|
Лебяжі - Қиық - Аққу. Аққулы ауылы тұрған жердің солтүстік қапталында айдын - көл болыпты - мыс. Онда аққулар мекендейді екен. Казак станицасы өзінің атауын осыдан алыпты. Бұл - бәлкім шындық. Бірақ бүгінгі ұрпақ үшін аңыз. Шындық дейтініміз, үлкендер айтушы еді, көктемде Ертіс тасығанда аудан орталығы мен Широкое ауылының арасын тұтас су алып кетеді деп. Ол су шілдеде Ертіс екінші рет көтірілгенде одан сайын молайып, кей жылдары ауылдың шығыс қапталында жатқан Ақсор көліне барып құяды деп. Аққуы ұшып, қазы қонған айдын тартылды, бүлдіргенді, доланалы нуы селдіреді. Бұл адамның өз қолымен жасағаны: Ертістің жоғарғы ағысында су қоймаларының тұрғызылуы салдарынан шабындықтың суға мейірі қанып тойынуы жоқ. Ертеректе, шамада елуінші жылдары, құлама жарға келіп ақ пароход тоқтаушы еді. Айына екі рет Семейден Омбыға, Омбыдан Семейге қатынайтын ақ пароходтың келуі Лебяжі өңірі үшін айтулы оқиға болатын: соғыстан кейінгі ашөзектеу кез - ауылдың тайлы - таяғы қалмай жинаған азын-аулақ құрт - майын айырбасқа салуға пароходқа ұмтылысатын. Ол кездері ел Алматыға негізі Семей арқылы қатынайды. Оқуға, іссапарға шыққан азаматтар артынып тартынып ақ пароходқа мініп жатады. Балаларға пароход жүріп өткен соң Ертістің бұйра толқынына биік жарқабақтан секірудің өзі бір ерлікке пара-пар. Композитор Балакиревтің атымен аталатын осы пароходты араға отыз жыл салып, Приозерный балықшылар поселкесінде айлақта тұрған жерінен көрдік. Балалық шағымызбен қайта қауышқандай болып едік, көп ұзамай балықшылардың демалыс үйіне айналдырылған пароходтың суға батып кеткенінен хабар алдық. Осылай аққулы өңірдің бір аңызы үзілді. Ел азаматтары бас қосып, осыдан сәл ілгеріде орысша «Лебяжі» аталып келген ауыл атын «Аққу» деп өзгертті. Бірақ, оның ел аузындағы тарихи атауы «Қиық» болатын».
Лебяжі ауданы Павлодар облысының оңтүстік - шығыс бөлігінде орналасқан. Жер көлемі 8,1 мың кв.м. Ауданның солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзындығы 130 км, батыстан шығысқа қарай - 110 км. Шекарасының жалпы ұзындығы 461 км. жуық. Лебяжі ауданы солтүстігінде Павлодар, Шарбақты ауданымен, батысында Ертіс өзені Май ауданынан бөледі, оңтүстігінде Шығыс Қазақстан облысымен - шығысында Ресеймен шектеседі. Лебяжі ауданы Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен орталығы Лебяжі селосы болып 1939 жылдың 16 қазанында Бесқарағай, Кагонович және Павлодар ауданын уақтап бөлу арқылы ұйымдастырылды. Тұрғын саны 6697 адам болды. Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1963 жылдың 2 қаңтарында Лебяжі ауданы таратылып, оның жер көлемі Павлодар ауданының құрамына енді. 1964 жылдың 31 желтоқсанында қайта құрылды. Тұтқиылдан басталған 1941 жылғы соғыс аудан тұрғындарының бейбіт өмірін бұзып жіберді. Енді - енді қалыпқа келе бастаған ауыл шаруашылығы өзінің өрлеу қарқынын түсіріп алды. Лебяжіліктер соғыс жылдарында тылда еңбек майданында күнен күнге, бұрын болып көрмеген, сондай ерекше белсенділік танытты. Аудандық Кеңестің кезекті 6 сессиясында соғыс жағдайында ерекше жауапкершілік танытып, еңбек қарқыны 200-ден 300 процентке жеткізу міндеті қойылды. «Майданға жылы киімдер жіберуде - бірде-бір адам қалмасын» деген ұран тасталды. Сессияның осы шешімі қалтықсыз орындалды. Оны дәлелдейтін құжаттар бар. Аудан еңбекшілері 1943 жылдың 1-ші қаңтарына майдан үшін 6000 жылы киім, 3 миллион сом ақша және бұған қосымша 40 мың пұт астық өткізген. Бұның айғағына мынандай дәлел бар. Москва. Крель. Сталин жолдасқа. Қымбатты Иосиф Виссарионович, Қызыл Армияның ерлігіне сүйсінгенмен, бүгін Мемлекеттік банкке 101500 сом ақша және 50 пүт астық өз есебімнен бір самолет жасап шығару үшін өткіздім. Менің қаражатыма жасалған жауынгер машина неміс бандиттеріне өлім әкелсін. Қазақ ССР-ы, Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, «Зор Октябрь» колхозының төрағасы Ғаббас Ыдырысханов, 14 қаңтар, 1943 жыл. Отан қорғауға тек қана Лебяжі ауданынан барлығы 4 мыңнан аса адам шақырылды. Олардың 1329-ы майданда қаза тауып, қара қағаздар келді. Ал, 890-ы ұрыс даласында хабарсыз кетті. Лебяжі ауданы тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарында танымастай өзгерді, жаңадан «Лебяжі», «Қазы», «Жамбыл», «Баймолдин» атындағы және «Майқарағай» совхоздары құрылды. Бұғанға дейін ауданда екі-ақ совхоз болған. /Бесқарағай, №23 партия съезі атындағы/ кейінен жаппай совхозға көшті. Тың игеру жылдары өз жемісін бермей қойған жоқ. Адамдар тыңды көтерді, тың адамды көтерді. Ауданда тың көтерілген он жылда көптеген елді мекендер пайда болды, халықтың саны өсті. Бұрын 20 мыңға жетер жетпес халық саны 28 мыңға жетті.
