Байғалы Шолпан Байғалықызы
Қашыр ауданы

Байғалы Шолпан Байғалықызы - Ақын, журналист Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі, Павлодар қаласының Құрметті азаматы. 1948 жылы 20 тамызда Павлодар облысының Ақтоғай ауданында Жаңатап ауылында туған. Бір жасынан бастап Тереңкөл (бұрынғы Қашыр) ауданының Қызылтаң ауылында тұрып, тәрбиелені, сондағы мектепті тәмамдайды.
Алғашқы өлеңдері Қызыл таң ауылында 7 сыныпта оқып жүргенде республикалық «Қазақстан әйелдері» журналында одан кейін облыстық «Қызыл ту», «Қазақстан пионері», «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде жарық көрген. Тұңғыш жазған «Ауылым», «Туған жер» деген өлеңдеріне жергілікті сазгер Мейрам Ермекбаев ән жазған топтамаларым жарық көрді.
1967 жылы облыстық «Қызыл ту» газетіне корректор болады. 1968 жылы Қазақтың С.М. Киров атындағы мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне оқуға түсіп, 1974 жылы сырттай оқып бітіреді. 1972 жылы «Жалын» баспасынан «Көктем тынысы» жастар жинағына топтамасы енген. Облыстық радио және телевизия хабарларын тарату комитетінде жастар хабарының редакторы болған. «Қызыл ту» (қазіргі «Сарыарқа самалы») газетінде тілші, бөлім меңгерушісі сияқты журналистік жолында шығармашылығымен облыс жұртшылығына танылды. ИнЕУ-де журналистерге дәріс береді. Облыстық «Ақ жаулық» газетінің редакторы, одан кейін «Айбар», «Ертіс-Бизнес», «Айбат» газеттерін шығарды. 70-80-ші жылдары облыста ақындар айтысын қайтадан жандандыруға ат салысқан және республикалық айтыстарға қатысқан.
Әр жылдары «Көктем тынысы» (1972 ж.) өлеңдер топтамасы, «Ай-нұрым менің» (2000 ж.), «Еркелеймін Ертіске» (2003 ж), «Сезімді қайтем тулаған» (2006 ж.), «Қазақ журналистикасының тарихынан лекция курсы» (2008 ж.), «Сыр сандық» (2009 ж.) өлең-әңгімелері, сонымен қатар «Сағым уақыт» (2013 ж.) эссе кітабы, «Толқиды Ертіс» (2015), «Қызылтан-алтын бесігім» (2016 ж.) естелік әңгімелері, «Таңшолпан» (2018 ж.), «Менің тәтті тағдырым» (2019 ж.) атты өлеңдер жинағы, «Ай-тұмар» (2021 ж.) атты туындылар жарық көрді. Сондай-ақ жергілікті орыс ақыны Ю.Примак, О.Григорьеваның, Н.Ваккердің орыс тіліндегі өлеңдерін қазақшаға тәржімалаған.
Әдебиеттер
Байғалы Шолпан Ай-нұрым менің : өлеңдер [Э-цифрленген кітап]. / Ш. Байғалы. – Павлодар : ЭКО, 2000. – 71 б.
Байғалы Шолпан Еркелеймін Ертіске : [Е-кітап көшірмесі]. / Ш. Байғалы. – Павлодар : ЭКО, 2003. – 180 б.
Байғалы Шолпан Сезімді қайтем тулаған : өлеңдер [Э-цифрленген кітап]. / Ш. Байғалы. – Павлодар : ЭКО, 2006. – 115 б.
Байғалы Шолпан Қазақ журналистикасы тарихы пәнінен лекция курсы : [Е-кітап көшірмесі]. / Ш. Байғалы; Инновациялық Еуразия университеті. – Павлодар : ЭКО, 2008. – 1 электрон. опт. диск (CD-ROM)
Байғалы Шолпан Сыр сандық : [Е-кітап көшірмесі]. / Ш. Байғалы. – Павлодар : ЭКО, 2009. – 252 б.
Байғалы Шолпан Сыр сандық : телеэссе, өлендер. / Ш. Байғалы. – Павлодар : ЭКО, 2009. – 252 б.
