Дәуренбек Мұхамеджан Құрманғалиұлы
(1935 - 2011)
Павлодар ауданы

Мұхамеджан Құрманғалиұлы Дәуренбек 1935 ж. Қостанай облысы, Әулиекөл ауданында, Сұлукөл кеңшары Қарағансай ауылында дүниеге келген.
1958 жылы Алматыдағы қазіргі Әль-Фараби ұлттық университетінің филология факультеті журналистика бөлімін бітірген соң баспа орындарында (Павлодар облыстық «Қызыл Ту», тың өлкелік «Тың өлке», зейнеткерлікке шыққаннан бері Павлодар аудандық газеттерінде) жиыны 52 жыл еңбек еткен. Ондаған жылдар республикалық сатиралық «Ара» журналының штаттан тыс тілшісі қызметін қатар атқарды.
Облыстық газетте алты мәселені қамтыған мәдениет бөлімін ширек ғасыр меңгерген. Кезінде өмір талап еткен, теңдесі жоқ төкпе айтыстың ақтаңгері Иса Байзаковтың дәстүрін жаңғырту ісіне мол үлес қосты.
Облыста бау-бақша өсіруді тұңғыш қолға алып, бағбан атанып, бұл шаруа жайлы газет арқылы насихат жүргізді. Өзінен кейінгі жастардың арасынан 30-дан аса шығармашылық бұлақ көздерін ашқан, қазір олар өздері таңдаған қаламгерлік істерін жалғастыруда.
Шығармашылық еңбегі: «Өнердің алтын тәжі» (2006), «Рухани құтхана» (2008) Орталық мешітіміз жайлы, Облыстық «Сарыарқа» газетінің 80 жылдығына орай «Замандастарым, қаламдастарым» (2009), 75 жылдық өмір белестеріне орай және Республикамыздың 20 жылдығына арнап «Ой түбінде жатқан сөз» шығармалар жинағы баспадан, негізінен өзінің қаржысына бастырылып шығарылды.
Әлде де облыста өткізілетін игі шаралар (айтысқа төрелік жасау, өнер байқауларына сарапшылық көрсету істеріне араласып келеді.
Әдебиеттер:
Дауренбек М. Өнердің алтын тәжі. - Павлодар: ЭКО, 2006. - 332 б.