Баязитов Сүлеймен
(1944–2020)
Павлодар ауданы
Ақын Сүлеймен Баязитов 1944 жылы 2 желтоқсанда Павлодар облысы Баянауыл ауданында, Шанин ауылында дүниеге келген. Большевик орталау мектебін, Шөптікөлдегі механизация училищесін бітірген.
1960 жылы Павлодар зооветтехникумын бітірген. 1963-1967 жылдары әскер қатарында қызмет атқарған. 1984 жылы Қарағанды Мемлекеттік Университетінде қазақ тілі мен әдебиет факультетін бітірді.
1962-1963 жылдары алғашқы жазған шағын әңгімелері, өлеңдері «Тың өлкесі» газетінде жарық көрген. Шығармалары облыстық «Қызыл Ту» (Сарыарқа самалы), республикалық «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті», «Дала дидары» газеттерінде, «Балдырған», «Жалын», «Жұлдыз», «Ұлағат», «Сарыарқа», «Ара» журналдарында жарияланған. Республикалық «Жалын» баспасынан «Бастау» атты жыр жинағы шықты. «Жыл он екі ай» атты жинақта өлеңдері жарияланды. 1967-1997 жылдары «Жеңіс» («Баянтау») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, 1997 жылдан 1999 жылға дейін облыстық «Сарыарқа самалы» газетінде тілші қызметін атқарады.
С. Баязитов 2007 жылы №1 «Абай» журналында «Өз Абайым, өз ақыным» атты шығармасында Абай Құнанбаевтың, Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылықтарына арнап мақала жазды.
Жазушы шығармашылығындағы басты жанр - әңгіме, повесть, өлеңдер мен сатиралық шығармалары. С. Баязитовтың алғашқы «Бастау» өлеңдер жинағы «Жалын» баспасына жарияланды. Содан кейінгі жылдары «Тамыздағы тамық» повестері, «Жасыбай батыр», «Арылу», «Көлеңке» әңгімелері жарық көрді. 18 ғасырда өмір сүрген қазақтың әйгілі батырларының бірі Ер Жасыбай туралы 2004 жылы Сүлеймен Баязитовтың «Жасыбай батыр» атты жинағы шықты.
Жазушының «Құдіретті күшті бір Алла» жинағының 1 бөлімі құдіретті күшті бір Аллаға табыну, ауыл адамдарының дінге көзқарасы, табиғаттың сырларына байланысты өлеңдер мен әңгімелерден тұрады. Ал «Сақалымда май жоқ па?» атты екінші бөлімінде ауыл тұрғындарының қызғылықты өмір тіршілігі суреттелген. Жинаққа енгізіліп отырған шығармалардың біразы облыстық «Сарыарқа самалы», республикалық «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Ара», «Жұлдыз» журналдарында жарияланған.
Жазушының кіші жастағы балаларға арналған «Таңбалы тас үңгірі», «Бөріқұлаған», «Содыр шал, Алшын, Көк бөрі» ертегі, аңыз поэмалары жарыққа шыққан.
Сүлеймен Баязитов Қазақстан Республикасының Жазушылар одағының және Журналистер одағының мүшесі.
Әдебиеттер:
Баязитов С. Бастау: өлеңдер. - Алматы, Жалын. - 1979. - 31 б.
Баязитов С. Құдіреті күшті бір Алла. - Павлодар. - 2004. - 76 б.
Баязитов С. Жасыбай батыр. - Павлодар. - 2004. - 58 б.
Баязитов С. Хан ием. - Павлодар, 2005. - 53 б.
Баязитов С. Елсіздегі елес. Павлодар, 2005
Баязитов С. Жаралы жердің жанары, 1 - кітап: Тамыздағы тамұқ. - Павлодар: ЭКО. - 2006. - 158 б.
Баязитов С. Жаралы жердің жанары, 2 - кітап: Сергелдең. - Павлодар. - 2006. - 158 б.
Баязитов С. «Көне қазақтың» қыңыр қисыны. - Павлодар: ЭКО, 2007. - 30 б.
Баязитов С. Малайсары батырдың соңғы әзілі. - Павлодар: ЭКО, 2007. - 104 б.
Баязитов С. «Пайымдау». - Павлодар: ЭКО. - 2007
Баязитов С. Мәшһүртану өрісі. - Павлодар: ЭКО. - 2009
Баязитов С. «Бәлду бәлду бәрі өтірік». - Павлодар: ЭКО. - 2010
Баязитов С. «Қызылтау Желтау аясы». - Павлодар: ЭКО. - 2010
***
Украинада сайт. http://cyle84.uol.ua
Электронная почта. Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript
El.kz>Muxit
Азамат жолы - Сүлеймен Баязитов - Әңгімелер / Мақалалар - Bilim - All http://bilim-all.kz/article/4303-Azamat-zholy
СҮЛЕЙМЕН БАЯЗИТОВ http://coogire.blogspot.ru
Suleymen Bayazitov: Азамат жолы https://suleymen44.blogspot.com/p/blog-page_670.html
Proza.kz Сүлеймен Баязитов
Поэмбук. https://poembook.ru/id88958
Сулеймен Баязитов. Переводы Международная федерация Русскоязычных писателей. rulit.org
Сүлеймен Баязитов - Хан ием. - Видеохостинг Timba.kz http://timba.kz/videos/suleymen-bayazitov-han-iem
Gonza.kz Muxit Bayazitov
Айтмұханбет Тұрышов - Сүлеймен Баязитов туралы Казахстанский видео хостинг. Видео онлайн. Звезды казахстана. Клипы. Сериалы. https://kaztube.kz/video/231861
YourVision. https://yvision.kz/post/707046