Поминов Юрий Дмитриевич
Павлодар қаласы

Қазақстанның құрметті журналисті, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Павлодар облысының, Павлодар қаласының және Железин ауданының Құрметті азаматы, жазушы, публицист, Қазақстан және Ресей Жазушылар Одағының, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, 2021 жылдың сәуіріне дейін Қазақстанның өңірлік журналистер одағын (Павлодар облысы) басқарды.
1953 жылы 22 ақпанда Ресей Федерациясының Новосібір облысының Купин ауданында дүниеге келген. 1955 жылдан бастап Павлодар облысында тұрады. Железин ауданының «Михайловский» тың кеңшарында өсіп, мектепті бітірген. 1977 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.
Юрий Дмитриевич Павлодар облысының журналистика саласын дамытуға үлкен үлес қосты. 1977 жылдан Павлодар облыстық "Звезда Прииртышья" газетінде жұмыс істеді. Алдымен корреспондент, редактордың орынбасары, содан кейін 23 жыл бойы бас редактор. 2001 жылдан бастап Инновациялық Еуразия университетінде журналистикадан толық емес сабақ берді. 2016 жылдан бастап Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің доценті.
1990 жылдан 2013 жылға дейін «Нива» қазақстандық әдеби-көркем журналының редакциялық алқасының құрамында болды.
Юрий Дмитриевичтің очерктері, мақалалары, әңгімелері, новеллалары қазақстандық «Просто», «Нива», «Аманат», ресейлік «Журналист», «Огонек» журналдарында жарияланды. Ростов жазушылар ұйымының «южная звезда» альманахында, «Лик земли», «Талант владеть землей», «Отцовское поле», «Книга надежд», «Был случай» және т. б. ұжымдық жинақтарында жарық көрді.
Юрий Дмитриевич жиырмадан астам кітаптың авторы: «Крупяной клин» (1990 ж.), «Помню и люблю» (1993 ж.), «Характеры» (1997 ж.), «Живу» (1998 ж.), «Мои современники» (1999 ж.), «Между прошлым и будущим» (2002 ж.), «Блестки» (2003 ж.), «Хроника смутного времени. Записки редактора» (үш кітап), «Просто жизнь. Записки редактора» (сегіз кітап), «Свет отчего дома» (2011 ж.), «Избранное» (2011 ж.), «Друзей мои прекрасные черты» (2013 ж.), «Блестки» (екінші басылым, 2014 ж.), «Что пройдет, то будет мило» (2014 ж.), «Как я был…» (2018 ж.), «Блестки» (үшінші басылым, 2020 ж.)
Юрий Дмитриевич - Қазақстан Журналистер одағы сыйлықтарының, «Қазақстан әдебиеті-2000» байқауының, Геннадий Толмачев атындағы сыйлықтың («Қазақстан Республикасының орыс тілді газетінің үздік редакторы» номинациясы) бірнеше мәрте лауреаты, Василий Песков атындағы «Лучший редактор Казахстана» дипломының иегері, (республикалық редакторлар клубының наградасы), «Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамоталарымен, мерейтойлық медальдармен, «Облыс алдындағы еңбегі үшін» белгісімен марапатталған, Ресей Федерациясы Журналистер Одағының Новосибирск облыстық ұйымының бірінші, екінші және үшінші дәрежелі «За заслуги перед отечественной журналистикой» орденімен; «Қазақстан Журналистер одағына 50 жыл» медалімен; «Золотое перо России» медалімен; Ресей Жазушылар одағы басқармасының Құрмет грамотасымен; Ресей Журналистер Одағының «За заслуги перед профессиональным сообществом» Құрмет белгісімен марапатталған.
Ю. Поминовтың сайты: www.ypominov.ru
***
Поминов Ю. Д. Крупяной клин / Ю. Д. Поминов. – Алма-Ата: Кайнар, 1990. – 152 с. – (Передовой опыт - всем!)
Поминов Ю. Д. Помню и люблю... / Ю. Д. Поминов. – Павлодар: Тривиум, 1993. – 93 с. – (Павлодар литературный)
Поминов Ю. Д. Характеры; Блестки; Лики эпохи / Ю. Д. Поминов. – Павлодар: Имидж мастер, 1996. – 92 с.
Поминов Ю. Д. Живу: новеллы и зарисовки / Ю. Д. Поминов. – Павлодар: ЭКО, 1998. – 352 с.
Поминов Ю. Д. Мои современники: Несвоевременная книга / Ю. Д. Поминов. – Павлодар: ЭКО, 1999. – 213 с.
Поминов Ю. Д. Между прошлым и будущим / Ю. Д. Поминов. – Павлодар: ЭКО, 2002. – 376 с.
