Сорокин Антон Семенович
(1884 - 1928)
Павлодар қаласы
Антон Сорокин 1900 жылдан бастап шығармалар жаза бастайды. Шығармаларының басты тақырыбы - алтынның адамдарды билеуі еді. В.Э. Мейерхольд жазушының «Алтын» атты пьессасын В.Ф. Комиссаржевская театрының сахнасында қоймақшы болады, алайда цензураға байланысты қойылымына тиым салынады. Антон Сорокиннің «Хохот Жёлтого Дьявола» (алғашқы рет 1914 жылы «Омбы жаршысы» газетінде жарияланды) соғысқа қарсы повесі жазушы шығармашылығының шыңы болып табылады.
Революциядан кейін Сорокин Омбының әдеби өміріндегі ең маңызды орындардың бірін ала бастайды. Өз заманында Антон Сорокин Давид Бурлюктан «Кемеңгерлікті растайтын кәуәлік» алған. Ақыр соңында Антон Сорокин өз оқушыларына да куәлік бере бастайды. Сорокин үйіне келген барлық жас әдебиетшілерді өзінің оқушылары деп есептеген. Лермонтов көшесіндегі жазушының үйі (қазіргі кезде Лермонтов көшесі, 28а) әдебиетшілер мен суретшілерді біріктіретін әдеби-көркем клуб болған. Бұнда В. В. Иванов, Л. Н. Мартынов, А. И. Алдан-Семенов, Л. Сейфуллина және тағы басқалар келіп жүрді. Иванов пен Мартыновты Сорокин өзінің ең үздік оқушылары санаған.
1926 жылы Сорокин Сібірлік жазушылар одағының мүшесі, сондай-ақ Омбы қаласы мемлекеттік баспаның сібірлік бөлімшесі жанындағы әдеби-көркем секциясы, ғылым, әдебиет және өнер қызметкерлері ұйымының мүшесі болған.
1928 жылы Қырымға емделуге аттанады, алайда жол үстінде Мәскеу қаласында қайтыс болады. Антон Сорокин Ваганьковский зиратында жерленген.
***
Жұмахметұлы Ермек. Тар қапасытың дәмін татқан ақын-жазушылар // Жалын.- 2013.- №4. - 91 - 93 б.- ISSN 1618 - 0842