|
Ақсу қаласы(1993 ж. дейін Ермак қ.) облыс орталығынан оңтүстікке қарай 40 км.жерде, Ертіс өзенінің сол жағалауында орналасқан. Ақсу қ. және ауылдық аймағы солтүстігінде Ақтоғай ауданымен, оңтүстігінде Баянауыл, Май және Лебяжі аудандарымен, ал ауылдық аймағы шығысында Екібастұз қ. шектеседі. Климаты күрт - континетальды. Орта температурасы қаңтарда 15-17 градус, шілдеде 20-21 градус, жауын-шашынның орта жылдық саны 250-300 мм. Топырағы қоңыр, шалғын, кейбір болып келеді, тыңайған жерлерді игеру кезінде аумақтың көп бөлігі жыртылған болатын. Боз, бетеге, жусан, қияқөлең, қамыс, көктерек өседі. Қасқыр, түлкі, қарсақ, қосаяқ, қоян және тағы басқа жануарлар бар.
Ақсу қаласының тарихы Екібастұз тұзды көлі маңынан ашылған тас көмір кенінің ашылуымен тығыз байланысты. ХІХ ғасырдың аяғы. Ресей империясының бір бөлігі ретінде Қазақстан сол уақытта капиталистік дамудың экономикасына көптеп тартылды. Ресей экономикасы мен сауда ісінің дамуы – метрополиялар мен Қазақстанның – колониялардың Ресейге Қазақстаннан шикізат жеткізу және керісінше Ресейден Қазақстанға басқа шикізат - тауарлар, орман материалдары, заттар жеткізудің көлемін ұлғайтты.
Осы кезеңде Қ. Пшенбаевтың көмір кен орнын ашуы, кейін ХІХ ғ. 90 – жылдары павлодарлық миллионер-көпес А. И. Деровтың шақыруымен келген ғалымдардың, инженерлер мен геологтардың зерттеулері шахта қазу әдісімен көмір кенін өндіруді бірінші рет бастап көру керек деп шешті. Ертіс пен Обь өзеніндегі пароход саласының дамуы, 1986 ж. Челябинскіден Омбыға дейін салынған темір жолдың іске қосылуы – Екібастұз көмірін Ертіске жеткізу керек деп мәселені тура қойды. Киевтегі қант зауыты иесі Л. Бродский мен діни басшы Иоанн Кронштадскийдің көмегіне сүйене отырып, павлодарлық көпес А. И. Деров екібастұздық көмірді өндіру үшін акционерлік қоғам құру керек деп шешті, бұл қоғам кейін «Воскресенск» деген атаққа ие болды.
1989 ж. қазан айында темір жол құрылысы салынып, пристанға жеткізілді. Жолдың ұзындығы 109 қадам (110 шақырым) болды. Воскресенск пристані Ертіс бойымен 1,5 шақырымға дейін созылып, 7,4 шаршы шақырым ауданды алып жатты, бұл жер баржалар мен пароходтар тоқтау үшін қолайлы болды.
Воскресенск пристані қызметкерлері үшін ауданы 2114 шаршы метр тұрғын үй салынды, ал жұмысшылар үшін ауданы 840 шаршы метр барақтар, вокзал, кір жуатын орны бар монша, шеберхана, ағаш кесетін орын, диірмен т. б. құрылыстар салынды. Воскресенск пристані мен темір жол бірнеше жыл бойы жұмыс істеді. 1900-1903 жж. пристань арқылы баржаға 1,5 миллион пұт көмір әкелініп, жөнелтілді. 1903 ж. қоғам банкротқа ұшырағаннан кейін темір жол мен пристань да құлдырады. Пристаньмен бір мезгілде №5 қазақ ауылының жанында Қызыл – Шарпы жерінде балшықтан соғылған үйлері бар тұрақ пайда болды.Шаруаларды қоныс аудару кезінде 1906 ж. поселок халқы көбейді. «Глинка»деп атаған тұрақтағы халық саны 1000 адамға жетті. 1912-1913 жж. бұрынғы пристань мен Глинка өмірінде өзгерістер болды. Губернатордың жарғысы бойынша пристаньға «Ермак» атауы берілді. 1914 ж . жаңа қаланың жоспары бекітілді.Осы жылы Екібастұзда көмір өндіру үшін жаңа «Қырғыз тау-кен өндірістік қоғамы» құрылды. Он жылдық құлдыраудан кейін қайтадан темір жол істей бастады. Пристаньдағы жұмыс жанданып, Ермак поселкесі өсіп, ірі селоға айналды.
1917 жыл Ермакқа жаңа өзгерістер әкеледі. Ақтардың құрбаны болған Халық шаруашылығы Екібастұз Кеңесінің бірінші комиссары Царев Степан Иванович вокзал жанындағы аланда айуандықпен қаза табады. Жерлесіміздің ерлігі үшін қаламызда мүсін мен ескерткіш тақтасы орнатылған. Кеңес билігі Ермакта халық комиссарларының Павлодар Кеңесі ұйымдастырылғаннан кейін, 1919 жылғы қарашада орнатылады.
1920ж. кейін Ермакта революциялық комитет, бұдан соң поселкелік кеңес құрылды. Ауылдық кеңестің бірінші төрағасы Богаткин, ал 1925ж. – Котельников болды.
1928ж. Ермакта «Путь Ленина» колхозы құрылды. 1929 жылға дейін Ермак қаласы Павлодар уезінің болыстық орталығы болады. 1920 ж. санақ бойынша кентте 1289 адам тұрды. Уезд және болыс жойылған соң, 1928ж. Павлодар округі құрылып, Павлодар (ол кезде Коряков) округінің құрамына, ауылдық кеңесімен бірге, Ермак ауыл ретінде кірді. Округ жойылғаннан кейін, 1930ж.-1938 ж. дейін Павлодар ауданының құрамына кірді. 1938 жылы 14 ақпандағы Қаулысымен Павлодар және Бесқарағай аудандарының ірілендірілуіне байланысты, Кагановический ауданы құрылып, орталығы Ермак болып белгіленді. 1957ж.аудан Ермак ауданы болып қайта құрылды.
