|
Павлодар облысы әкімдігінің 2007 жылғы 14 желтоқсандағы №1 Қаулысы мен Павлодар облыстық Мәслихатының 2007 жылғы 14 желтоқсандағы №50/3 «Павлодар облысы Качир ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» бірлескен Шешімі негізінде Қашыр ауылдық округі Тереңкөл ауылдық округіне, Қашыр ауылы Тереңкөл ауылына өзгертілді.
Ефремовка ауылында машина-трактор станциясында 1 трактор 9 ұжымдық шаруашылыққа қызмет көрсетіп, 1213 шаруашылықты біріктірген. МТС дәнді дақылдар бағыты бойынша жұмыс істеген. 1931 жылы 17069 га жаздық дақылдар егілді. МТС-тан басқа, Ленин машина-шөп станциясы жұмыс істеді, 1931 жылы 193700 га жинады.
Ауданда бірнеше кәсіпорын жұмыс істеді: Коряковка өзенінде «Казсольтрест» тұз кәсібі, пар диірмені, ет комбинаты, кірпіш және сыра зауыттары. Коряковка тұз кәсіпорнында 1931 жылы 1061 мың рубльге тұз алынды, сыра зауыты 516 мың рубльге өнім берді, кірпіш зауыты - 103 мың рубльге өнім шығарды.
Наркомирос желісі бойынша 1931-1932 оқу жылдары бірінші сатыдағы 119 мектепте 7218 оқушы оқыды және 16 жоғары типті мектеп болды. Саяси ағарту жұмысын 15 клуб, 3 жылжымалы кино құрылғысы, 12 қызыл бұрыш және 4 кітапхана, 16 оқырман жүргізді.
Емдеу желісі жақсы дамыды. 1931 жылы 90 орынды 4 аурухана болды. Оның үшеуі Павлодар қаласында орналасты. Ауданда 15 дәрігерлік және 15 фельдшерлік пункті жұмыс істеді. Павлодарда әйелдер-балалар консультациясы, санитарлық-бактериологиялық зертхана, пастеров станциясы, балалар мен жасөспірімдерді сауықтыру пункті болды.
1932 жылғы ақпанда Павлодар ауданы Шығыс-Қазақстан облысының құрамына кірді. Сол жылы партия ұйымын Қазақстанның мемлекеттік қайраткері А.Розыбакиев басқарды. 1935 жылғы 31 қаңтардағы РСФСР ВЦИК қаулысына сәйкес Шығыс-Қазақстан облыстық депутаттар кеңесінің 1935 жылғы 1 ақпандағы атқарушы комитеті Павлодар ауданының құрамына 23 ауылдық кеңестерін бекітті. ҚазОАК Президиумының 1938 жылғы 4 ақпандағы қаулысымен Павлодар ауданы қайта құрылған Павлодар облысының құрамына берілді.
Павлодар облысының жаңа құрылуына байланысты Павлодар аудандық КП(б)К комитеті КП(б)К қалалық комитеті болып қайта құрылды. Сонымен, Павлодар қалалық кеңесі аудан құрамынан шығып, Павлодар ауданы ауылдық аудан болды. 1939 жылғы 16 мамырдағы бірінші аудандық партия конференциясында аудандық партия комитетінің хатшысы болып М.Михайлов сайланды, ал аудандық атқарушы комитетінің төрағасы болып Ш.Досов сайланды.
1940 жылғы 15 наурыздағы жағдай бойынша Павлодар ауданының құрамына 11 ауыл кірді: Ақтөбе, Гаврилов, Григорьев, Жана-ауыл, Жертұмсық, Петров, Роте-Фан, Романов, Чернорецк, Шақат және Ямышев.
Аудан 1930-1935 жылдары егіншілік сала ретінде нашар дамыды, 13 шаруашылықта техника саны аз болды, дәнді дақылдар шығымдылығы екі центнерге де жетпеді. Жемшөп, жүгері өндірісімен айналысады. Табиғи шабындыққа негізгі сенім артылды, себебі мал шаруашылығы үшін шемшөп дайындалды. Сонда да мал шаруашылығы өнімін өндіру төмен деңгейде болды, себебі мал жемі болмады. Ұрықтандыру және тұқымдық жұмысы сол уақытта жүргізілмеді. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдары ауылдықтар өндіріс жоспарын орындау және өнім тапсыру үшін көп күш-жігер жұмсады. 1946-47жылдары диқаншылар еңбегінің арқасында аудан егін шығымдылығы бойынша жоғары көрсеткішке жетті. Сол жетістіктері үшін КСРО Жоғарғы кеңесі Президиумының 1947 жылғы 9 сәуірдегі Жарлығымен көптеген еңбеккерлер үкімет наградаларын алды.
1947 жылғы егін көп шаруашылықтарға мал өнімділігін көтеруге ықпал етті. Кейінгі жылдары ауыл шаруашылығы өндірісінің соғыстың алдындағы деңгейі қалпына келтірілді және оданда жоғары деңгейге де жететін болды.
Ауылдарда оқу залдары мен жылжымалы кино құрылғысы жұмыс істеді. Әр ауылда кітапханалар жұмыс істеді, ал шағын ауылдарда қызыл бұрыштар ұйымдастырылды.
