Әбілев Дихан
(1907—2003)
Баянауыл ауданы
Дихан Әбілев 1907 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келді. Жетіжылдық бастауыш мектепті бітірген. 1934-1937 жылдары Семей ауылшаруашылық техникумын, Алматыдағы журналистер институтын бітірген. Жас кезінен әрнәрсеге зерек болып, өз бетімен хат тануға талпынған ақын. Дихан Әбілев туған ауылында, Қызылжар, Қарағанды, Алматы қалаларындағы мәдени-ағартушылық мекемелерінде, газет басқармаларында, Жазушылар одағында қызмет атқарды.
Жазушының алғашқы өлеңі «Қызыл әскерге» атты 1925 жылы Семейдегі «Қазақ тілі» газетінде жарияланды. Дихан Әбілевтің көптеген өлеңдері мен мақалалары республикалық газет-журналдарында жарияланып отырды. 1931 жылдары Баянауылда «Ленин туы» газетінде жауапты хатшы қызмет атқарды.
Соғыс алдында Дихан Әбілевтің аты ақын ретінде атағы шығады. 1937 жылы ақынның алғашқы «Қуат» атты өлеңі шығады. 1938 жылы «Шалқыма» поэмасы жарияланады, онда жетім баланың ащы тағдырын романтикалық бояумен суреттеген.
1939 жылы Дихан Әбілев Абай атындағы қазақ педагогикалық институтының аспирантурасына түседі және сол мекемеден соғысқа аттанады.
Ақын - жауынгер Дихан Әбілев Ұлы Отан соғысының жылдарынан өтеді. Соғыс кезінде шығарған өлеңдері біздің халықтың қиын-қыстау жылдарындағы патриоттық шығармалардың түп нұсқалық үлгісі болады. «Москва түбінде», «Майданбек», «Азия шындары», «Қазақ қызы», «Сүйіктім туралы жыр» және басқадай оның өлеңдері майдан газеттерінде басылды.
Осы жылдары ақын шығармашылығында әсіресе «Майданбек» поэмасы ерекшеленеді. Бұл шығармада бұрынғы дала шопанының қатардағы жауынгер-қазаққа айналуындағы шабытты-жолынды істері бейнеленген.
Соғыстан кейінгі жылдарда үлкен шығармашылық табыспен жазылған «Шолпан», «Тасқұлақ», «Дариға», «Махаббат тағдыры» поэмаларын атауға болады. 1951 жылы «Алтай әуендері» кітабы жарық көрді. Кейіннен ол осы тақырыпта «Алтай жүрегі» романын жазды, ақын азамат соғысы кезіндегі Алтайда болған үлкен тарихи оқиғаларды поэтикалық тілмен өрбіте білді. Дихан Әбілевтің поэтикалық шығармаларының бірқатары туған өлкесі - «Кіші Отанына» арналған: «Туған жерім-Баян», «Туған Павлодарыма сөз» атты өлеңдер. Ақын есебінде 30-дан аса өлеңдер мен поэмалар жинақтары бар.
1965 жылы Дихан Әбілевтің алғашқы прозалық шығармасы «Ақын арманы» атты жарыққа шығады, ол үш кітапті көркем шығарма.
Дихан Әбілев - жазушы, ақын, драматург, аудармашы. Оның «Қарулас достар», «Майра», «Біржан сал мен ақын Сара» пьесалары жазылған. Қазақ тіліне орыс, түрік, армян, шетел әдебиеттерін. Д. Әбілевтің шығармалары көптеген тілдеріне аударылды.
Д. Әбілев қазақ әдебиетін дамытуға қосқан өміріне белсене қатысқаны үшін Қазақ ССР жоғарғы кеңесі Президиумының жарлығымен оған «Қазақ ССР халық жазушысы» құрметті атағы беріледі, «Еңбек Қызыл Ту», «Қызыл жұлдыз», «Парасат», «Халық достығы», 1-дәрежелі Отан соғысы, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапаталған. 2001 жылы Павлодар облысы әкімінің грант иегері болды.
Әдебиеттер:
Әбілев Д. Алтай асулары: роман. - Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1961. - 307 б.
Әбілев Д. Арман жолында: роман. - Алматы: Жазушы, 1968. - 407 б.
Әбілев Д. Баянауыл баурайында: роман. - Алматы: Жазушы, 1975. - 375 б.
Әбілев Д. Дала солдаты: дастан. - Алматы: Жазушы, 1981. - 152 б.
Әбілев Д. Жақсы мен жаман: Өлеңдер мен поэмалар. - Алматы: Жазушы, 1994. - 336 б.
Әбілев Д. Бастау: өлеңдер. - Алматы: Жалын, 1980. - 48 б.
Әбілев Д. Көңіл гүлдері: өлеңдер мен поэмалар. - Алматы: Жазушы, 1987. - 192 б.
Әбілев Д. Майданбектің монологы: деректі әңгімелер. - Алматы: Қазақстан, 1990. - 192 б.
Әбілев Д. Махаббат құдіреті: повесть және әңгімелер. - Алматы, 1991. - 288 б.
Әбілев Д. Ой толғаулары: естеліктер. - Алматы: Жалын, 1981. - 240 б.
Әбілев Д. Таңдамалы. 2 томдық. - Алматы: Жазушы, 1984
Әбілев Д. Таңдамалы: Т.1-2 / Әбілев Д. - Алматы: Жазушы, 1977
Әбілев Д. Толғаныс толқындары: өлеңдер. - Алматы: Жазушы, 1979. - 199 б.
Әбілев Д. Уақытпен сырласу: өлеңдер. - Алматы: Жазушы, 1966. - 196 б.
Әбілев Д. Шалқыма. - Алматы: Қазмембас, 1950. - 132 б.
Әбілев Д. Сұлтанмахмұт: роман-трилогия. - Алматы: Жазушы, 1980
Әбілев Д. Өсімдіктер тіршілігінің кейбір сырлары. - Алматы: Мектеп, 1978. - 51 б.
Әбілев Дихан-баба. Жолаушы өмір: өлеңдер мен дастандар. - Алматы: Жазушы, 2001. - 192 б.
Әбілев Дихан. Бес томдық таңдамалы шығармалары: роман-трилогия. - Астана: Фолиант, 2005.
Т.1: Сұлтанмахмұт арманы. - 382 б.
Т.2: Сұлтанмахмұт арманы. - 382 б.
Т.3: Сұлтанмахмұт арманы. - 382 б.
Т.4: Толғаныс толқыны. - 503 б.
Т.5: Өлең өлкесі. - 413 б.
Әбілев Дихан. Көкжиек: өлеңдер, балладалар. - Алматы: Балауса, 1992. - 224 б.
Әбілев Дихан. Махаббат құдіреті: повесть және әңгімелер. - Алматы: Жазушы, 1991. - 288 б.
Әбілев Дихан. Көп томдық шығармалар жинағы. - Алматы: Қазығұрт - Т.2: Повесть, дастандар, толғау, арнау өлеңдер. - 2007. - 310 б.
Әбілев Дихан. Жақсы мен жаман: өлеңдер мен поэмалар. - Алматы: Жазушы, 1994. - 336 б.
***
Әбілев Дихан - баба (1907-2003) // Қазақстан жазушылары: анықтамалық. - Алматы, 2009. - 55-56 б.
Ақын арманы өлмейді (Дихан Әбілев) // Алдабергенов Қ. М., Арын Е. М., Баткеева Б.Т. Бір туар дара тұлғалар. - Павлодар, 2003. - 220-227 б.
Шамкенов Аманжол. Ой-толғам: мақалалар. - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2001. - 176 б.