1959 жылы ірі ферроқорытпа зауыты мен электр станциясын салу туралы шешім қабылданады. 1959-1960 жж. мұнда Қарағанды мен басқа жақтардан жұмысшылар келе бастады. Болашақ ГРЭС құрылысы ауданында, Ермактан 12 шақырым қашықтықта энергоқұрысшылардың поселкесі бой көтерді. Поселокке 1960ж. Спутник станциясынан темір жол айрығын және Жетінші ауылдан автомобиль жолын салды.
1962 жылдан бастап ферроқорытпа зауытының өнеркәсіптік объектілерін салу бойынша жұмыстар басталады.
1968 жылғы қаңтарда зауытта ферроқорытпаның бірінші тоннасы балқытылды, ал 1970 жылғы шілдеде N2 цехының сегіз балқыту пештері іске қосылады.
Ермак ферроқорытпа зауытының бірінші директоры Петр Васильевич Топильский болды.
1995 жылы зауыт «Қазхром» трансұлттық компаниясының құрамына кіреді. Осы кәсіпорындардың қазіргі басшылығының арқасында: Болат Аманжолұлы Святов мырза-«Қазхром» ТҰК АҚ Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры және Абдуазим Абдуганиевич Рустамбаев мырза-«Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» ААҚ президенті, олардың өзара қызмет етуге қол үшін беріп, қолдау көрсеткендері арқасында қаланы дамытудағы көптеген мәселелер оң шешімін табуда.
ГРЭС-тің бас корпусының шұңқырынан 1964 ж. бірінші шөміш жер қабаты алынды, ал 1968ж. бірінші энергоблок іске қосылды.
1968ж. зауыттың бірінші кезеңін тапсырған «Ермакферросплавстрой» тресі құрылды.
1975ж. қыркүйегінде құрылысшылар толық қуатты 8 агрегатымен Ермак ГРЭС-ін пайдалануға берді. ГРЭС қасында поселок пайда болып, оған Ақсу деген атау берілді.
Қаланың өндірістік инфрақұрылымын екі алып кәсіпорын: Ақсу ферроқорытпа зауыты және «ЕЭК» ААҚ электр стансасын салу жұмыстары басталды, бірінші директор Владимир Михайлович Новиков болды. 1968 жылы 17 желтоқсанда ГРЭС-те қуаттылығы 300 мегаватт бірінші энергоблок пайдалануға қосылды және бірінші өнеркәсіптік тоқ берілді.
1996 жылы желтоқсанда кәсіпорын Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы ашық акционерлік қоғамы болып қайта құрылады.
Қала энергетиктері 2001 жылдың басынан электр қуатының сағатына 5.580.7 миллион киловатын және жылу энергиясының 612,0 мың гекакалориясын өндірді.
Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Президиумының 1961 жылғы 23 қазанда Ермакқа облысқа бағынатын қала мәртебесі берілген Жарғы шықты. 1992ж. Ермак ауданы Ақсу ауданы болып аталатын болды.
Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі Президиумының 1993 жылғы 4 мамырдағы ТН№ 2189-ХП Қаулысы негізінде Ермак қаласы Ақсу қаласы деп атын өзгертеді. Бірнеше жылдан кейін 1997 ж. 9 шілдесінде облыс әкімінің шешімі бойынша Ақсу ауданының бұрынғы территориясы Ақсу қаласының шекарасына ауылдық аймақ ретінде, ауыл округітері мен Қалқаман поселкесі Ақсу қаласы әкімшілігінің қарамағына берілді.
Қазіргі Ақсу - Павлодар облысының өнеркәсіптік, ауылшаруашылық және мәдени қаласы.
Қала тұрғындарының саны - 70300 адам, оның ішінде 27 мыңнан астамы ауыл тұрғындары.
Қ.Сәтбаев атындағы «Ертіс-Қарағанды» арнасы біздің қаламыздың аса маңызды стратегиялық объектісі болып табылады. «Ертіс-Қарағанды» арнасы - Қазақстанның орталық және солтүстік бөлігін суға қандырып әрі асырап отыр.
Қаланы Қазақстанның солтүстік және оңтүстік бөлігімен байланыстыратын «Ақсу-Дегелең» темір жолының ашылуана арналған салтанатты жиынға Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қатысуы Ақсу қаласы үшін тарихи оқиға болды. Ал темір жол вокзалының жаңғырып, қалпына келтірілген ғимараты қаланың көз тартарлық көрнекті орнына айналды.
2000 жылы қазақ гимназиясының ашылуы ерекше мәні бар оқиға болды.
Мәдениет және демалыс саябағы, Мәдениет сарайы, ауылдық жерлердегі мәдени орталықтар қала тұрғындарының демалу орны болып табылады.
2009 жылы жаңа поликлиника, 2010 жылы №2 қазақ мектебі ашылды.
2011 жылдың қыркүйек айында Ақсу қаласының 50 жылдық мерейтойы.
Ақсу - еңбекқұмар, ізгі ниетті және қонақжайлы адамдардың қаласы. Қала тұрғындары өздерінің сүйікті қалаларын көздің қарашығындай сақтаумен бірге, оның тұрақты болып, гүлденетініне зор сеніммен қарайды.
© С. Торайғыров атындағы Павлодар облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы 2011ж. www.pavlodarlibrary.kz