Байғалы Шолпан Сағым уақыт / Ш. Байғалы. – Павлодар : Brand Print, 2013. – 408 б.
Байғалы Шолпан Толқиды Ертіс : өлеңдер жинағы. / Ш. Байғалы. – Павлодар : Типография Сытина, 2015. – 142 бет
Байғалы Шолпан Қызылтаң -алтын бесігім : естелік әңгімелер. / Ш. Байғалы. – Екібастұз : PrimaLux, 2016. – 279 б.
Байғалы Шолпан Таңшолпан : 1 кітап. / Ш. Байғалы. – Павлодар : ЭКО, 2018. – 496
Байғалы Шолпан Менің тәтті тағдырым : өлеңдер жинағы. / Ш. Байғалы. – Павлодар : ЭКО, 2019. – 176 б.
Байғалы Шолпан Ай-тұмар / Ш. Байғалы. – Павлодар : Сытин А. А., 2021. – 144 б.
****
Байғалы Шолпан Ардагер журналистің кеші // Сарыарқа самалы. – 2018. - 20 қараша. - 5 б.
Байғалы Шолпан Белгілі азаматтардың белгісіз әйелдері // Найзатас. – 2013. – №4. - 61 - 86 б.
Байғалы Шолпан Ертістің ерке қызы // Сарыарқа самалы. – 2018. - 18 тамыз. - 8 б.
Байғалы Шолпан Жақсылар жасап өткен талай-талай // Ақбеттау. – 2018. - № 4 (5). желтоқсан. - 80 - 88 б.
Байғалы Шолпан Қызыл туға" қалай келдім... : ("Сарыарқа самалына" // SARYARQA
Байғалы Шолпан Алдымнан өтер ме едің көлбең етіп...: (Естелік) // Сарыарқа самалы. – № 24 (27 ақпан). - 4 б. 2018
Байғалы Шолпан Белгілі азаматтардың белгісіз әйелдері // Найзатас. – №4. - 61 - 86 б. 2013
Байғалы Шолпан Жүрегімнің төріндесің, туған жер... : (Поэзия). // Найзатас. – 2017. - №6. - 86 - 93 б.
Байғалы Шолпан Тәуелсіздік : (Поэзия) // Сарыарқа самалы. – 2016. - 22 желтоқсан. - 19 б.
Байғалықызы Шолпан Орамал: Өлең // Сарыарқа самалы. – 2003. - 28 тамыз. – 5 б.
Байғалы Шолпан Жаңғырық : (Поэзия) // Naizatas. – 2021. - №2. - 126 – 135 б.
Байғалы Шолпан Кәріпбектің шәркейі // SARYARQA SAMALY. – 2021. - 28 тамыз. - 8 б.
Байғалы Шолпан Семей ядролық полигонының жабылғанына - 30 жыл // Ақбеттау. – 2021. - №3(16). - 90 - 96 б.
Байғалы Шолпан Торғын жіптей құлпырушы еді // Ардагер-Ветеран. – 2022. - 3 наурыз. - 6 б.
Байғалы Шолпан Ақбеттау (Арнау). // Ақбеттау. – 2022. - №2. - 16 - 17 б.
***
Амантайұлы Жарқынбек Жүректен тулап шықты өлең // Сарыарқа самалы. – 2017. - 23 мамыр. - 8 б.
Әбділұлы А Көңіл күнделігі // Сарыарқа самалы. – 2018. - 8 желтоқсан. - 12 б.
Жақсылықова Ж. Көктем жыры // Сарыарқа самалы. – 2016. - 12 наурыз. - 7 б.
Қайыров Ербол Ақынның «Ай-тұмары» // SARYARQA SAMALY. – 2021. - 22 сәуір. - 15 б.
Мархаба Т Ақын ана // Сарыарқа самалы. – 2018. - 25 тамыз. - 12 б.
Сахаба Тілеуберді Ұрпаққа азық болар туынды // SARYARQA SAMALY. – 2021. - 8 маусым. - 8 б.
Хонж Алпысбай Өлеңім- менің өмірім // Сарыарқа самалы. – 2019. - 29 қаңтар. - 5 б.