Окольничья Татьяна Владимировна
Павлодар қаласы
Татьяна Окольничья 1949 жылы 19 қазан күні Павлодар қаласында дүниеге келген. Өзі аяқтаған №15 орта мектебінде физика және математика мұғалімі болып жұмыс істеген. Сол мектепте суреттен сабақ берген. Бұдан кейін көптеген жағдайларға байланысты мамандығын ауыстырды. Радиоактивтілікті бақылау бойынша инженер-физик, кейін Павлодар химия және мұнай өңдеу зауытында жұмыс істейді.
1981 жылы Татьяна Владимировна П.Васильев атындағы әдеби бірлестікке кіреді. Татьяна Окольничья осы күнге дейін бірлестіктің белсенді қатысушыларының бірі болып табылады.
Татьяна Окольничья П.Васильев атындағы әдеби бірлестікті басқарып, оның төрағасы болды.
Татьяна Окольничьяның табиғат, туған қала, жақсы адамдар туралы өлеңдері жетерлік. Алайда өлеңдерінің басты тақырыбы - Махаббат болып табылады. Окольничьяның махаббат лирикасы - бұл қапарайым сөздермен жазылған әйел затының сезімі, ішкі сезім күйзелісінің әлемі.
Татьяна Окольничья өзінің «Золотое мое горенье...» өлеңі кітапшасының қысқаша сипаттамасында: «Шығармаларымның қанша және қайда жарияланғанына емес, поэзияға қызығушылығымның арқасында шығармашылықтың айқын жалыны жүрегінен өшпейтін тартымды әрі тамаша адамдармен танысқаныма қатты қуанамын» деп жазады.