Субханбердин Сәлкен
(1914-1986)
Баянауыл ауданы
4 мамырда Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Жаңажол ауылында туған. 1993 жылы Семей қаласында Қазақстан өлкелік фармацевтика техникумын бітіріп, сол техникумда әуелі оқу бөлімінің меңгерушісі, 1935-1938 жж. директор, 1938-1944 жылдары Алматыдағы №1 дәріханасының меңгерушісі, содан соң республикалық дәріханалар басқармасының бастығы болып істейді.
1941-1945 жылдары Алматы және Талдықорған облыстарының Сарқанд, Октябрь, Гвардия аудандарында атқару комитетінің төрағасы, 1945-1948 жылдар аралығында Жамбыл облыстық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, 1948 жылы Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігінің коллегия мүшесі боп тағайындалды. 1950 жылы И.М.Сеченов атындағы Мәскеу медицина институтының фармацевтика кафедрасын басқарды. Дәрі-дәрмек тақырыбына көптеген ғылыми еңбектер, монографиялар жазды. Сонымен бірге драмалық шығарма жазумен шұғылданды.
Екі рет «Құрмет Белгісі» орденімен, бірнеше медальмен және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамоталарымен марапатталған.
«Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген фармацевті», «КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі» атақтары берілген.
Әдебиеттер:
Субханбердин Сәлкен. Шындық: пьесалар жинағы. - Алматы: Жалын, 1977. - 140 б.
Субханбердин Сәлкен. Дәрі-дертке дауа, жанға шипа. 2 т. - Алматы, 1994.
1 т. - 446 б.
2 т. - 360 б.
Субханбердин Сәлкен. Есірткі - қазіргі заман кеселі. - Алматы: Ғылым, 2002. - 40 б.
Субханбердин Сәлкен. Өлім алдындағы хат // Найзатас.- 2013.- №5(11). - 163 - 69 б.
***
Субханбердина Үшкөлтай. Кітап тарихынан қиықтар: [Түркі тілдес халықтарының ауыз әдебиеті туралы Субханбердина Үшкөлтай // Мәдениет- 2014. (мамыр). - 59 - 60 б.