Музалевский Сергей Алексеевич
(1928 - 2000)
Павлодар қаласы

Сергей Алексеевич Музалевский (1928-2000) - журналист, әдебиеттанушы, ақын, археолог, суретші.
1942 жылы он төрт жасар жасөспірім бола тұрып, Талгардағы тігін артелінің бастығы болады (майданға арналған киім-кешектер тікті). Отбасыны асырау үшін (әкесі майданға аттанады, кейін ауыр жарақаттан еңбекке жарамсыз болып қалады) омарташы, тракторист, сырлаушы, тау кенішінде, орман алқабында жұмыс істейді.
1944 жылы майданға дайындалып, таулы-атқыш мектебіне түседі. Алайда соғыс аяқталған соң, мектепті ажыратып тастайды.
Кешкі мектепті, 1955 жылы ҚазМУ журналистика факультетін аяқтайды. Тілшілік қызметі Павлодар қаласында басталады. Ол «Павлодарская правда» газетінің тілшісі, «Звезда Прииртышья» газетінің жауапты хатшысы болып жұмыс істеген.
1956 жылдан бастап археологиялық ескерткіштерді барлаумен айналыса бастайды. Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми кеңесінде тұрып, Облыстық тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамының мүшесі болған.
Павел Васильевтің шығармашылығын алғаш зерттегендердің бірі болған. 1956 жылы Павлодар қаласының әдеби бірлестігін басқарып, бірлестікке Павел Васильев есімінің берілуіне қол жеткізеді. Жыл сайын Васильев оқуларын ұйымдастырып отырған. Әдеби бірлестікті басқара отырып, жас ақындардың өніп келе жатқан талантын қолдап отырған. Оның тырысуымен Павел Васильев атындағы мұражай-үйі ашылды. Мұражайдың мемориалдық тақтасында мына жолдар қағып жазылған: «Ақын Павел Васильевтің есімін павлодарлықтарға С.А. Музалевский ашқан. 1928-2000 жж.».
С.А. Музалевскийдің 70 жылдығына орай «Любовь и тревога» өлеңдерінің кіші жинағы шықты. Ал «Я жадно жег костёр души...» жинағы ақын қайтыс болғаннан кейін Виктор Семерьяновтың редакциясымен шыққан.
С.А. Музалевский суретші ретінде де белгілі болған. 1960-70 жылдары оның салған суреттерінің көрмесі өткізілген. Музалевский көркем шығармашылығы Павлодарда өте танымал болған.