Аудан тарихындағы бет-бұрысты сәтті және тыңайған жерлерді игеру. 1954-1955 жылдары Павлодар ауданында тың және тыңайған жерлерді жырту кезінде дәнді дақылдардың алқаптары 3-4 есеге көбейді. Тың кезінде аудан аумағында жаңа кеншарлар ұйымдастырылды: Ямышев, Преснов, Жаңа-Ауыл, Восточный, Кубанский. 1955 жылғы 20 қарашада ХІІІ аудандық партия конференциясында аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып Н.Кузин сайланды. Астық танабының кеңеюіне және егін шығымдылығының көтерілуіне байланысты 1956 жылы аудан бойынша өте жақсы астық егіні жиналып, сонымен қатар мал өнімділігі жоғарылады.
1962 жылдың басында ұжымдық шаруашылықтар мен кейбір кеншарлар бөлімшелерінің базасында тағы да үш жаңа кеншар құрылды: «Заря», «Маяк» және «Маралды».
Ефремовка ауылында Павлодар МТС базасында жаңа мамандандырылған шошқа өсіретін «Ефремовский» кеншары құрылды. Пресное ауылында «Авангард» құс кеңшары, ал Мичуринде - «Плодопитомник» қоян өсіру кеншары ұйымдастырылды. Сонымен, ауданда 14 кеншар мен 2 ұжымшар - Киров және Тельман атындағы ұжымшар болды. 50-ші жылдардың ортасында және 60-шы жылдардың басында құрғақшылық пен жаппай жер жыртуға байланысты дәнді дақылдар егістерінің көптеген бөлігі жел эрозиясына ұшырады. Осындай қиыншылық жағдайда Красноармейка ауылында «Кубанский» кеңшарының негізінде топырақты эрозиядан қорғау жөніндегі Тәжірибелік станциясы ұйымдастырылды. Ғылыми станциялар жел эрозиясымен күресу үшін алқаптық топырақ қорғау жүйесі мен жерді өңдеуді қолдануды ұсынды. Бұл шаралардың арқасында бірнеше жылдардан кейін егіншілік саласы жақсарып, астық шығымдылығы артты. 80-ші жылдарда ауданда бірқатар ірі сүт-мал шаруашылығы кешені және мамандандырылған сүт бөлімшелері жұмыс істеді. Ауданның озат шаруашылықтары - Киров атындағы және Тельман атындағы ұжымшарларда, сондай-ақ басқа да шаруашылықтарда бір сиырдан шыққан сауын үш мың килограмнан асты.
Павлодарды көкөніспен қамтамасыз ету үшін Черноярка суару жүйесінде Черноярка жаңа кеншары құрылды. Сол жылдары Павлодар ауданында облыс арасында ең үздік аудан қатарынан табылды. Ауданда сүт өңдеу, агротехника, дәнді және техникалық дақылдарды өңдеу, эрозияға қарсы шараларды ұйымдастыру ісімен облыстың барша ауыл шаруашылығы қызметкерлері айналысты. Аудан шаруашылықтарында мәдениет үйлері, типтік бала-бақшалар мен мектептер, амбулаториялар мен фельдшерлік пунктілер, тұрғын үйлер көтерілді.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері қоғамды демократияландыру және әлеуметтік-экономикалық реформалар бағытына бет алды. Аудан аумағында ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың саясатын жүзеге асыру ең алдымен аудан әкімшілігінің басшысына жүктеледі.
1994-1996 жылдары ауыл шаруашылығын реформалауға байланысты кеншарлар мен ұжымшарлардың орнын акционерлік қоғамдар, өндірістік кооперативтер, шаруа қожалықтары басты.
Жоғары көрсеткіштермен ерекшеленетін «Луганск» өндірістік кооперативі (төрағасы П.П.Кузьменко), «Кирова» ЖШС (директоры Н.И.Плевако), «Пресновское» шаруа қожалығы (С.Х.Байболатов), «Жаңа-Қала» ШҚ (Қ.Қ.Тұрлыбаев), «Омаров» ШҚ (К.К.Омаров) басқалары.
Аудандық «Нива» газеті өз жұмысын 1930 жылы бастады, аудан тарихымен тікелей байланысты, ауданның, аудан халқының әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өмірінің айнасы болып табылады.
Ауданда 28 мектеп, 36 денсаулық сақтау обьектісі бар, 38 спорттық комплекс, 25 клуб, 42 кітапхана, оның ішінде 18 ауылдық кітапхана, 2 тігін цехы, 5 шаштараз, 10 жанар май стациялары бар.
Аудан ауыл шаруашылығының негізі егіншілік болып табылады.
Павлодар ауданы аграрлық ауданға жатады, облыс орталығы және басқа да өңірлерді дәстүрлі түрде азық-түлікпен қамтамасыз ететін аудан. Ауданда ауылшаруашылық инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жолында ауқымды шаралар атқарылуда, аграрлық секторда көкөніс қоймалары мен қайта өңдеу объектілері, сүт-тауарлар фермалары, асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтар. Ауданда 7 шаруа қожалығы асыл тұқымды мал өсіруші шаруашылық мәртебесіне ие. Бұлар, мысалы Маяк, Луч, Сарбие. т.б. ШҚ.
Павлодар ауданы арқылы негізгі жол тораптары өтеді. Негізгі жол қатынасы темір жол - Павлодар-Маралды, Павлодар-Тұзқала учаскелері, авто жолдар Аққу Павлодар, Тереңкөл-Железинка-Омбы, Астана-Екібастұз-Қалқаман-Павлодар, Шарбақты-Құлыды-Барнаул, Павлодар-Успенка, Павлодар-Шегірен.
© С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2011ж. www.pavlodarlibrary.kz