Поминов Ю. Д. Хроника смутного времени: записки редактора / Ю. Д. Поминов. – Павлодар: Дом печати, 2007. – 784 с.
Поминов Ю. Д. Избранное / Ю. Д. Поминов; Павлодарский государственный университет им. С. Торайгырова; гл. ред. Е. М. Арын. – Павлодар: ЭКО, 2011. – 224 с. – (Кереку-Баян кітапханасы)
Поминов Ю. Д. Свет отчего дома: избранное / Ю. Д. Поминов. – Павлодар: Дом печати, 2011. – 286 с.
Поминов Ю. Д. «Друзей моих прекрасные черты ...» / Ю. Д. Поминов; Павлодар облысының әкімдігі. – Экибастуз: Вестник; PrimaLux, 2013. – 304 с.
Поминов Ю. Д. Просто жизнь...: записки редактора: кн. 4 (январь 1998 года - декабрь 2000 года) / Ю. Д. Поминов. – Павлодар: Дом печати, 2013. – 904 с.
Поминов Ю. Д. Блестки / Ю. Д. Поминов. – 2-е изд., доп. – Павлодар: Дом печати, 2014. – 242 с.
Поминов Ю. Д. Что пройдет, то будет мило: очерки и рассказы / Ю. Д. Поминов. – Павлодар: Дом печати, 2014. – 288 с.
Поминов Ю. Д. Просто жизнь...: записки редактора: кн. 5 (январь 2001 года - декабрь 2003 года) / Ю. Д. Поминов. – Павлодар: Дом печати, 2015. – 802 с.
Поминов Ю. Д. Просто жизнь...: записки редактора: кн. 6 (январь - декабрь 2004 года) / Ю. Д. Поминов. – Павлодар: Дом печати, 2017. – 324 с.
Поминов Ю. Д. Как я был... / Ю. Д. Поминов. – Павлодар: Дом печати, 2018. – 364 с.Поминов Ю. Д. Просто жизнь...: записки редактора. Кн. 7: январь-декабрь 2005 года / Ю. Д. Поминов. – Павлодар: Дом печати, 2019. – 304 с.
Поминов Ю. Д. Просто жизнь...: записки редактора. Кн. 8 : январь 2006 - декабрь 2008 года / Ю. Д. Поминов. – Павлодар: Дом печати, 2020. – 570 с.
Поминов Ю. Д. Блестки / Ю. Д. Поминов. – 3-е изд., доп. – Павлодар: Дом печати, 2020. – 310 с.
***
Поминов Ю. Табандылық танытып : [Еңселі басшы, мемлекет және қоғам қайраткері, талантты ақын, публицист Борис Исаев жайлы] // Сарыарқа самалы. – 2012. – 7 маусым. - 7 б.
***
Әділбек А. Әріптестеріне берері көп: [Инновациялық Еуразия университетінде еліміздің танымал, журналисі һәм публицисті, облыстық "Звезда Прииртышья" газетін көп жылдар бойы басқарған қаламгер Юрий Поминовтың шығармашылық шеберханасы ашылды] // Сарыарқа самалы. - 2013. – 5 ақпан. - 3 б.
Баязитов С. Қуатты қаламгер: (Жазушы Юрий Поминов) // Найзатас. – 2018. - №1. - 90 - 101 б.
Есімханова А. Жаңа туынды: (Елімізге танымал журналист, "Звезда Прииртышья" газетінің шолушы-редакторы Юрий Поминовтың "Просто жизнь..." атты кезекті кітабының тұсаукесері өтті) // Сарыарқа самалы. – 2013. – 21 ақпан. - 24 б.
Жайықбаев Н. Толысқан Поминов: [Белгілі журналист - жазушы Юрий Поминовтың 60 жасқа толуына орай шығармашылық кеш өтті] // Сарыарқа самалы. – 2013. – 26 ақпан. - 3 б.
Қонағымды қазақша ет асып қарсы аламын: [Журналист, жазушы Юрий Поминовпен сұхбат]. ; әңг. Нұрбол Жайықбаев // Сарыарқа самалы. – 2013. - 7 ақпан. - 7 б.
Мұратов Б. Жаңа кітаптың тұсаукесері: [С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада Юрий Поминовтың "Хроника смутного времени" кітабының тұсаукесері болды] // Сарыарқа самалы. – 2009. – 7 қараша. – 5 б.
Сахаба Т. Өмір өрнектері: (Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, облыстық "Звезда Прииртышья" газетінің шолушысы, белгілі қаламгер Юрий Поминовтың "Как я был..." атты жаңа жинағы жарыққа шықты) // Сарыарқа самалы. – 2018. - 22 ақпан. - 20 б.