Новоселов Александр Ефремович
(1884-1918)
Железинка ауданы
Александр Ефимович 1884 жылдың 5 қарашасында Железинде казак офицер отбасында туған. 1896-1901 жылдары казак пансионында оқып, ең үздік оқушы ретінде Омбыдағы кадет корпусіне жіберілді. Бірақ әскери қызмет, әуесқор баланың жанына жақын болған жоқ. Соңғы емтихандарға аз уақыт қалғанда Омбыдағы оқуын тастап ол туған ауылына қайтып оралады. 1903-1907 жылдары ауыл мұғалімі, Сібір казак әскерінің Омск қалалық пансионатының тәрбиешісі. Осы жылдардан бастап Омск қаласындағы газет пен журналдарда әдеби шығармаларын баса бастайды.
Ең танымал шығармасы М.Горькиймен жоғары бағаланған «Боловодье» туындысы. А.Ф. Новоселовтің әдеби қызметі, 1903 жылда Омбылық «Степной край» газетінде жарияланған, «Катька» шығармасынан басталды. Оның артынан «Исишкина мечта», «Степное», «Санькин марал» және «Илья Кузьмич» шығармалары да өз орнын тапты. Осы кезден бастап, жазушының шығармалары мен очерктері Семей, Омбы, Барнаулдың мерзімді басылымдарында жүйелі жариялана бастап, оқырман қауымның қызығушылықтарымен пайдаланды. Осы кезден бастап, жазушының шығармалары мен очерктері, Семей, Омбы, Барнаулдың мерзімді басылымдарында жүйелі басылып шыға бастап, оқырман қауымның қызығушылығымен пайдаланады. Ал 1911 жылы, баспада, Александр Новоселов туралы «На пасеке» шығармасы жарық көргеннен соң, оны Сібірдің болашақ Толстойы деп атай бастады... 1913 жылы жас дарынды прозаиктің шығармаларын А.М. Горький белгіледі. Ол А. Новоселовтің шығармаларымен танысып, оларды «Сібірлік жинаққа» қосуды ойлады.
А. Новоселовтің әдеби мұрасының бір бөлігі ескі дәстүрлік тарихына арналған: «Жабья жизнь» әңгімесі, «Беловодье» және «Мирская» повесттері. 1915 жылы ол баспаға «Лицо моей родины», очерктер кітабін дайындады. Оның ішіне «Ертіс очерктерінен» басқа «Сибирский кинемо» және «Халықтық мұғалімнің жазбалары» әңгімелер циклі кірді. 1916 жылы бұл кітап «Огни» баспасында басылуға дайындалды, бірақ күйзеліс басталғаннан соң, бұл материал авторға қайтарылып берілді. Кітап сол күйінде жатып қалды, себебі келіп түскен революция әдебиетшіні саяси қайраткер қылды.
1917 жылдың басында елде ақпандық революция басталды. Революционерлік қозғалыстың апаты Александр Новоселовті де өзінің саяси иіріміне тартып алды. Маусымда ол эсерлік партиясына кірді, ал желтоқсанда, Владивостокта орналасқан, Сібірлік облыстық думасының министрлер Одағына сайланған болатын. Келесі жылдың қыркүйек айында министрлер Одағы бар болуын тоқтатты, ал Новоселов Омбы қайтып оралып келді. Ал 1918 жылдың 21 қыркүйек күні түнде, Омбылық гарнизонның басшысының бұйрығымен ол тұтқындалып, және көп ұзамай оны өлтіріп тастады. Ол 34 жасында, аңсаған көп армандарына қол жеткізе алмай, өмірден кетті.