Алақанұлы Ақын
Павлодар қаласы

Жазушы, журналист, 1990 жылдан Монғолия, 1993 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. ҚР Құрмет грамотасының иегері, Павлодар облыс әкімі сыйлығының иегері. 2010 жылы «Нұр Отан» халықтық – демократиялық партиясы жариялаған «Елім деп соққан жүрегім» атты жалпы республикалық шығармашылық бәйгеде «Азан» атты әңгімесі проза жанрынан бірінші орынды иеленді.
1943 жылы дүниеге келген. 1967 жылы Монғолияның мемлекеттік техникалық университетін жылу инженері мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Баян-Өлгий аймақтық жылу-электр станциясында инженер, цех бастығы болып бастап, онан кейін аймақтық жастар комитетінің бірінші хатшысы, партия комитетінде бөлім меңгерушісі, қазақ музыкалық драма театрының директоры қатарлы қызметтерде жүріп, 1992 жылы шілде айында ата-мекенге көшіп келген.
1992-1996 жылдың соңына дейін Лебяжі ауданы Қызылағаш селолық округ әкімі, 1997-2006 жылдарда облыстық статистика басқармасында экономист қызметін атқарып, құрметті демалысқа шыққан.
«Менің анам», «Елім-жерім», «Ана жүрегі», «Сүйіктім менің» атты әңгімелері мен повестерінің, «Асулар» романының авторы.
Өлеңдері түрлі газет, журналдарда жарияланып келеді.
«Атадан қалған тұяқ», «Тағдыр» спектакельдері мен ондаған шағын көрністері театр сахналарында қойылған. Таңдамалы шығармалар жинағы 1985 жылы Ұланбатырда монғол тілінде басылып шыққан.
Қаламгер қаламынан соңғы жылдары туған қомақты да көркем туындыларының бірі – «Қарасай мен Қызылсай» повесі.
Әдебиеттер:
Алақанұлы Ақын. Асулар: роман [Е-кітап көшірмесі]. - Павлодар: ЭКО, 2011. - 320 б.
Алақанұлы Ақын. Ауылың көшіп келеді: әңгімелер мен өлеңдер. - Павлодар: Сексенбаев Е. Н. баспасы, 2017. - 332 бет.
Алақанұлы Ақын. Атажұрт - алтын бесігім. - Павлодар, 2001. - 28-140 б.
Алақанұлы Ақын. Теңізге тамған тамшылар / ред. Әлхан А. - Павлодар, 2006. - 45-115 б.
Алақанұлы Ақын. Қарасай мен Қызылсай. Роман және әңгіме-повестер. - Астана: Фолиант, 2012. - 448 б.
Алақанұлы Ақын. Сағыныш. - «Сексенбаев Е.Н» ЖК, Павлодар, 2010. - 424 б.
Тыныбайтегі Ақын. Қазақстан жазушылары: анықтамалық / құраст.: Қ.Саят, Қ.Жұмашева. - Алматы, 2009. - 401 б.
***
Ақын Алақанұлы: Тілегім – елім – жұртым аман болсын: [ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, Аққулы ауданының Құрметті азаматы А. Алақанұлымен сұхбат] / Сұхб. Айбек Оралхан // Найзатас. -2018. -№4(41). – 170-177 б.
Ақынның белесі: [Кереку өңіріне белгілі қаламгер, Қазақстан және Моңғолия жазушылар одағының мүшесі Ақын Тыныбайтегі мерейлі 70 жасқа толды] // Қазақ әдебиеті.- 2013.- 16 -22 тамыз(№32). - 2 б.
Алақанұлы Ақын. Арманның көп арманы: (Ақын Арман Қаниге әзіл – шыны аралас арнау) / Алақанұлы Ақын // Сарыарқа самалы. – 2014. – 6 наурыз. -16 б.
Алақанұлы Ақын. Жалғанның жарығы: (Әңгіме) / Алақанұлы Ақын // Сарыарқа самалы. – 2015. – 30 мамыр. – 6 б.
Алақанұлы Ақын. Қырсықты ғұмыр: (Әңгіме) / Алақанұлы Ақын // Найзатас. – 2017. - №3. – 41-61 б.
Кисенко Марина. Поздравили мастеров слова: [павлодарские писатели и поэты получили премии от акима области] // Звезда Прииртышья. - 2015. - 29 декабря. - С. 1, 2
Молдайып Сая. «Көш келеді сарылып сары белден ...»: [Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі қаламгер Ақын Алақанұлының «Ауылың көшіп келеді» атты әр жылдарда жазған әңгімелері мен өлең, толғаулары жинақталған кітабы жарық көрді] / Молдайып Сая // Сарыарқа самалы. -2018. – 30 қаңтар. – 8 б.
Сахаба Тілеуберді. Сөз зергері: [Қаламгер Ақын Алақанұлы - 70 жаста] // Ертіс дидары.- 2013.- 27 тамыз (№8). - 3 б.
Сахаба Тілеуберді. Ақынның нұрлы әлемі" : [Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, елімізге белгілі жазушы, драматург Ақын Алақанқұлы мерейлі 75 жасқа толды. Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде жазушының туған күніне арналған "Ақынның нұрлы әлемі" атты оқырмандармен кездесу кеші өткізілді]. / Т. Сахаба// Сарыарқа самалы. – 2018. - 11 тамыз. - 12 б.
Сахаба Тілеуберді. Ауылың көшіп келеді : [С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі қаламгер Ақын Алақанұлының "Ауылың көшіп келеді" атты кітабының тұсаукесері өтті]. / Т. Сахаба// Сарыарқа самалы. – 2018. - 12 сәуір. - 17 б.