Шәкенов Нұтфолла
(1928-1983)
Ақсу қаласы

Ақын Нұтфолла Шәкенов 1928 жылы 1 ақпанда Павлодар облысы, Ермак ауданы № 9 ауылында (қазіргі Ақсу ауданы Қ.Қамзин совхозы) дүниеге келді.
Балық шағы Семей облысы Абралы (қазіргі Абай) ауданында өтті.
1943 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің дайындық курсын, одан соң тіл әдебиеті факультетін бітірді.
Университетте оқи жүріп «Социалистік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер және «Пионер» журналында бөлім меңгерушісі болып істейді.
1948 - 1949 жылдары Қызылорда педагогикалық институтында аға оқытушы.
1949 - 1953 жылдар аралығында қазақ радиосы, әдеби-драма хабарлары бөлімі бас редакторы, ал 1953 - 1955 жылдары «Қазақстан пионері» газетінің жауапы хатшысы қызметтерін атқарды.
1958 - 1961 жылдары Москвада Жазушылар Одағы жанындағы жоғарғы әдеби курсында оқиды.
Нұтфолла Шәкенов өлендері 1944 жылдан бастап республикалық және Москвадан шыққан басылымдарда шығып тұрды. Ақынның алғашқы өлеңдер жинағы «Біздің жыр» 1949 жылы жарық көрді. Бұл кітапқа Отан, еңбек адамдарының ерлік істері жайындағы лирикалық өлеңдер енген.
Нұтфолла Шәкеновтың соңғы жылдарда көбірек шұғылданған тақырыбы Байкал-Амур магистралінің құрылысы еді. Осы тақырыпқа оңдаған очерк, мақала, өлеңдер жазған. «Байкал», «Мен көрген қарындас», «Би алаңы», «Бам гүлдері» және т.б. бар.
Нұтфолла Шәкенов 1950 жылдан Жазушылар Одағының мүшесі.
Әр жылдары жарық көрген ақын Н. Шәкеновтің өлең жинақтары
Н. Шакенов. Біздің жыр. - Алматы, 1949
Н. Шакенов. Жүрек сөзі . - Алматы, 1953
Н. Шакенов. Орамал. - Алматы, 1956
Н. Шакенов. Шаттық желі: ән текстері. - Алматы, 1958
Н. Шакенов. Сурет: өлеңдер. - Алматы, 1959
Н. Шакенов. Ночные огни. - Москва, 1962
Н. Шакенов. Айгүл: поэма. - Алматы, 1961
Н. Шакенов. Айгуль: поэма. - Алматы, 1964
Н. Шакенов. Менің гүлім. - Алматы, 1966
Н. Шакенов. Суюнши: стихи. - Алматы, 1968
Н. Шакенов. Толқын: өлендер мен поэмалар. - Алматы, 1970
Н. Шакенов. Сақина. - Алматы, 1971
Н. Шакенов. Минька. - Алматы, 1972
Н. Шакенов. Жүз ән: ән текстері - Алматы, 1973
Н. Шакенов. Флаги на ветру. - Алматы, 1974
Н. Шакенов. Бел белес: таңдамалы шығармалары. - Алматы, 1975
Н. Шакенов. Белендер. - Алматы, 1979
Н. Шакенов. Байкал: өлеңдер. - Алматы, 1979
Н. Шакенов. Жан сәуле. - Алматы, 1984
Шәкенов Нұтфолла. "Өлеңмен бірге туған өзге жанмын": (Шәкенов Нұтфолла - 85 жас) / Шәкенов Нұтфолла // Найзатас. - 2013.- №2(8). - 186 –
***
Негимов Серік. Нұтфолла ақын: [Нұтфолла Шәкенов туралы]// Жұлдыз.- 2014. - №2. - 177 - 181 б.
Ақын Н. Шәкеновтің сөзіне жазылған әндер
«Бейбітшілік сақталады» муз. Ә. Еспаевтікі
«Ақ мақта» муз. М. Төлебаевтікі
«Ақ бидай» муз. Б. Байқадамовтікі
«Шолпан» муз. Е. Брусиловскийдікі
«Су тасушы қыздың әні» муз. Б. Байқадамовтікі
«Кестелі орамал» муз. М. Төлебаевтікі
«Махаббат вальсі» муз. Жамақаевтікі
«Жан сәуле»муз. Н. Тлендиевтікі
«Шаттанамын көргенде» муз. М. Маңғытаевтікі
«Еркежан» муз. Ш. Қалдаяқовтікі
«Сен ғана» муз. Б. Жамақаевтікі
«Іздедім сені» муз. М. Маңғытаевтікі
«Күн шуақты туыстар» муз. Е. Брусиловскийдікі
«Қазақстан жастары» муз. Шакеновтікі
«Ертіс таңы» муз. Ә. Еспаевтікі
«Теңізде-толқында» муз. Н. Тлендиевтікі
«Гүл» муз.С. Кәрімбаевтікі
«Арман» муз. Е. Брусиловскийдікі
«Тәкеннің әні» муз. А. Зацепиндікі «Біздің сүйікті дәрігер» кинофильмімен
«Сүйген жарға» муз.С. Күмісбековтікі
«Таң самалы» муз. Е. Рахмадиевтікі
«Кел, достар!» муз. Б. Байқадамовтікі
«Түнгі оттар» муз. Е. Брусиловскийдікі
«Почтальон әні» муз. Б. Байқадамовтікі
«Алматы аясында» муз. Османовтікі
«Әнші бақыты» муз. Е. Рахмадиевтікі
«Әке жүрегі» муз. Н. Тлендиевтікі
«Бал бөбек» муз. Н. Тлендиевтікі
«Бөбегім» муз. М. Маңғытаевтікі
«Ақ шағала» романс муз. Н. Тлендиевтікі т.б.