Қани Арман Бақтанұлы
Павлодар қаласы

Ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Жазушылар одағы Павлодар облыстық филиалының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Павлодар қаласы және Баянауыл ауданының Құрметті азаматы.
Арман Қани 1954 жылғы 22 ақпанда Павлодар қаласында туған. Жаяу Мұсаның туған жиеншары, Мәдидің аталас ағайынының ұрпағы, Арқаның екі бірдей күрескер ақын-композиторын өмірде де, өнер ниетте де өзіне үлгі тұтып өскен.
Ақынның алғашқы өлеңдеріне 1980 жылдардың бас кезінде, республикалық әдеби басылымдар беттерінде қазақ поэзиясының көрнекті тұлғалары Жұмекен Нәжімеденов, Қуандық Шаңғытбаев жылы лебіз білдіріп, шығармашылығына сәт сапар тілеген. Тұңғыш жинағына Қазақстанның Халық жазушысы Мұзафар Әлімбаев толымды пікір білдірді.
Топтама өлеңі Қазақстан жас ақындарының «Қарлығаш» ұжымдық жыр жинағына (Алматы, 1984 ж.) енген. «Ар алдында» (Павлодар, 2001 ж.), «Қызыл түнектегі ақ бұрқақ», «Тамшылар» (Павлодар, 2004 ж.), «Шындықпен бетпе-бет» (Алматы, 2006 ж.), «Жұлдызды тұман» (Павлодар, 2008) жыр жинақтары жарық көрген.
А. Қани - Қазақстан шығармашыл жастары «Жігер» фестивалі дипломының иегері (Алматы, 1983 ж.), Павлодар қаласы шығармашыл зиялылары «Қауышу» слётінің «Жылдың үздік ақыны» атағы иегері (2001 ж.), «Бір өлең - бір әлем» республикалық мүшәйрасының І орын жүлдегері (Алматы, 2008 ж.), Павлодар облысы мен облыстық радионың 70 жылдығына арналған «Туған жер - алтын діңгек» республикалық мүшәйрасы бас жүлдесінің жеңімпазы (Павлодар, 2008 ж.).
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, «Павлодар облысына сіңірген еңбегі үшін», «Тіл жанашыры» Құрмет белгілерінің иегері. «ҚР-ның Тәуелсіздігіне - 20 жыл» «ҚР-ның Тәуелсіздігіне - 25 жыл», «Павлодар облысына - 75 жыл», «Невада-Семей» қозғалысына – 25 жыл», «Желтоқсан оқиғасына 30 жыл», «Қазақ хандығына – 550 жыл» мерекелік медальдарымен наградталған. Ресей Лермонтов комитетінің «Қайсын Құлиев» медальінің иегері (2019 ж.)
1990 жылдан бастап "Ертіс дидары" газетінің журналисті, редакторы (1999 – 2018) болып жұмыс істеді.
Азия қаламгерлерінің І форумының қатысушысы (2019 ж.)
Әдебиеттер:
Қани Арман Үйлесім = Гармония / А. Қани; орыс тіл. ауд. В. Семерьянов. – Павлодар: "Типография Парасат", 2014. – 256 б.
Қани Арман Шындықпен бетпе-бет: Жыр жинағы [Э-цифрленген кітап]. / А. Қани. – Алматы: ҚАЗақпарат, 2006. – 178 б.
Қани Арман Шындықпен бетпе-бет, ар алдында : өлең жинақтары. / А. Қани; құраст., жауапты ред. А. Ж. Құдабаев; бас ред. Е. Арын. – Павлодар: ЭКО, 2011. – 222 б.
Қани Арман. Ар алдында: жыр жинағы. - Павлодар, 2001. - 108 б.
Қани Арман. Қызыл түнектегі ақ бұрқақ: жыр жинағы. - Павлодар, 2004. - 214 б.
Қани Арман. Тамшылар: жыр жинағы. - Павлодар, 2004. - 72 б.
Қаниев Арман // Қазақстан жазушылары : анықтамалық / құраст.: Қ. Саят, Қ. Жұмашева. - Алматы, 2009. - 229 б.
Қани Арман Қарашығымдағы бейнелер / А. Қани. – Павлодар: ЭКО, 2019. – 112 б.
***
Қани Арман Сыр ашу // Naizatas. – 2019. - № 1(44). - 43 б.
Кани Арман. "...Вселенная услышит голос вещий":[стихи] // Звезда Прииртышья.- 2013.- 7 ноября. - С. 6
Кани Арман. Стихи: // Найзатас.- 2018. - №1. - С. 131 - 134
***
Ақындық жолыммен жүріп келем // Naizatas. – 2019. - № 1(44). - 16 - 31 б.
Бекзат қалам, өнеге алып өзіңнен // Сарыарқа самалы. – 2019. - 21 ақпан. - 14 - 15 б.
Әйтенов Социал Қажырлы қаламгер: // Naizatas. – 2019. - № 1(44). - 34 - 35 б.
Бөжен Бейбіт Көкшулан // Naizatas. – 2019. - № 1(44). - 45 б.
Вервекин Александр. Потомок Жаяу Мусы // Звезда Прииртышья.- 2014. - 25 февраля. - С. 3
Жүгінісова Алмагүл Мұндасу // Naizatas. – 2019. - № 1(44). - 42 б.
Кисенко Марина. Поздравили мастеров слова // Звезда Прииртышья.- 2015. - 29 декабря. - С. 1, 2
Қабділәшім Еламан "Менің ісім - өлеңді қорғау..." // Қазақ әдебиеті. – 2019. - 8 - 14 ақпан. - 7 б.
Қабділәшім Еламан Менің ісім - өлеңді қорғау // Naizatas. – 2019. - № 1(44). - 36 - 41 б.
Қоғабай Жұмағали Жолбарыс сүрлеуі жолындағы // Naizatas. – 2019. - № 1(44). - 32 - 33 б.
Мейрамова Гүлзат Арман ағама. (Арнау) // Naizatas. – 2019. - № 1(44). - 45 - 47 б.
Первый из Павлодара // Звезда Прииртышья. - 2016. - 6 сентября. - С. 3
Приходченко Илья. Несколько слов о "Гармонии" // Звезда Прииртышья.- 2014. - 4 сентября. - С. 2
Сапаров Ғабит Жұбату. (Арман Қаниға арнау) // Naizatas. – 2019. - № 1(44). - 43 - 44 б.
Тұрғанбек Асығат Талпыну. (Арман Қаниға арнау) // Naizatas. – 2019. - № 1(44). - 44 - 45 б.
Хонж Алпысбай Алаштың Арманы - асқар биігінде // SARYARQA SAMALY. – 2019. - 26 ақпан. - 8 б.
Юрченко Марина. Очарованные поэзией // Новое время - 2014. - 11 сентября. - С. 7