Құтпанұлы Иманжүсіп
(1863-1929)
Ақсу қаласы

Қазақтың халық композиторы, әнші ақын Иманжүсіп Құтпанұлы 1863 жылы Павлодар облысы Ақсу ауданында дүниеге келген.
Иманжүсіп жас кезінен-ақ жырға, шешендік сөзге құмар боп, сал серілер дәстүрін ұстап, саятшылдық құрып, балуан атанды. Ол суырып салма ақын болған. Өмірден көрген, білгендерін әнге қосып айтқан. Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Мәди әндерін тамылжыта шырқаған. Жарылғапберді, Естай т.б. әншілермен дос, сырлас болған. Ал, Жаяу Мұса Иманжүсіппен талай рет жүздесіп, ақыл - кеңес беріп, оған өлең де арнаған.
Иманжүсіп Құтпанұлы Ертіс бойында талай рет қуғынға ұшырап, Ақмолаға келеді. Мұнда да әкімдердің зорлық-зомбылығына, әділетсіздігіне шыдамай оларға шығарған өткір өлендерін айтады. Одан да қуғынға түсіп, 1905-1912 жылдары Өскеменге, 1914 жылы Жетісу жеріне айдалады. Шұбарағаш, Ойжалау, Лепсіде тұрады. Өмірінің қалған уақытын Сарыарқада өткізеді. Иманжүсіп Жаяу Мұса, Мәди сияқты әділет, теңдікті жырлаған күрескер әнші.
«Сармойын», «Бұқылы мен тақылы», «Ішім өлген дүниеай, құр сыртым сау», «Әкем Құтпан болғанда, ағам Шоқай», «Қысыраттың үйірі жирен ала», «Мен қалайша жалғанда тұрақтайын» т.б. әндері әр әншінің азаматтығын танытады. Оның әндерін А.В. Затаевич, Қ. Байсейітов, Иса Байзақовтар нотаға түсірткен. «Сармойын» іні Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсында (Бекежанның ариясы) пайдаланылады. Әндерін Қ. Байбосынов, Ж. Кәрменов т.б. әншілер орындайды. Иманжүсіптің әндері мен өлеңдері ел аузында сақталған.
Әдебиеттер:
Ақышев З. Иманжүсіп: Роман. Түзетіліп, толықтырылып екінші басылуы. - Алматы, «Жібек жол», 2003. - 416 б.
Жеті ғасыр жырлайды. Екі томдық: XІY ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары / құраст. Е.Дүйсенбайұлы, суретші Т.Мұқатов. - Алматы: Жазушы - Т.1: XІY ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары. - 400 б.; Т.2: XІY ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезіне дейінгі қазақ ақын-жырауларының шығармалары. - 2008. - 528 б.
Иманжүсіп Құтпанов // Ай, заман-ай, заман-ай... (Бес ғасыр жырлайды). 2 т. - Алматы, 1991. - 2т. - 315 - 320 б.
Иманжүсіп Құтпанов // Бес ғасыр жырлайды. - 2 т. Алматы, 1989. - 315 - 319 б.
Иманжүсіп Құтпанов. - «ЭКО» ҒӨФ, 2003. - 158 б.
Иманжүсіп Қ. Өлендер // Қазақ поэзиясының антологиясы. - Алматы, 1992. - 148 - 153 б.
Иманжүсіп Құтпанұлы // Қазақ ССР: Қысқаша энциклопедия. - 4 т. - Алматы, 1989. - 4 т. - 276 б.
Құтпанұлы Иманжүсіптің туғанына 140 жыл // Павлодар облысында 2003 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер: Әдебиеттер көрсеткіші. - Павлодар, 2002. - 60-61 б.