Исабаев Қалмұқан
Баянауыл ауданы

Қалмұқан Исабаев1925 жылы 25 тамызда Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. Ұлы Отан соғысының ардагері. 1954 жылға дейін КСРО Қарулы күштерінің Германиядағы батыс тобында қала коменданты болып қызмет атқарған.
1961 жылы ҚазМУ-ді бітірген, 1955-1985 жылдары «Социалистік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер, «Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар Одағы жанындағы әдебиетті насихаттау бөлімінің директоры болды.
Қ.Исабаевтың әңгіме, очерктері баспасөзде 1954 жылдан жариялана бастады. Алғашқы «Баян» әңгімелер жинағы 1959 жылы жарық көрді. Кейін «Ажал құрсауында» (1961), «Жұмбақ үй» (1962), «Бетпе-бет» (1963), «Соңғы тәулік» (1966) повесть, әңгіме, очерктер жинақтады. «Сұңқар самғауы» (1966), «Айқыз» (1967), «Жолдас комендант» (1975), «Көгілдір қазына» (1978), «Серт» (1982), «Арна» (1984) т.б. романдары басылды.
Жазушы Ертіс-Қарағанды каналының жобасымен танысып, оның бойын жаяу аралады. Он бес жыл өмірін канал құрылысшылары арасында өткізіп, ол туралы кітап жазды. Әр түрлі өзекті тақырыпқа арналған 300-дей көркем очерк, ғылыми және мәселелік мақалалары жарияланды. Кітаптары орыс, неміс және басқа тілдерде жазылған. «Қызыл жұлдыз», Еңбек Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендері және медальдарымен марапатталған. 2003 жылы Президент Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды.
Әдебиеттер:
Исабаев Қ. Айқыз: роман. - Алматы: Жазушы, 1967. - 207 б.
Исабаев Қ. Айқыз: роман. - Алматы: Жазушы, 1977. - 256 б.
Исабаев Қ. Арна: роман. - Алматы: Жазушы, 1984. - 320 б.
Исабаев Қ. Бақытты сәттер: өмірбаяндық повесть, эссе, әңгімелер. - Алматы: Жалын, 1989. - 288 б.
Исабаев Қ. Баян. Әңгімелер жинағы. - Алматы, 1959. - 15 б.
Исабаев Қ. Бетпе-бет: роман. - Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1963. - 284 б.
Исабаев Қ. Жолдас комендант. - Алматы: Жазушы, 1975. - 388 б.
Исабаев Қ. Жұмбақ үй: әңгімелер мен очерктер. - Алматы: Қазмемкөркемәдеббас, 1962. - 108 б.
Исабаев Қ. Комендант: екі кітаптан тұратын роман. - Алматы: Жазушы, 1998. - 384 б.
Исабаев Қ. Көгілдір қазына. - Алматы: Қайнар, 1978. - 120 б.
Исабаев Қ. Мұндайлар болған: повестер. - Астана: Елорда, 2003. - 232 б.
Исабаев Қ. Өрде: роман. - Алматы, 1978. - 264 б.
Исабаев Қ. Өсиет: романдар. - Астана: Астана-Полиграфия, 2008. - 608 б.
Исабаев Қ. Өткелде: роман. - Алматы: Жазушы, 1974. - 312 б.
Исабаев Қ. Серт: роман. - Алматы: Жазушы, 1981. - 192 б.
Исабаев Қ. Серт: роман. - Алматы: Жазушы, 1991. - 461 б.
Исабаев Қ. Соңғы тәулік. - Алматы: Жазушы, 1969. - 171 б.
Исабаев Қ. Соңғы тәсіл: повестер мен әңгімелер. - Алматы: Жазушы, 1987. - 432 б.
Исабаев Қ. Сұңқар самғауы: роман. - Алматы: Жазушы, 1966. - 140 б.
Исабаев Қ. Шоң би: роман: Үшінші кітап. - Алматы: Жазушы, 1993. - 222 б.
Исабай Қ. Шоң би: трилогия. - Астана: Елорда, 2005. - 672 б.
Исабай Қ. Алғы шепте: новеллар. - Алматы: Санат, 2005. - 240 б.
Исабай Қ. Берлин «Абайштрассе». - Алматы: Қағанат, 2002. - 128 б.
***
Исабаев Қалмұқан // Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 6 томдық. - Алматы, 2002. - 4 т. -316 б.
Исабаев Қалмұқан // Қазақ ССР: Қысқаша энциклопедия. 4 томдық. - Алматы, 1989. - 4 т. -279 б.
Исабай Қалмұқан // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр. Анықтамалық. - Алматы, 2004. - 150 б.