|
Железин ауылының негізі 1917 жылдың жазында қамал тәрізді салынған.
И. Бухгольцтің Ямышев өзенінде жоңғарлармен жеңілген, сәттісіз жорығынан кейін, И. Ступиновтің басшылығымен жаңа жөнелту ұйымдастырылды. Бұл экспедиция жоңғарлар әскерімен бұзылған Ямыш қамалын қалпына келтіріп, Жаңа-Железиндік экспедицияны құрды. Жаңа қамал Петр I-мен Ертістің бойымен және форпосттің қорғаныс тасқынды желісімен белгіленген, маңызды нығайтылған пунктілерінің санына жататын.
Қамалдың административті және сауда мәні болатын: бұнда көп әскерлер орналасқан, Жоңғарлық басшылармен, орта азиялық мемлекеттермен, Кіші жүздің қазақ тайпаларының төңіректегі даласында көшіп жүрген хандармен, келіссөздер жүргізілетін. Ертістің арғы жағында айырбас сауда шоғыралған, осында орта азиялық көпестері шай, кептірілген жеміс-жидектер, жібек және мақта маталарды, сонымен қатар көптеген құлдарды әкелетін. Қазан айында «покровский» деп аталған, үлкен жәрменке ұйымдастырылды. 1761 жылы айырбас аула және 1868 жылы қысқарған кеден құрылды.
1745 жылы Сібір Губернаторы Киндерманның жарлығымен бұнда маяк салынған. Осылай Железин орналасты. Осы кезде сібірлік казактар құрылады. 1755 жылы патшалық үкімет казактарға қазыналық нан салу үшін, жер бөлу туралы жарлық шығарды, ал 10 жылдан кейін жаңа жарлықпен, Ертіс алқабында 10 шақырым жер казактарға бөлінген.
Бірте-бірте Железин көпестермен, бай казактармен - мал өсірушілермен және мал күтуші кедейдермен қоныстанған, қатардағы станицаға айналды.
1879 жылы Фёдор Усов Железин станицасында 78 үй, екі бастауыш мектеп, ауылдық ерлерге арналған училищесі, былғары зауыт, жәрменке, пошталық станциясы бар деп жазатын. Жаңа шіркеу салынды. Ол туралы «Омбылық махалла» анықтама кітабінда «Церковь каменная с колокольнею, трехпрестольная. Храм построен в 1786 году усердием казаков и добровольных жертвователей и по размеру - довольно вместительный, кругом обнесён каменной с железными решётками, оградой» деп жазылған. Ары қарай кітап құрастырушы прихожандардың негізгі жұмысы – ол нан егу, мал өсіру және балық аулау. Жыл сайын қарашада жәрменке өтеді. Бұнда май, былғары, сары май және басқа өнімдер сатылады, жылқылар да көп көлемде сатылады. Бірақ «железиндік» жәрменкенің маңызы, қамалдың бар кезіндегіндей емес.
Қазір Железин - замандас ауыл, және өткенді еске түсірмейді: қорған шіркеу бұзылып, біліктері қопарылып тастаған,сонда да шұңқырлары сақталған, бірақ олардың тереңдігі 1,5 метрден аспайды.
Ауданның агроөнеркәсіптік кешеңі елдің азықты қауіпсіздікпен қамтамасыз ету - басты мақсаты болған, «Железин ауданының 2006-2010 жылға АПК-нің тұрақты дамуының аймақтық бағдарламасымен» белгіленген міндеттерді іске асыру бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.
Өсімдік өсіру ауыл шаруашылықтың негізгі саласы болып жатыр. Оперативті мәліметтер бойынша, 2010 жылдың 1 маусымына дәнділердің егісі 80,2 мың га жерде салынған, соның ішінде бидай 72,9 мың га, сұлы 3,2 мың га., арпа 4,0 мың га., және бұршақ 0,041 мың га. Күнбағыс 17,5 мың га., жерде орналасқан, қартоп және жемістер 1,38 мың га жерде орналасқан.
Мал өсіру де табысты дамуда. Малдың негізгі басы жеке секторда ұсталады. Ауданымызда қазақтың ірі мүйізді малды өсіретін тайпалық екі шаруашылығы бар - КШ «Бакауов» және ТОО «Век - ПВ».
Бүгінгі күні ауданымызда ірі мүйізді малдың 24,8 басы бар, соның ішінде 9,7 мың бас сиыр; 30,3 мың бас қой мен ешкідер, 10,5 мың бас шошқа, 6,9 мың бас жылқы және 90,5 мың бас құс. Барлығы шартты бірлікке айналдырғанда - 33760.
Ауданымызда 38 білім беретін мектеп бар, соның ішінде 16 орта, 18 негізгі, 4 бастауыш, 139 оқушысы бар, 1 музыкалық мектеп, 100 тәрбиеленушісі бар 2 балабақша, 13 шағын-орталықтар.
Денсаулық сақтау желісінде 34 медициналық пункті бар, 5 дәрігерлік амбулаториясы, туберкулезге қарсы аурухана. 2009 жылдың 26-шы желтоқсанда, 60 күндізгі бөлім төсек орнымен күніне 100 қатысумен, жаңа аудандық аурухананың ашылуы өтті. Сонымен қатар 4 жеке дәріхана, жеке тіс емдеу кабинеті, облыстың мемлекеттік санитарлық-эпидемиялық департаменттің бөлімі.
Ауданның мәдениет мекемесіне: тарихи-өлкетаным мұражай, аудандық Мәдениет үйі, 14 ауылдық, 2 балалар және орталық аудандық кітапханадан тұратын, орталықтандырылған кітапханалық жүйе (ОКЖ), 7 ауылдық Мәдениет үйі және 2 ауылдық клубы, көшпелі мәдени-демалыс кешені кіреді.
Аудандық Мәдениет үйінде славян, татар-башқыр этномәдениетті орталықтары және немістердің этномәдениетті «Возрождение» ұйымының бөлімі жұмыс жасайды.
Ауданда, 400 орынды 7 стадион бар - Железин, Веселая Роща, Церковны, Ақтау, Алакөл, Приертіс, Михайловка ауылдарда. Спортзалдар саны - 25, соның ішінде 9 лайықталған.
Аудан орталығында 314 адам жаттығатын ББСМА жұмыс жасайды. Келесі спорт түрлерімен спортты секциялар жұмыс жасайды: баскетбол, волейбол, бокс, күрес, қазақша күрес, үстел тенис, шаңғы жарыстары, хоккей, футбол, оқ ату.
© С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2011ж. www.pavlodarlibrary.kz