Қазақстан Жазушылар одағының Павлодар облыстық филиалы
Қазақстан Жазушылар одағының басқармасы 2012 жылғы 24 қыркүйекте өткен №8 секретариат мәжілісінде Қазақстан Жазушылар одағының Павлодар облыстық филиалын ашу туралы шешім шығарды. Жергілікті филиалдың басшысы болып ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Арман Қани тағайындалды. 2013 жылдың 17 шілдесі күні Қазақстан Жазушылар одағының Павлодар облыстық филиалы ҚР Заңына сәйкес Павлодар облыстық Әділет басқармасында ресми түрде тіркеуден өтті.
Осыдан бері қарайғы уақытта Қазақстан Жазушылар одағының Павлодар облыстық филиалы жұмыс істеп келеді. Өңірде және республикалық көлемде өтіп жатқан әдеби-рухани және мәдени шараларға аталған филиалдың мүшелері үнемі атсалысуда.
2023 жылғы 13 сәуірде филиалдың директоры болып белгілі ақын, жазушы Серік Төлеубайұлы Елікбай тағайындалды. Бүгінде өңірімізде Қазақстан Жазушылар одағының мүшелігіне қабылданған 28 қаламгер бар.
• Алақанұлы Ақын
• Байбосын Сайлау Әшенұлы
• Байғалы Шолпан
• Баязитов Сүлеймен (1944-2020)
• Бөжен Бейбіт
• Вервекин Александр Анатольевич
• Григорьева Ольга Николаевна
• Дүйсенов Бағдат
• Жарқынбек Амантай
• Жұматов Ғалымбек Сағымбайұлы
• Жүсіпов Құандық Пазылұлы (1941-2019)
• Қабділәшім Еламан Хасенұлы
• Қадырова Жанаргүл Әбдікәрімқызы
• Қайыров Ербол Мәтіұлы
• Қани Арман Бақтанұлы (1954-2022)
• Қоғабай Жұмағали Бижанұлы
• Мұсабаева Рауза Молдайқызы
• Оралхан Айбек Тілеубекұлы
• Поминов Юрий Дмитриевич
• Садуақасов Жассерік Жәлелұлы
• Сапаров Ғабит Көпжасарұлы
• Семерьянов Виктор Гаврилович (1937-2021)
• Солтанбаев Зекебай Солтанбайұлы
• Тойшыбайұлы Амантай
• Тұрғанбеков Асығат Сәулетұлы
• Хонж Алпысбай Әбділұлы
• Шарманов Қуанышбек Қазыбекұлы