Байзақұлы Иса
(1900 - 1946)
Ертіс ауданы

3 қыркүйекте Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Үлгілі аулында дүниеге келген. Әкесі Байзақ, шешесі Ғазиза сауықшыл, өнерпаз адамдар болған. Ол кісілер Иса 9 жасқа шыққанда қайтыс болып, өлеңші, әңгімеші әжесі Жанбаланың бауырында жетіледі. Жастайынан өнердің ортасында өскен Иса ақындық, әншілік, домбырашы өнерімен ауыл аймаққа әйгілі болып, көзге түседі.
Он жасынан жалшылықпен күнелтіп, Сібір шахталарында жұмыс істейді. 1919-20 жж. ел ішінде Бағит, Құдайберген деген ақындармен айтысып, жеңеді. 1921 жылы Семейде жұмысшы факультетінде оқиды, драма үйірмелеріне белсене қатысып өнерпаздығын танытады. 1922 жылы Орынбордағы Қазақ ағарту институтына оқуға түседі. Өлеңдері баспасөзде тұңғыш рет 1924 жылы жарияланды.
1926 жылы Қызылордада қазақтың тұңғыш ұлт театры ашылғанда, М. Әуезовтың «Еңлік - Кебек», «Бәйбіше - тоқалында» басты рөлдерде ойнайды. «Заулатшы-ай» (1926), «Қалқа» (1927), «Ісмет», «Назқоңыр» (1927), 40-тан астам халық әндерінің сөздерін жаңа заманға,өмір салтына сәйкес қайта жазады. Репертуарындағы халық әндерінің көпшілігі «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан», «Ер Тарғын» операларына енеді. 1931-1940жж. Алматы, Қарағанды, Семей қалаларында радиода, Жазушылар одағында қызмет етеді, Оңтүстік Қазақстан облысында тұрып, ауыл-ауылды аралап жалынды өлеңмен, асқақ өнермен үгітшілік қызмет атқарады. Оның атақты «Желдірмелері» (бес желдірме) халық арасына кеңінен тарады.
Шығармалары бірнеше рет жеке кітап болып басылды, орыс тілінде де жарияланды (1967). Жазушы Н.Ановтың «Ән қанаты» романында (1956), осы аттас кинофильмде (1962) әнші-ақынның көркем бейнесін жасады.
ИЭпикалық шығармалары: «Құралай сұлу» (1925), «Қойшының ертегісі» (1926), «Алтай аясында»( 1939), «Кавказ» (1941), «Қырмызы Жанай» (1940), «Ақ бөпе» (1945), «Неге Алатау шаттанды», «Ұлы құрылыс» (1933), «Он бір күн, он бір түн» атты поэмалары адамгершілікті, махаббатты, жаңарған өмір мен мәдениеттің құдіретті күшін терең образдар, теңеу салыстырмалар арқылы бере білген туындылар болып саналады.
Алғашқы кезде Иса фольклорші-этнограф А.В. Затаевичке «Көкем», «Бике», «Жар-жар», «Танысу» халық әндерін хабарлап жаздырады, ал 1930 жылдары музыка зерттеуші қайраткер Б.Г. Ерзаковичке «Алтай», «Кең сарай», «Қалқа», «Кербез сұлу», «Гәкку» т.б. халық арасына кең тараған, ойнау шеберлікпен кең тынысты әндерді жаздырады.
Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.
Әдебиеттер:
Байзақов И. Ақ бөпе: таңдамалы. - Астана: Елорда, 2000. - 367 б.
Байзақов И. Ақ бөпе: поэмалар. - Алматы: Жалын, 1984. - 136 б.
Байзақов И. Ақбөпе. - Алматы: Қазбірмембас, 1945. - 60 б.
Байзақов И. Екі томдық таңдамалы шығармалар. - Алматы: Жазушы, 1983
Байзақов И. Құралай сұлу: поэма мен өлеңдер. - Алматы: Жазушы, 1971. - 383 б.
Байзақов Иса. Құралай сұлу: өлеңдер мен поэмалар. - Алматы: Атамұра, 2007. - 192 б.
Байзақов И. Шығармалары. - Алматы, 1956. - 487 б.
Исаның әні Желдірме: өлең // Халық әндері. - Алматы, 2000. - 3 т. - 170 б.
***
Байзақов Иса // Ақын-жыраулар. - Алматы, 1979. - 34-35 б.
Байзақов Иса // Қазақ өнері: энциклопедия. - Алматы, 2002. - 105-106 б.
Байзақов Иса // Қазақ ССР: қысқаша энциклопедия. - 4 томдық. - Алматы, 1989. - 4 т. - 163 б.
Байзақов Иса // Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. - 6 томдық. - Алматы, 1999. - 2 т. - 56-57 б.
Ақын Иса. - Павлодар, 2000. - 158 б.
Анов Николай. Ән қанаты: роман / ауд. С.Ақтаев. - Алматы: Жалын, 1979. - 432 б.
Асқарұлы Х. Ертіс өрендері: деректі басылым. - Алматы: Ер-Дәулет, 1997. - 138 б.
Байзақов И. / С.Торайғыров атындағы Павлодар МУ-нің Е. Бекмақанов атындағы «Өлке тарихы мен этнографиясын зерттеу орталығы». - Павлодар: ЭКО, 2003. - 184 б. - (Кереку-Баян кітапханасы; «Рухнама», 16 кітап)
Байзақова М. Өнердегі өмір: естелік толғау. - Алматы: Жалын, 1977. - 125 б.
Балтабай Ғ.Қ. Иса ақын және оның ұрпақтары. - Павлодар: ЭКО, 2008. - 56 б.
Жақсыбаев Ахат. Иса ақын. Бірінші кітап: роман. - Алматы: Елорда, 2010. - 400 б.
Иса Байзақов // Екімынжылдық дала жыры.- Алматы, 2000. - 359-363 б.
Иса Байзақов - суреткер ақын // Қирабаев С. Тәуелсіздік рухымен: зерттеулер, мақалалар, естеліктер. - Алматы, 2002. - 268-281 б.
Момынұлы П. Қазақ музыкасының қысқаша тарихы. - Алматы: КАЗақпарат, 2002. - 334 б.
Хасенов М. Иса Байзақовтың ақындығы мен стильдік ерекшелігі. - Алматы: Ғылым, 1976. - 175 б.
Шамкенов А. Ой-толғам: мақалалар. - Павлодар: ЭКО, 2001. - 176 б.