Чернова Надежда
Баянауыл ауданы

Белгілі ақын - жазушы Н. М. Чернова 1947 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауылында туған. Сол жерде орта мектеп бітіріп, С.Киров атындағы университетінің журналистика факультетіне сырттай оқуға түсті.
Н.Чернованың шығармашылық қызметі Семей облыстық телестудияда басталды. Онда телестудияның редакторы болды. Кейін, Көкшетау облысында орта мектепте мұғалімдік жұмыс атқарды.
Н.Чернова Қазақстан Жазушылар Одағының Семей облыстық бөлімшесінде әдеби кеңесші болды. Университетті бітіргеннен кейін «Жалын» баспасында редактор, «Ленинская смена» газетінде әдеби қызметкер, Қазақстан ЖОЛК Орталық Комитеті жанындағы шығармашылық жастар кеңес басшысының орынбасары болды. 1980 жылдан «Простор» журналында бөлім редакторы қызметін атқарды.
Н.Чернова өлең жазумен бірге аудармамен де шұғылданды.Ол К. Ахметованың өлеңдерін орысшаға аударып, жеке кітапша етіп шығарды. Ақынның өз өлеңдері де қазақ, украин, якут, болгар тілдеріне аударылған. Ақынның шығармалары: «Возраст августа», «Цветущий саксауыл», «Помню», «Кочевница» және т.б.
2008 жылы Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты болды. «Құрмет» орденінің иегері.
Әдебиеттер:
Чернова Надежда // Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблиографиялық анықтамалық. - Алматы, 1987. - 672 б.
***
Чернова Надежда. Әлем қашанда тепе-теңдікті қалайды: [Тұңғыш Президенті күні және саяси қатынастар туралы] // Егемен Қазақстан.- 2014. - 25 қараша. - 4 б.