскийдің (1821-1881) құрметіне аталды.
Дөнентаев
1991 жылға дейін Горзеленстрой кентіндегі 8-сызық. Қазақтың демократ ақыны, Ақсу ауданының тумасы Сәбит Дөнентаевтың (1894-1933) құрметіне аталған.
Естай
1919 жылға дейін 3-Мещанский тұйық көшесі. 1994 жылға дейін Бебель көшесі. Қазақтың белгілі ақыны, әншісі Естай Беркімбаевтың (1873-1946) құрметіне қайта аталған.
Жаяу Мұса
Қаланың оңтүстік бөлігінде орналасқан. Қазақтың халық ақыны, әнші Жаяу Мұса Байжановтың (1835-1929) құрметіне, 1985 жылы туғанына 150 жыл толуына орай аталған.
Жылқыбаев
1991 жылға дейін 4-өтпе жол. Қаланың солтүстік бөлігінде Лесозавод кентінде орналасқан. Қазақ ақыны, әншісі Май ауданының тумасы Байғабыл Жылқыбаевтың (1896-1977) құрметіне аталған.
Иса Байзақов
1950 жылға дейін Степная көшесі. Қазақ ақыны, әншісі әрі сазгері, Ертіс ауданының тумасы Иса Байзақовтың (1900-1946) туғанына 50 жыл толу құрметіне аталған.
Короленко
1950 жылға дейін Лассаль көшесі. Орыс жазушысы Владимир Галлактионович Короленконың (1853-1921) туғанына 100 жыл толуына орай қайта аталды.
Крылов
Екінші Павлодарда орналасқан. 1956 жылдан орыс мысалшысы Иван Андреевич Крыловтың (1769-1844) есімі берілген.
Лермонтов
1919 жылға дейін 8-Мещан тұйық көшесі, халық аузында Тюремный тұйық көшесі. XIX ғасырдың 80-жылдары онда түрме үйінің салынуымен пайда болған. Орыстың классик-жазушысы Михаил Юрьевич Лермонтовтың (1814-1841) құрметіне аталған.
Майра
Жаңа көшелердің бірі. XX ғ. 80-жылдары пайда болған. Қазақстанның халық әншісі, әрі сазгері, Павлодардың тумасы Майра Шамсутдинованың (1890-1927) құрметіне аталған.
Максим Горький
1919 жылға дейін 3-казактар тұйық көшесі. Қаланың ескі бөлігінде орналасқан. Орыстың классик жазушысы Максим Горькийдің (1868-1936) құрметіне аталған.
Маяковский
1943 жылға дейін 27-Февраля көшесі. Орыс ақыны әрі драматургі Владимир Владимирович Маяковскийдің (1893-1930) туғанына 50 жыл толуына орай қайта аталған.
Некрасов
Ертістің жағалауында қаланың ескі казак бөлігінде орналасқан. XIX ғасырда пайда болып, орыс ақыны Николай Алексеевич Некрасовтың (1821-1878) аты берілген.
Новоселов
1991 жылға дейін 34-кең өтпе жер. Орыс жазушысы, этнограф және Сібірдің қоғамдық қайраткері, Павлодар облысы Железинка ауданының тумасы Александр Ефремович Новоселовтың (1884-1918) құрметіне аталған.
Нұржанов
1991 жылға дейін - 10-сызық. Қаланың шығыс бөлігінде орналасқан. Қазақтың ақыны әрі аудармашысы Самат Нұржановтың (1902-1945) есімі берілген.
Павел Васильев
1965 жылға дейін - Клубная көшесі. 1965 жылы орыстың ақыны Павел Николаевич Васильевтің (1909-1937) туғанына 60 жыл толуына байланысты қайта аталған.
Сейфуллин
1964 жылға дейін - Ақмола көшесі. 30-жылдары саяси қуғын-сүргінде атылған қоғам қайраткері, жазушы Сәкен Сейфуллиннің (1894-1939) туғанына 70 жыл толуына байланысты қайта аталды.
