Әлсейітов Құдайберген
(1884-1933)
Железинка ауданы
Әнші-композитор, ақын Әлсейітов Құдайберген Павлодар облысы, Железинка ауданы, Қаратерек ауылында туған. 11-12 жасынан «Бала ақын» атанған. Омбы, Павлодар, Семей, Ақмола, Көкшетау, Қызылжар өңірлерін аралап, ақын, әнші, сері ретінде танылған. Атбасар, Қараөткел, Қоянды жәрмеңкелерінде әншілік, ақындық өнерінмен көзге түскен.
Әлсейітовтің көптеген музыкалық шығармалары «Құдайбергеннің әні», «Құдайбергеннің желдірмесі», «Баласы Әлсейіттің Кұдайберген» тәрізді термелерімен қатар «Құдайбергеннің Хадиша қызбен айтысы», «Құдайбергеннің термесі» т.б. өлеңдері ел арасында кең тараған.
Ақынның мелодиялары терме жанрына тән жеңіл ырғаққа құрылып, көбінесе ионийлік, миксолидиялық, дорийлік ладтарға негізделген. Ол ән жанрында кезігетін қайырмасы бар екі бөлімді форманы терме, желдірмелерінде сәтті пайдаланды.
Қ.Әлсейітов шығармашылығын насихаттаған И.Байзақов болды. Сондықтан да, оның желдірмелеріне ақынның ән-шығармашылығы үлкен әсер етті. Ән-термелері Қазақ мемлекеттік филармониясы мен Қазақконцерт әншілерінің репертуарынан орын алды.
Әдебиеттер:
Әлсейітов Құдайберген // Акын-жыраулар. - Алматы, 1979. - 28-29 б.
Әлсейітов Құдайберген // Қазақ совет энциклонедиясы. - 2 т. - Алматы, 1973. - 36 б.
Әлсейітов Құдайберген // Қазақ ССР: Қысқаша энциклопедия. - 4 томдық. - Алматы, 1989. - 4 т. - 148 б.
Әлсейітов Құдайберген // Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. - 6т. - Алматы, 1998. - 1 т. - 673 б.
Әлсейітов Құдайберген // Қазақ өнері: Энциклопедия. - Алматы, 2002. -87 б.
Жаманбалинов Мүбәрак. Жайнаған өңір, қайнаған өмір (Железинка ауд.) / ред. алқасы А. М. Қанафина, Г. Б. Нұрахметова, А. Бәделхан. - Павлодар: ЭКО, 2004. - 226 б.
Құдайбергеннің «Желдірмесі» // Жақанов И. Үзілген ән. - Алматы, 2001. - 261-268 б.