Горбунов Сергей Александрович
Павлодар қаласы

Сергей Александрович Горбунов (1950 ж. 20 сәуір, Павлодар) - тілші, жазушы.
1976 жылы ҚазМУ журналистика факультетін аяқтады.
«Строитель» көптиражды газетінде, «Звезда Прииртышья» облыстық газетінде, қоғамдық-саяси теледидар редакциясының редакторы болып жұмыс істеді.
Қазіргі кезде Павлодар облысы бойынша «Казахстанская правда» газетінің арнайы тілшісі.
2000 жылы ҚР Президентінің «Журналистикалық жұмыстар арасындағы терең шығармашылық ізденісі үшін» грантын алды.
2001 жылы «Красно-белый дед» әңгімелер жинағы жарыққа шықты.
2006 жылы - «Поезд дальнего следования».