Сорокин
1991 жылға дейін - 28- кең өтпе жер. Орыстың сібірлік жазушысы әрі суретшісі Павлодардың тумасы Антон Семенович Сорокиннің (1884-1928) құрметіне аталған.
Суров
1991 жылға дейін - 33- кең өтпе жер. Орыстың жазушы-драматургі КСРО Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте лауреаты, Павлодар қаласының тумасы Анатолий Алексеевич Суровтың (1910-1989) құрметіне аталған.
Толстой
1919 жылға дейін 1-Казактар тұйық көшесі. Қаланың ескі бөлігінде орналасқан. Көшенің бір бөлігі XIX ғ. екінші жартысында пайда болған. Орыстың классик жазушысы Лев Николаевич Толстойдың (1828-1910) құрметіне аталған.
Торайғыров
1993 жылға дейін Куйбышев көшесі. Қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан. XX ғ. 30-жылдары пайда болған. Қазақтың ақын демократы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың (1893-1920) туғанына 100 жыл толуына орай аталған. Торайғыров пен академик Сәтбаев көшелері түйісетін тұста ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровқа 2000 жылы ескерткіш қойылған.
Фурманов (тұйық көшесі)
ХХ ғ. 50-жылдары пайда болып, революционер - жазушы Дмитрий Андреевич Фурманов (1891-1926) құрметіне аталған.
Чернышевский
1919 жылға дейін - Церковная көшесі, 1920 жылдан 1928 жылға дейін - Потанин көшесі. XIX ғасырдың ортасында Коряков станицасындағы шағын казак тұйық көшелері ретінде пайда болған. 1928 жылы орыс жазушысы, әдебиет сыншысы демократ Николай Гаврилович Чернышевскийдің (1828-1889) туғанына 100 жыл толуына орай аталған. Көшедегі Павел Васильевтің музей үйі ауласында оған ескерткіш қойылған.
Чехов
Қаланың оңтүстік бөлігінде, орыстың классик жазушысы Антон Павлович Чеховтың (1860-1904) құрметіне аталған.
Шашкин
1991 жылға дейін Горзеленстрой кентіндегі - 2-сызық. Қаланың шығыс бөлігінде орналасқан. Қазақтың жазушы-драматургі, Баянауыл ауданының тумасы Зейін Шашкиннің (1912-1966) құрметіне аталған.
Шәріпов
1991 жылға дейін - 8-өтпе жер. Лесозавод орналасқан. Татар революционері, қазақстандық қоғам қайраткері жазушы Сабыр Шәріповтың (1882-1942) құрметіне аталған.
Шевченко
Қаланың шығыс бөлігінде орналасқан. XX ғасырдың 60-жылдары пайда болды және Украинаның ұлы ақыны, демократы, суретші Тарас Григорьевич Шевченконың (1814-1861) туғанына 150 жыл толуына орай аталған.
Щедрин
Екінші Павлодарда орналасқан. XX ғасырдың 50-жылдары пайда болған. Қаланың ескі бөлігіндегі Пушкин көшесінің жалғасы болып табылады. Көшеге орыстың белгілі жазушы-сатиригі Михаил Евграфович Салтыков-Щедриннің (1826-1889) аты-жөні емес, оның лақап аты Щедрин атауы берілген.
Ыдырысов
1991 жылға дейін 2-Широтная көшесі. Қазақ ақыны әрі аудармашысы, Ақтоғай ауданының (бұрынғы Краснокутск) тумасы Қабдыкәрім Ыдырысовтың (1928-1978) құрметіне аталған.
Ақпаратты дайындау кезінде Д.Э. Соколкиннің «Қаламыздың көшелері». - Павлодар, 2007 кітабынан мәліметтер пайдаланылды.
© С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2011ж. www.pavlodarlibrary.kz