Лебяжі 1965 жылдан бастап қайта аудан орталығына келтірілгенен кейінгі жылдары айтарлықтай өзгере бастады. Бұнда заман талабына сай келетін Мәдениет үйі, сауда орталығы, гастроном, саз мектебі, халық театры, балалар спорт мектебі, аудандық аурухана, № 28-ші кәсіптік - техникалық училище, тағы басқадай обьектілер салынды. Жергілікті әкімшілік үйі, мемлекеттік банк, редакция, ауыл шаруашылығы кеңселері жаңа осы заманғы үлгідегі үйлерге орналасты. 1975-1980 жылдарда бұл ауданның қол жеткен межелері қомақты екен. Ауданда 5 Социалистік Еңбек Ері, 67 адам Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Қазан Революциясы Құрмет белгісі ордендерінің иегерлері бар. 8 адам жоғары партия съезіне делегат болған. 10 адам бұрынғы одақтық және республикалық Кеңестерге депутаттыққа сайланған. Ауданда 1970-75 жылдары аралығында қой саны 200 мыңға, ірі қара саны 6500 және жылқы саны 3000 жеткен. Аудан екі дүркін Бүкілодақтық, үш дүркін республикалық жарыстың жеңімпазы атанды. Ауданда тың көтерілген он жылда көптеген елді мекендер пайда болды, халықтың саны өсті. Бұрын 20 мыңға жетер жетпес халық саны 28 мыңға жетті. Тың игеру жылдары көп адамдардың кеуделерін медальдар мен ордендер толтырды, 47 адам Ленин орденіне, 105 адам Еңбек Қызыл Ту орденіне, 29 адам Қазан революциясы орденіне, ал 193 адам басқадай орден - медальдарға ие болды. Лебяжі 1965 жылдан бастап қайта аудан орталығына келтірілгенен кейінгі жылдары айтарлықтай өзгере бастады. Бұнда заман талабына сай келетін Мәдениет үйі, сауда орталығы, гастроном, саз мектебі, халық театры, балалар спорт мектебі, аудандық аурухана, № 28-ші кәсіптік - техникалық училище, тағы басқадай обьектілер салынды.
Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтардың әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес Павлодар облысының Лебяжі ауданы ең төмен радиациялық қауіпті аймаққа жатады.
Ауданның негізгі кәсібі - мал шаруашылығы, жібек жүнді меринос қойы, еділбай тұқымдас құйрықты қой, қазақтың ақбас сиыры өсіріледі. 1996 жылы ономастикалық коммисиясының шешімі бойынша Лебяжі Аққу ауылына ауыстырылды, ал аудан өз атымен қалды. Қазіргі кезде Аққуда 789 үй, халық саны 3200 адам. Ауданда 1 қазақ мектебі, 2 балабақша, 19 дүкен, 2 аудандық аурухана, Мәдениет үйі, 2 аудандық кітапхана, 3 спорт мектебі, 1 стадион, пошта, редакция, 2 аптека, 1 кәсіптік училище, 1 коррекциялық орталық бар.
Ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен 8 жауапкешілігі шектеулі серіктестік пен 171 шаруа қожалығы айналысады. Соңғы үш жылда мал шаруашылығында төрт түлік малдың барлық түрінің өскені байқалады. Ірі қара мал 26508 бастан 35439, қой 28375 бастап 40834, жылқы 5336 бастап 6487 басқа жетті. Қазы селолық округінде ет дайындау жөнінен «Қазы» селолық тұтынушылар кооперативі және «Алтай» шаруа қожалығында шөлмектелген қымыз шығаратын цех ашылды.
Жамбыл селолық округінде «Рассвет» шаруа қожалығына қазақтың ақбастұқымды ірі қара малын өсіретін асыл тұқымды шаруашылық статусы берілді. Шағын кәсіпкерлік саласында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Аққу ауылында наубайхана, кондитер цехы, көкеніс сақтайтын қойма, пенобетон кірпіштерін шығаратын цех, шағын маркет, отын базасы, жиһаз цехы, Шақа мен Шарбақтыда ағаш өңдеу цехтары, Ямышево селосында шлакоблок цехы, Черное селосында қызыл кірпіш өндіретін зауыт ашылды.
Білім беру саласы 23 жалпы білім беретін мектептен тұрады, оның біреуі бастауыш, төртеуі негізгі және 18 - орта оқу орындары. Денсаулық сақтау жүйесін тілге тиек етсек, ауданда емханасымен 60 төсектік аурухана, 20 төсектік туберкулезге қарсы күрес ауруханасы, 8 дәрігерлік амбулатория, 14 дәрігерлік пункт бар.
© С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2011ж. www.pavlodarlibrary.kz