Асылғазы Мейрам
(1948-1999)
Екібастұз қаласы

7 қарашада Павлодар облысы, Екібастұз ауданы, Ақкөл ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.
1978 жылға дейін Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінде істеді. 1978 жылы «Жалын» баспасында редактор, кейіннен проза бөлімінде бөлім меңгерушісі қызметін атқады. 1991 жылдан 1995 жылға дейін «Өнер» баспасында Бас редактор болып істеді. 1997-1998 жж. «Жібек жолы» баспа үйінде қызмет атқарды.
Республикалық басылымда алғаш рет «Балалар балалық жасапты» деген әңгімесі 1978 жылы «Жалын» альманахында жарияланды. Алғашқы әңгімелер жинағы 1980 жылы «Ауылдастар», 1986 жылы «Өзгеше бір күн» повесть, әңгімелер деген атпен жарық көрді.
1989 жылы Үндістан көсемі М.Гандидің өмірнамасын аударып, «Менің өмірім» деген атпен басылып шықты.
Әдебиеттер:
Асылғазин М. Ауылдастар: әңгімелер жинағы. - Алматы: Жалын, 1980. - 160 б.
Асылғазин М. Иірім. - Алматы: Сөздік - Словарь, 2002. - 240 б.
Асылғазы Мейрам. Ұстаз: Мұсахан Қанапияұлының өмірі мен қызметі. - Алматы, 1998. - 7 - 24 б.
***
Асылғазы Мейрам // Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы, 2005. - 54 б.
Асылғазы Мейрам // Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр. Анықтамалық. - Алматы, 2004. - 32 б.
Асылғазы Мейрам // Қазақстан жазушылары: анықтамалық. - Алматы, 2009. - 37 б.