Слетке 38 адам қатысты. Президиумге бегілі ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Жұмағали Саин, ҚазССР Жоғарғы Кеңесі Президиумы ұйымдастыру Комитетінің Павлодар облысы бойынша төрағасы Жұмасейітов, Қазақстан КП (б) обкомының үгіттеу және насихаттау бөлімінің меңгерушісі Голубев және жергілікті әдебиетшілер К. Өмірбаев, С. Анисимов, М. Редько сайланды.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды: Ж. Саин «Қазақстаннның Кеңес жазушыларының жағдайы мен мәселелері, жас жазушылар кадрлары туралы» баяндама және Қазақстан жазушыларының 2-съезіне делегаттар сайлау.
Ж. Саин өзінің ауқымды сөзінде кеңестік қазақ әдебиетінің жағдайы мен оның алдағы міндеттері, жазушылардың жаңа талантты кадрларының өсуі туралы баяндады. Жұмағали Саин Қазақстанның Кеңес жазушылар Одағының әдебиетшіл жастармен жүргізілген жұмысты қанағаттарлықсыз деп таныды, оның ішінде Павлодар облысы да атап өтті. Ол облыстық газет беттерінде (қазақ, орыс) бірікпеушілік байқалатынын, еңбек жолын бастан келе жатқан жастар «Большевистский путь» атты орыс газетінде жарияланбайтынын және керісінше - орыс авторлары қазақ газеттерінде жарияланбайтынын атап өтті. Осы редакциялардағы әдебиет үйірмелері бір-бірімен бірлесе жұмыс істей алмай келеді. Ж. Саин жас әдебиетшілердің алдыңғы және кейінгі мақсаттарын айқындады.
2 маусым күні Слет өз жұмысын жалғастырды. Жарыссөзде алғашқы болып слет делегаттары сөз сөйледі. Олар қазақ халқын басыбайлылықтан босатқан және халықтың талантын оятқан Қазан төңкерісінің мәні туралы, қазақ жазушыларының шығармашылығы, Жамбыл туралы ой қозғады. Өздері туралы баяндағанда олар қалай оқитыны, жазатыны, сондай-ақ облыстық, аудандық мекемелердің, газет редакцияларының әлсіз көмегі туралы айтты. Бекбергенов әсіресе «Большевистский путь» және «Қызыл Ту» газеттері редакцияларының әдеби үйірмелері арасында байланыс жоқтығын айтты. «Қызыл Ту» газетінің редакциясы жас ақындардың өлеңдері мен әңгімелерін қабылдамайтынын, «ақындықтан еш хабарлары жоқтығын» кесіп айтатынын мәлімдеді.
Д. Ахметов және К. Өмірбаев «Қызыл Ту» газеті жанындағыі әдеби үйірме жұмысын әлсіз деп таныды.
Сондай-ақ жарыссөзде Макаков, Анисимов, Березовский, Боярский, Нұрымжанов, Редько, Нештенко, Ақышев, Кұсайынов, Қорабаев, Голубев сөз сөйледі (барлығы 17 адам).
Барлығы кеңестік әдебиеттің гүлденуі, жазушылардың және барша кеңестік жұртшылықтың шығармашылық деңгейінің өсуі туралы, соңғы жылдары жарық көрген кеңестік жазушылардың тамаша кітаптары туралы айтты. Оған қоса кеңестік әдебиеттегі, әсіресе қазақ әдебиетіндегі кемшіліктер туралы айтты. Қазақ жазушылары әлі де әдебиеттегі негізгі жанр-романдарды аз жазды. Республикадағы және Павлодар облысындағы жас жазушылармен жұмысқа басты назар аударды. Тек, Қазақ ССР Совнаркомның және ЦК КП(б)К-тің Қазақстандағы өнер мен әдебиеттің дамуы туралы арнайы шешімінен кейін ғана, облыс және аудан мекемелері жазушы кадрларды айқындау жұмыстарын аздап жүргізе бастады.
Соңғы сөзді Жұмағали Саин айтты, ол жұмыс бойынша жасалған баяндамашылар сынын дұрыс деп таныды. Кейін ол әдебиетшіл жастардың алдына негізгі мақсаттарын қойды және барлық жас ақындарды шығармашылық оқу мен жемісті жұмысқа шақырды.
Қазақстан Жазушыларының 2-съезіне делегаттар болып келесілер ұсынылды: Михаил Редько, Илья Маслов, Естай Беркімбаев, Семен Анисимов, Федор Боярский, Д. Ахметов. Слет осы тізімді бірауыздан қабылдады және оны К. Қорабаев, К. Омарбаева және П. Нештенко есімдерімен толықтырды.
Дауыс беру нәтижесінде алты делегат сайланды: М. Редько, Е. Беркімбаев, С. Анисимов, Ф. Боярский, К. Омарбаев және П. Нештенко.
© С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2011ж. www.pavlodarlibrary.kz