Шамкенов Аманжол
(1927-2004)
Ертіс ауданы

Аманжол Шамкенов 1927 жылы 20 шілдеде Павлодар облысы, Ертіс ауданында туған. 1950 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген соң 1950-1954 жылдары «Әдебиет және искусство» (қ. Жұлдыз») журналында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарды.
1954-1956 жж. Қазақстан Республикасының Мәдениет министірінің репертуар жөніндегі бас редакторы болды, ал 1956-1961 жж. Қазақ радиокомитетінде бас редактордың қызметін атқарды. 1961-1963 жж. «Жазушы» баспасында бөлім меңгерушісі, 1963-1970 жж. Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет, кейіннен «Жазушы» баспасының орынбасары, 1970-1979 жж. Қазақстан Жазушылар одағында сын секциясының меңгерушісі, хаттау бюросының директорлық міндет атқарды.
Шығармаларында өмір, уақыт, заман, бейбітшілік, бүгінгі замандас, адам тағдыры туралы толғайды.
А.Шамкеновтың тұңғыш жинағы «Студент сыры» деген атпен 1951 жылы шықты. 40 шақты кітабы жарық көрген. «Табамын сені», «Сен жалғыз емессің», «Уәкілдер», «Майор Майданов» атты актілі пьесалары сахнада қойылған. Көптеген ән мәтіндерінің авторы.
Пушкиннің, Лермонтовтың, Хикметтің, Есениннің, Исаковскийдің, Бажанның, Құлиевтің бірқатар өлеңдерін, Г.Тушканның «Жора» романын, Н.Хикметтің «Әпенде», М.Шатровтың «Большевиктер», В.Розовтың «Өмір жолдары» атты пьесасын қазақ тіліне аударды. Оның аудармасында немістің ұлы ақыны Г.Гейненің лирикасы жеке кітап болып шықты.
Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. Халықаралық Дж. Неру атындағы сыйлықтың лауреаты. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Әдебиеттер:
Шамкенов А. Дала аңызы: өлеңдер мен поэмалар. - Алматы, 1986. - 152 б.
Шамкенов А. Достар, достар: өлеңдер. - Алматы: Жазушы, 1980. - 968 б.
Шамкенов А. Жайлау дастан / суретші Б. Машрапов. - Алматы: Жазушы, 1978. - 230 б.
Шамкенов А. Жайлау кеші: өлеңдер мен поэма. - Алматы: Жазушы, 1976. - 135 б.
Шамкенов А. Жайлау күні: өлеңдер мен поэма. - Алматы: Жазушы, 1969. - 111 б.
Шамкенов А. Жайлау таңы. - Алматы, 1963. - 112 б.
Шамкенов А. Заман үні: өлеңдер. - Алматы: Шабыт, 1994. - 102 б.
Шамкенов А. Қасиетті топырақ : өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 1984. - 128 б.
Шамкенов А. Ой-толғам: мақалалар. - Павлодар: ЭКО, 2001. - 176 б.
Шамкенов А. Ортақ үй: өлеңдер. - Алматы: Жазушы, 2001. - 76 б.
Шамкенов А. Өмір толқыны: өлеңдер. - Алматы: Жалын, 1997.- 110 б.
Шамкенов А. Өмірім менің - өлеңім. - Павлодар: ЭКО, 2007. - 1 т. - 286 б., 2 т. - 286 б.
Шамкенов А. Пьесалар. - Алматы: Жазушы, 1968. - 250 б.
Шамкенов А. Саржайлау самалы: дастандар. - Алматы: Жазушы, 1996 . 360 б.
Шамкенов А. Сырларым менің: таңдамалы өлеңдер мен поэмалар. - Алматы: Жазушы, 1970. - 360 б.
Шамкенов А. Сәби үні: жол жазбалар, эссе, әңгімелер. - Алматы, 1988. - 335 б.
Шамкенов А. Таңдамалы: өлеңдер. - Алматы, 1987 - 368 б.
Шамкенов А. Өнегелі ізің қалса - ғанибет // Сарыарқа самалы. - 2002. - 26 сәуір. - 4 б.
Шамкенов А. Түйінді ойлар өрнектелген: өлеңдер // Сарыарқа самалы. - 2002. - 26 шілде. - 12 б.
Шамкенов А.Ұстазым: ән өлендері. - Алматы: Өнер, 1990. - 96 б.
Шамкенов Аманжол // Қазақ әдебиеті: энциклопедия. Алматы, 1999. - 680 б.
Шамкенов Аманжол.ала тынысы, жасыл жайлау табамын сені: атты жыр жинақтары / Шамкенов Аманжол.- Павлодар: ЭКО, 2011.- 268 б.- (Кереку-Баян Кітапханасы)
***
Шамкенов Аманжол // Советтік Қазақстан жазушылары. - Алматы, 1987. - 682 б.
Шамкенов Аманжол // Қазақ ССР: қысқаша энциклопедия. 4т. - Алматы, 1989. - 4т. - 624 б.
Шамкенов Аманжол // «Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр». анықтамалық. - Алматы, 2004. - 333 б.
Шамкенов Аманжол // Қазақ әдебиеті: энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы, 2005. - 543 - 544 б.
Шамкенов Аманжол // Қазақстан жазушылары: анықтамалық / құраст. Қ. Саят, Қ. Жұмашева. - Алматы, 2009. - 421-422 б.
Шамкенов Аманжол. Кереку туралы сыр: [өлең] / Шамкенов Аманжол //Сарыарқа самалы.- 2013.- 15 қаңтар.- 9 б.