Д.П.Багаев атындағы мұражай-үй 2001 жылдың 30 қаңтарында ашылды. Бұл үйде 1910 - 1958 ж.ж. Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің іргетасын қалаған, фотосуретші, өлкетанушы Дмитрий Поликарпович Багаев өмір сүріп, қызмет етті.
Музей ғимараты ХІХ ғ. аяғындағы мещандық тұрмыстың тарихи және архитектуралық ескерткіші болып табылды. Бұл Павлодарда бір ғана мемориалды музей және Қазақстан Республикасындағы фотограф - өлкетанушының рухына арналған жалғыз музей болып табылады.
Музей экспозициясы үш бөлме - залдарында орналасқан, үйге ХХ ғ. басында шебер бірегей фотопавильонды орнықтырды. Қорық усадьба бар. Шебердін заттары, фотоаппаратурасы және 50 жылға созылған фото шығармашылығы экспозицияда көрсетілген.
Сонымен бірге заманауи фотосуретшілердің шығармашылықтарына қатысты көрмелер жүйелі ұйымдастырылады. Басқа музейлермен мәдени байланыстар жақсы жолға қойылды.
Музейді мемлекеттік басқаруын Өкілетті орган - Павлодар облысының мәдениет басқармасы жүзеге асырады.
Музейдің негізгі экспозициясы Ленин көшесінде орналасқан архитектура ескерткіші ғимаратында орналасқан. 1890 жылы салынған. Онда бірінші гильдия көпесі А.Деровтың сауда үйі болған. Әкімшілік, ішкі бөлімдер ғимараттың екінші қабатында - бұрынғы пошта-телеграф конторасында орналасқан. Негізгі қор Ленин көшесі 129 үйдегі архитектура ескерткіші болып саналатын ғимаратта.
© С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2011ж. www.pavlodarlibrary.kz